Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ертегілер елінде" Жаңа жылдық сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл кешіне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мақта қыз бен мысық» атты 2018  жаңа жылдық ертегінің сценарийі


Қатысушылар:

1. Мақта қыз: Берентаева Э.Қ – 4 Г класс жетекші

2. Мысық :Түгелбай Анар 4 Д класс оқушысы

3. Аяз ата: Махамбетов Е

4. Ақшақар:Дүйсенбина А

5. Рапунцель:Ибрагим Нұрщат 4 Д класс оқушысы

6. Жын: Қитжанов Мағжан 4 Д класс оқушысы

7. Клоундар:Берденов Нұркел 4 Г класс оқушысы, Әмитов Айдос 4 Д класс оқушысы

8. Алдар көсе: Ниеталин Әзиз 4 Г класс оқушысы

9. Мыстан кемпір: Мұхамедалиева А.С

10. Тауықтар: Артықбай Д.М- 4 Д класс жетекшісі Дүйсенбина Ұ 4 Г класс оқушысы

11. Ит : Жолдыбаев Ж- 4 Г класс оқушысы

12. Ертегі киіпкерлері: 4Д,Г класс ата-аналары

01 Ән: Ертегілер елінде.

( Шыршаны айнала ертегі киіпкерлері ата-аналар билейді)


(Балалар кіріп, шыршаны айнала тұрады)

02 Хоровод: Зырлайды шанамыз

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не біз үшін?

Шыныққан баламыз.

Зырлай түс ақ шана,

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос басқа да,

Шаршайтын біз емес.


03(әуен ойналып тұрады, сахна сыртында мыстан кемпірдің даусы естіледі.)

Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендендіріп мәз мейрам боп жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар.Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде адасып кетеді. Ха ха –ха

Жақсылыққа келтіртпеймін

Жаңа жылға жеткізбеймін

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ жалғанда

Ха-ха –ха. Хи-хи-хи


04 (музыка ойналады, жүргізуші шығады.Мақта қыз)

Мақта қыз: Мысығым- мысығым сен қайдасың? Мен сені іздеп жүрмін. Аааа міне жатыр екенсің ғой. Қане, келші бері.

(мысық шығады)

Мысық: Сәлем балалар, қош келдіңдер! Қандай адемі болып құлпырып кеткенсіңдер ?!

Мақта қыз: Мысығым сен білесің бе жаңа жылда келіп қалды. Осы жерге көптеген қонақтар ,әдемі киім киген балалар келді. Олар осы жерде бізбен бірге жаңа жылды қарсы алады. Өте тамаша болды ,солай емес пе, мысығым?!, Саламатсыңдарма, балалар. Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Жылға шашу шашамыз

Тойлап көңіл ашамыз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билеп ән саламыз


Мақта қыз: Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата, Ақшақар

Біз сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға

Ал, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шықырайық. Кәнекей бірге

Аяз ата, Ақшақар 3 рет

Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келгенше ән шырқап, көңіл көтерейік!

05 Хоровод. "Аппақ аппақ жапалақтап"

Аппақ, аппақ, жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О, алақай Аяз ата

Келіп қалды алыстан.

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын Жаңа жыл!

06 (Жәй баяу, мұңды әуен ойналып Ақшақар шығады)

Мақта қыз: Ақшақар не болып қалды, неге көңілсізсің? Бүгін мереке ғой.

Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз ата екеуміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайын деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді жан жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді мен Аяз атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін


Мақта қыз: Ақшақар қайғырма, мұңайма. Көз жасыңмен қайғыңды жеңе алмайсың. Қарашы міне біз көппіз. Аяз атаны табуға көмектесеміз. Олай болса балалар, Ақшақардың көңілін көтерейік.

Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

07 Би. "Ақшақарлар биі"


Мақта қыз: Ал балалар Аяз атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден өтуден қорықпаймыз ба-? Ендеше қол ұстасып, Аяз атаны табу үшін басқа да ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Кәнекей кеттік.

08 ( Әуен ойналады, балалар кете бастағанда шыршаны айналып мыстан кемпір жүгіреді.)


Мыстан кемпір:Тоқта, тоқта, қайда асығасыңдар! Қайда барасыңдар, Сендер менен рұқсат сұрамадыңдар ма-? Мен жүз мыңдап ертегілер елінде өмір сүрем, сендерді ол жерге кіргізбеймін. Естідіңдерме ............

( Жарық өшеді, мыстан кемпір ғайып болады)


Мысық: Бұл не сұмдық! Сен бізді қорқыта алмайсың. мыстан кемпір. Біз бәрібір Аяз атаны табамыз.. Солай емеспе балалар! Бірақ шыршамыз жанбай қалды ғой, қараңғыда адасып кетуіміз мүмкін ғой. Енді қайттік.


09(Әуен ойналады, Рапунцель шығады.)

Мақта қыз: Сәлеметсізбе сұлу қыз. Атыңыз кім болады.


Рапунцель: Сәлеметсіздерме балалар! Мен ертегілер әлеміндегі ханшайым Рапунцельмін. Неткен бәрің әдемісіңдер, сәнді киініпсіңдер . Бірақ неге мұңсызсыңдар.


Мақта қыз:  Рапунцель бізде қиын жағдай болып тұр. Мыстан кемпір меркемізді бұзып, шыршамыздың жарығын сөндіріп, бізді басқа да ертегілер еліне кіргізбеймін деп қорқытты. Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе жаңа жылымыз басталмайды.


Рапунцель: Достар мен сендерге ертегілер еліне тез жетуге көмектесемін.

(шапалақпен жарықты жандырады.)

10 Би. "Қуыршақ" биі


Рапунцель:Міне достарым біз енді ертегілер еліндеміз.


Мысық: Рапунцель орманның іші қараңғы, көңілсіз адасып кетуіміз мүмкін ғой.

Рапунцель: Олай болса шыршадағы жарықты жағайын, жұлдызшалар сендерге жол көрсетсін. Ол үшін сиқырлы сөзді айтып үрлеуіміз керек.

Кәне шырша таңырқат, шамдарыңды жарқырат

(Бәрі бірге қайталайды. Рапунцель сиқырлы таяқпен үрлейді.)

11 (Шыршаның жануына әуен)

1- оқушы Іңкір 4 д

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған


12 Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.


Мақта қыз: Балалар бәрі жақсы болды. Бірақ уақыт тығыз. Жаңа жылда келіп қалды. Әлі алда қаншама ертегілер елі бар. Қалай өтсек болады екен.


Рапунцель: Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге қажет болып қалар. Бірақ есте болсын, шам тек жақсы адамның қолында болуы тиіс, әйтпесе қиын болуы мүмкін.. Ал енді менің уақытым болды. Кетуім керек. Сау болыңдар балалар!

Мақта қыз және балалар : Сау бол, Рапунцель

13 (Әуен ойналады, Рапунцель кетеді)

Мақта қыз: Ой балалар, біз сиқырлы шамды қалай қолданатымызды сұрамадық қой. Енді не істейміз. Сендер білесіңдер ме-?. Қалай қолданамыз. Мына жерге бір нәрсе деп жазалып тұр ғой. Бірақ түсініксіз екен. Қане сүртіп көрейін. Міне, қызық шамның ішінен дауыс шығатын сияқты. (шамды сүртеді.)

14 (Сахнаға әуенмен сиқырлы шамның ішіндегі Жын келеді.)

Мақта қыз: Сен кімсің ?

Жын: Мен Жынмын. Сиқырлы шамның құлымын.

Мақта қыз: Мүмкін сиқыршы шығарсың ?

Жын: Мен сиқыршыданда мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді орындаймын.

Мақта қыз: Құрметті Жын бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр, ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін білмейміз. Аяз- атасыз мереке де басталмайды. Аяз- атаны табуға көмектесе аласың ба ?

Жын: Көмектесейін. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мың жылдап мына шамның ішінде отырып әбден ішім пысты. Бір көңілімді көтерсем деймін. Сендер менімен ойнайсыңдарма ?

Ойын

Жын:Бірлесіп біз шапалақ қағамыз

Бірлесіп біз аяқпен ойнаймыз

Айналамыз, отырамыз.

Бір- бірімізге қараймыз

Кәнекей бірге қайталаймыз 1-2-3


Жын: Ой, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Рахмет сендерге.


15 (Әуен ойналады мыстан кемпір кіреді.)

Мыстан кемпір: Болдыртпаспын. Ертегіге келтіртпеспін.

(шыршаның жанындағы шамды ұрлайды).

Мен енді сиқырлы шамның егесімін. Не қаласам сол болады. Ха-ха-ха. (мыстан кетіп қалады)

Мақта қыз: Міне, қайғы. Енді не істейміз? Сиқырлы шам да, Жын да, көмектесетін ешкім жоқ.


16 ( Әуен ойналады клоундар кіреді)

Клоундар : ООО не деген әсем шырша, қандай әдемі балалар. Мына жерде не болып жатыр балалар?


Балалар: Хормен: Жаңа жыл


Мақта қыз: Саламатсыздарма клоундар! Бізде бүгін үлкен мереке еді. Бірақ біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін біле алмай көңілсіз болып тұрмыз. Мыстан кемпір балалардың жаңа жылды тойлауына кедергі жасап жүр.

Клоундар: Енді түсінікті балалар. Біз сендерді неге көңілсіз деп ойласақ! Біз сендерге көмектесеміз.

17Би: Клоундар биі

Мақта қыз: Клоундар біздің көңілімізді көтергенмен. Аяз атасыз біздің шыршамыздың сәні болмайды. Балалар, енді кімнен көмек сұраймыз.

18 (әуен ойналады, Алдар көсе есекпен ән айтып кіреді)


Мақта қыз: Балалар, келе жатқан кім. Сендер танисыңдар ма ?


Алдар көсе:Охо-о-о, Мына жерде қонақтар көп екен ғой. Барлықтарың қандай әйбатсыңдар. Ой мен өзі қайда келдім? Қандай мереке болып жатыр?


Мақта қыз:Сәлеметсіз бе, Алдар көсе. Бізде жаңа жыл мерекесі. Бірақ Аяз атамыз жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Мыстан кемпір Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесем деп үлгере алмады. Мыстан кемпір сиқырлы шамды ұрлап кетті. Алдар көсе сен өз ертегіңде Аяз атаны көрмедің бе?

Алдар көсе: Жұмбақтап ізденгенше мыстанның өзінен сұрайықта Аяз атаны қай ертегіге тығып қойғанын білейік. Бірақ мен сендердің Мыстанға қарсы тұрып, қорықпай мықты болатындықтарыңа сенімді болуым керек.


Алдар көсе: Ал балалар сендерге көмектесетін уақыт келді. Менің домбырам сиқырлы. Жақсы адамға көмектеседі. жамандарды жазалайды. Кәзір мұны өздерің көресіңдер.(Домбырада ойнайды бәрі билейді, жүгіріп, билеп Мыстан кемпір кіреді.)

19 -20 Ойын: "Попурри" биі


Мыстан кемпір: Бұл не сұмдық. Тоқтат жаныңның барында. Мені шаршаттыңдар. Тоқтат деймін әйтпесе сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.

(Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, мыстан кемпір орындыққа құлайды.)


Алдар көсе: Құрметтім, сен не дедің. Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады? Кәне, балаларға Аяз атаны қайтар.


Мыстан кемпір Ойламаймын да! Болдыртпаймын мерекені! Қане, бәрің үйлеріңе қайтыңдар.


Алдар көсе: Не дедің-? Қап бәлем қоя тұр!


19-20 (домбырасын ойнайды. Мыстан кемпір билейді, Алдар көсеге жақындап домбыраны тартып алуға тырысды.)


Мыстан кемпір:  Жарайды, мен келістім.Аяз атаны қайтарам. Әуенді тоқтадыңдар.

Түф, сүф,сүф, дарадай.

Күйген бақа қапшық ай

Қырғи, тырғи,

Ащысыз, тұссыз

Сыбырлап, сиқырлаймын

Тұздаймын бұрыштаймын.

Айтқанымды орында

Айға апарып тастаймын


Алдар көсе: Не дейсің?


Мыстан кемпір Жәй әзілдедім. Аяз атаны залға шақырып жатқаным ғой.


21 (әуенмен Мыстан кемпір ғайып болады, Аяз ата келеді.)

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата,


Аяз ата: Саламатсыңдар ма балалар!

Армысыңдар қадірлі қонақтар!

Мыстан кемпірді жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рахмет!

Ал балалар Жаңа жылды қарсы алып,

Қуанышпен шаттыққа кенелейік

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Кел жаңа жыл, шық жоғары төрлет төрімізге

Береке бірлік әкел елімізге


Ақшақар: Төрле, төрле құтты жыл

Қуаныштан айтылады әсем жыр

Балалардың бақытында шек болмай

Жүректері қуаныштан толқып тұр.


Ақшақар: Қане, балалар, енді бар өнерлеріңді ортаға салыңдар. Аяз ата шаршағанын бассын.

22 Би: «Аяз аталар» биі


2-оқушы Шерхан 4Г:

Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым


3-оқушы Нұрхан4 Д:

Ақ көңілім айналады аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда

4-оқушы Бекзат 4Г:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

5-оқушы Толғанай 4Д:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

6- оқушы Жасұлан 4Г:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды

7- оқушы Дәулет Б 4Д:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

8- оқушы Толғанай 4Г:

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға 
Мерейін мәртебесін биікке асыр


23. Хоровод «Жаңа жыл»

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Тамаша,Тамаша.

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Көрікті, бөрікті.

Аяз ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.

Қала нұр, дала нұр.

Құтты болсын Жаңа жыл.

Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр.


Ақшақар: Балалар, біз сиқырлы шам туралы ұмытып кетіппіз. Аяз ата, мыстан кемпір сиқырлы шамды ұрлап әкеткен. Егер шам жаман адамның қолына түссе өте қиын болады.


Аяз ата:Бұны болдыртпай, сиқырлы шамды қайтару керек.


Мысық : Қайтаруымыз керек. Бірақ қайда барып, қайдан іздейміз? Мыстан кемпір. Қап әттеген- ай, Менің қалауым мен мыстан кемпір көрін көзіме десең , көрінсе ғой -ә.


Аяз ата: Бұны болдыртуға болады. Ұмытпаңдар! Менде сиқыршымын ғой.

Кәнекей немерем берші маған сиқырлы таяқшамды.

24. боранның дауысы

Желдетіп, борандатып ойнаңдар

Иіліңдер ақ қайынмен шыршалар

Менің барлық орманымның ішінен

Тауып мыстан кемпірді көрсетіңдер

( мыстан кемпір бір бұрышта шамды сүртіп отырады)


Мыстан кемпір: Шық.

Жын:Шықпаймын.

Мыстан кемпір:Шық деймін!

Жын:Шықпаймын.

Мыстан кемпір:Мен шамның егесімін, айтқанымды орындауың керек.

Жын: Әміріңізге құлдықпын.

Аяз ата: Мұнда екенсің ғой Кәне, тез қайтар шамды.

Мыстан кемпір:Ойламаймында! Сендер бәрің қорқатын боласыңдар! Мен шамның егесімін. Не қаласам Жын орындайды. Шыршадағы жарық сөнсін.

Ха-ха-ха.

(Жарық өшеді, мыстан кемпір күліп тұрады.)


Мақта қыз: Аяз ата, жын сендердің сиқырлы күштеріңіз бар гой. Жаңа жылды шақыруға көмектесіңдерші.


Жын: Жаңа жылымыз міндетті түрде болады. Сендер сиқырға өздеріңнің кішкентай сиқыршы екендеріңізге сенесіңдер ме-? Кәнекей, бәріміз алқанымызды үрлесек сол кезде жаңа жылымыз келеді.


25 (Әуен ойналады, шыршаны айналып Ит кіреді,)

Ит:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.


Аяз ата:Қызық дәурен тез өтуде қарасам

Қыза берсін жаңа жылдық тамаша


Мақта қыз:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.


26 Хоровод: «Жаңа жыл»

Көк шыршамыз ырғалып  
Жатыр дала- қыр нағып 
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып ! 
Жарасатын еліме , 
Төрлет жылым төріме ! 
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне ! 
Қайырмасы : 
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! 
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр . 
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! 
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр. 
Шыршамызға шам жағып, 
Қараймыз ғой тамсанып, 
Би билейік , ал кәнекей ән салып ! 
Аяз ата әніміз, 
Ақшақарың сәніміз , 
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз! 
Күлімдесін күніміз , 
Жалындасын жүзіміз , 
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз ! 
Жаңа жылым шаттығым, 
Арайланып атты күн, 
Тілейікші елімізге сәтті күн .!


27 (әуен ойналады, тауық кіреді)

Тауық: Балалар, сендер жаңа жылды көрмедіңдер ме? Мен ескі жылмын.

Мақта қыз: Құрметті ескі жыл! Жаңа жыл бізбен бірге.


Тауық: Сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)


28 Би: Тауық биі

Ит:

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар

Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.


(Балалар өнерлерін көрсетеді.)


9-оқушы Айдар 4 Д:

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

10 – оқушы Есмырза 4 Г:

Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

11-оқушы Арман 4 Д:

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. 


12-оқушы Айымгүл 4 Г:

Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,

Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!

Қазағымның айқара ашып есігін,

Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!

13- оқушы Меруерт 4Д:

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,

Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!

Төрт түлігім түгел болып жерімде,

Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

29Би: Хафанана
Аяз ата: Міне, Жаңа жылымызда келді. Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын. Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Қош, сау болыңдар балалар.

Күлкісімен жеткізіп бабаға сыр

Қуаныштан салады балада асыр

Жұмбақтанып, жаныма жырды ақтарып

Елімізге қош келдің жаңа ғасыр.

Аяз ата және Ақшақар:Сау болыңдар, балалар!

30Би: Қысқы вальс


Мақта кыз:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 Ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!

31 Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл»


Мысық: Сау болыңдар балалар












































Жаңа жыл кешіне оқушылардың қатысымы


Оқушының аты-жөні


Киетін костюмі

Номері

Класс

1

Амангелді Мұхаммед

Аяз ата

Тақпақ

4 г

2

Әділова Альфия

Ақшақар, қуыршақ

Қуыршақ биі

4 г

3

Әли Дильназ

Қуыршақ

Қуыршақ биі, ән

4 г

4

Әбілқайыров Алымжан

Өрмекші адам

Тақпақ

4 г

5

Берденов Нуркел

Клаун

Тақпақ, клаун сөзі

4 г

6

Байжұлдызова Айымгүл

Үнді

Би

4 г

7

Бахиткереев Санжар

Аяз ата

Би

4 г

8

Дүйсенбина Ұлбибі

Қуыршақ

Қуыршақ биі

4 г

9

Ерғазы Еркеназ

Түлкі

Ән

4 г

10

Жамбыл Аят

Сұлтан

Тақпақ

4 г

11

Жолдыбай Жасұлан

Аяз ата

Би

4 г

12

Жанабай Толғанай

Ақшақар

Ақшақар биі

4 г

13

Кеңістік Айбар

Клаун

Тақпақ

4 г

14

Қуаныш Айбат

Мысық

Тақпақ

4 г

15

Мұханбетова Сандуғаш

Ақшақар, қуыршақ

Қуыршақ биі

4 г

16

Мусин Есмырза

Аяз ата

Аяз ата биі

4 г

17

Ниеталин Әзиз

Шириф

Шириф сөзі

4 г

18

Нұралы Бекзат

Аяз ата

Аяз ата биі

4 г

19

Оспанова Аружан

Ақшақар

Ақшақар биі

4 г

20

Тоғызбаева Нұршат

Ақшақар, қуыршақ

Қуыршақ биі

4 г

21

Төлегенов Досымхан

Клаун

Тақпақ

4 г

22

Төлегенова Әдемі

Ақшақар, қуыршақ

Ақшақар биі

4 г

23

Тынымбаев Бақтияр

Бетман

Тақпақ

4 г

24

Ырза Диана

Ақшақар, қуыршақ

Ақшақар биі

4 г

25

Шалқарбай Әлішер

Бетман

Тақпақ

4 г

26

Шарғазин Исмаил

Тауық

Тауық сөзі

4 г

27

Амангелді Шерхан

Аяз ата

Аяз ата биі

4 г
























Жаңа жыл кешіне оқушылардың қатысымы


Оқушының аты-жөні


Киетін костюмі

Номері

Класс

1

Аманғали Меруерт Нұрлыбекқызы

Қарға

Қысқы вальс

2

Аманғалиев Нұртас Қайратұлы

Аяз ата

Аяз ата биі

3

Әмитов Айдос

Едігерұлы

Клоун

Клоун биі

4

Әбдіқалиев Әліби

Мұратұлы

Мысық

Тақпақ

5

Бөкенбаев Дәулет Әсетұлы

Аяз ата

Аяз ата биі

6

Бөлеген Жоламан

Серікұлы

Аяз ата

Аяз ата биі

7

Данабеков Нұрхан Данабекұлы

Аяз ата

Аяз ата биі

8

Жақсыберген Толғанай Жақсыбергенқызы

Қоян

Тақпақ

9

Жалғас Темірлан Рақымжанұлы

Аяз ата

Аяз ата биі

10

Жұмабай Айдар Ануарбекұлы

Қасқыр

Тақпақ

11

Жұмабай Айбар Ануарбекұлы

Аю

Қысқы вальс

12

Ибрагим Нұршат

Ерланқызы

Ақшақар

Ақшақар биі

13

Кеңшілік Іңкар

Кеңшілікқызы

Ақшақар

Ақшақар биі

14

Қитжанов Мағжан Еркінұлы

Жын

Тақпақ

15

Ниеталин Сабыржан Тұрланұлы

Аяз ата

Аяз ата биі

16

Нұрмұханова Сағыныш Қуанышқызы

Үнді

Үнді биі

17

Нұралина Ақмаржан Медетқызы

Ақшақар

Ақшақар биі

18

Өмірбаев Ғибрат Қалыпбайұлы

Клоун

Клоун биі

19

Сайлыбаев Дәулет

Мерекеұлы

Клоун

Клоун биі

20

Сақтағанова Жангүл Көлжанқызы

Үнді

Үнді биі

21

Сұлтанов Сұңқар

Абайұлы

Аю

Тақпақ

22

Серік Әділжан

Еркінұлы

Черепашка

Тақпақ

23

Торғаев Дарын

Жеңісұлы

Бетман

Тақпақ

24

Түгелбай Анар

Талғатқызы

Ақшақар, қуыршақ

Ақшақар биі

25

Уразбаев Арман Жандауренұлы

маймыл

Тақпақ





























Шыршаның шамдары жанып тұр, балалар залға кіреді.


Жүргізуші: Бізге тағы да сиқыр мен тосын жайттар, шытырман оқиғалар мен сыйлықтарға толы Жаңа жыл мерекесі келіп жетті.

1-бала: Жаңа жыл шыршасы жанады,

Қызыққа адамдар батады.

Сиқырға сенетін адамға,

Жаңа жыл есігін ашады.

2-бала: Жаңа жыл қызығын тойлайық,

Қуаныш өзара сыйлайық.

Бұл залға жиналған барша жұрт

Би билеп, ән айтып, ойнайық!

3-бала: Бөленіп мол әнге, мол жырға.

Жаңа