Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер елінде

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегілер туралы сайыс.Баланың тілін дамыту үшін "Бала тілі - бал" бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертегілер елінде

Мақсаты: 1.Балаларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру.
2.Есте сақтау қабілеттерін арттыру,өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу.
3.Алғыр,ізденімпаз,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кітаптар,ертегінің суреттері,т.б.

Жүру барысы:
Құрметті қонақтар,бүлдіршіндер! Бүгінгі Қызыл телпек ертегісі желісімен ұйымдастырылған «Ертегілер елінде»атты сайысына қош келдің»атты сайысына қош келдіңіздер. Бәріміз де кішкентайдан әжелеріміздің ертегілерін тыңдап өстік.Міне,бүгін біз ертегілер әлеміне саяхат жасамақпыз.
Жүргізуші:
Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.
Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы.Ертегіні сүйіп тыңдайтын,сүйіп айтатын балалар. Ертегі арқылы жақсы мен жаманды айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз.Ертегілер еліндегі саяхат 4 кезеңнен өтеді. Саяхат барысында тапқырлығымызды, алғырлығымызды, білімімізді сайысқа түсіреміз.
Ертегілер еліне саяхатымызды бастайтын жүргізушілермен танысайық.

Інжу Марданқызы

Әсел Болатқызы


II.Сайыстың бағдарламасы
1.Таныстыру.
2. «Кім ойшыл?»(кез келген ертегіден үзінді оқылады,бала жалғастырады.)
3. «Кім шапшаң?»(ертегіден үзінді жіберіледі,ертегінің атын табу)
4. «суретті белгіле»(тапсырмаға сәйкес суреттерді бояу)

Ал,халайық,ықыласпен демелік
Топтардың өнерлерін көрейік
Білімі мен тапқырлығына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берелік-дей келе әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.Сауле Сатыбалдықызы

2.Гүлсім Бақытқызы

3.Гүлфара Бисенқызы


Бұл сайысқа 2 топ мүшелері қатынасады.
1-топ «Қызыл телпек»
2-топ «Қасқырлар»

1.Таныстыру.
- Топ мүшелері өздерін таныстырады.

«Қызыл телпек»тобы-Кәусар-топ басшысы

Қасқыр бізді алдап кетті

Адастырды,шатастырды

Есемізді алу үшін,

Келіп тұрмыз бұл сайысқа
«Қасқырлар» тобы

Аш қасқырмыз, қасқырмыз

Әже болып киіндік

Сендерді біз алдадық

Адастырып жолдарыңнан

Келмесе егер отыншы

Жарылмас еді қарнымыз.

ІІ кезең. «Кім ойшыл?» Бұл кезеңде кез-келген ертегіден үзінді оқылады.

  1. «Үш жалқау» ертегісі. Ерте-ерте ертеде үш жалқау болыпты.Орманда келе жатып...

  2. «Қияр мен қырыққабат» ертегісі. Ертеде қияр мен қырыққабат болыпты. Екеуі дос болыпты. Бір күні.....

  3. «Арыстан мен тышқан» Ертеде бір арыстан орманда ұйықтап жатады. Оның үстінен секіріп бір тышқан ойнап жүреді......

  4. «Арыстан мен түлкі» Аң патшасы арыстан сырқаттанып қалады. Аңдарды бұрынғысынша аулай алмайды. Аңдарды енді айламен аулауға кірісіпті.....

ІІІ кезең. «Кім шапшаң» Ертегіден үзінді жіберіледі. Ертегінің атын табу.

  1. Алдар көсе мен он тақия

  2. «Шалқан» ертегісі

  3. «Мақта қыз бен мысық»ертегісі

  4. «Үш аю» ертегісі

  5. «Құйыршық» ертегісі

IV кезең. Суретті белгіле.



Осымен сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Әділқазылардан сайыс қорытындысын сұраймыз.

«Ертегілер елінде» атты сайысқа қатысып, ертегіні ең жақсы мазмұндағаны үшін ---------------марапатталады.

Тапқырлығы үшін, Алғырлығы үшін, Суретті жақсы бояғаны үшін, Белсене қатысқаны үшін,

Ертегі деген бір әлем,

Қиялың қанат қағатын.

Ертегі деген бір әлем,

Арманның өзін табатын дей келе «Ертегілер елінде» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кезекті «Баламен бетпе-бет» бағдарламасына береміз.

Ел аузында Алдар көсе туралы аңыз көп. Алдар тек сараң байларды алдап қарапайым адамдарға көмектескен. Егер ол біздің бағдарламамызға келсе, тек шындықты айтар еді. Алдар көсе кішкентай балаларды алдамайды. Мен оған сенімдімін. Бүгінгі біздің бағдарламамыздың кейіпкері Темірлан.

Бұл бала талапты, айтар ойы бар. Бірге тамашалайық.

-Қош келдің Темірлан.Сен нешедесің Темірлан?

-Отбасында қанша адамсыңдар?

-Сені қалай еркелетеді?

-Сені ұйқыдан кім оятады?

-Ұйқыдан тұрғасын не істейсің?

-Үйде бұзық боласың ба?

-Бастық деген кім?

-Бастық деген қандай болады?

-Сіздің үйде кім бастық?

-Мысық пен тышқан футбол ойнаса кім жеңеді?

-Сиырларды неге қораға қамап қояды?

-Сенің тобыңда кімнің бойы ұзын?

-Бойы ұзын болу үшін не жеу керек?

Жарайсың Темірлан. Қолтаңбаңды қалдырып қалаған ойыншығыңды ала ғой. Рахмет

Егер мен алтын балық ұстап алып қандай тілек тілер едің десе барлық баланың арманы орындалса екен деп тілер едім. Біздің бүгінгі қонақтарымыздың Алтын балыққа айтар қандай тілегі бар екен. Келесі сұлу қыздың есімі – Айзере. Әдемі киініп жүргенді жақсы көреді. Айзере қош келдің біздің бағдарламаға.

-Сенің жасың нешеде?

Сен балабақшаға кіммен келесің?

-Қуыршақтар сөйлеу біледі?Жүру біледі ме?Сен қуыршақ ойыншықтарыңды достарыңа бересің бе?

-Топырақтарды көп жинаса тау бола ма?

-Біздің ауылда осындай таулар бар ма?

-Тау қандай болады көрсетші.

-Анаң әдемі көйлек алып берсе кімге көрсетесің?

-Оны қайда киіп барасың?

-Сен ән айту білесің бе?

-Қане бірге ән айтайық.

-Сенің үйіңде кәмпит көп пе?

-Кәмпиттер қайда тұрады?

-Балалардың тісі не үшін түседі?

-Рахмет,Айзере.Қолтаңбаңды қалдыра гой,Сыйлықтарыңды ала ғой.

Балалардың қиялында қандай қызық барын білгіңіз келсе бізбен бірге болуға шақырамын. Біздің келесі бүлдіршініміз кім екенін таныс болайық. Есімі – Санжар.

-Сенің атыңды кім қойды?

-Сені қалай еркелетеді?

-Сенің отбасыңда қанша адам бар?

-Сенің нағашыларың қайда тұрады?

-Шымкентке барып көрдің бе?

-Немен барасың?

-Пойыздың дыбысын салып берші?

-Сен ата-анаңа көмектесесің бе?

-Өскенде кім боласың?

-Үйде ең бұзық кім?

- Бұзық болма деп кім айтады?

-Әкеі атаңның баласы ма?

-Сен кімнің баласысың?

-Батыр болсаң не істейсің?

-Сен өтірік айтасың ба?

-Үйде ақша көп пе? Қайда жасырады?

Рахмет Санжар. Қолтаңба қалдырайық.

Келесі кішкентай сұлу қызымыз – Диана. Ол өте жақсы билейді. Балабақшамыздың ең жақсы тәрбиеленушілеріміздің бірі. Қолтаңбасы да ерекше.

-Қош келдің Диана.

-Сен билей аласың ба?

-Қане билеп берші.

-Бәрекелді жарайсың. Кім үйретті?

-Сен кімнің қызысың?

-Қандай ертегі білесің?

-Сенің мамаң үйде торт пісіре ме?

-Сен оған көмектесесің бе?

-Тортты қалай пісіреді?

-




.


















Суреттердің ішінен «Қызыл телпек» кейіпкері әжені боя



Суреттердің ішінен «Қызыл телпек» кейіпкері әжені боя





























Shape1















































Shape2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2018
1452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі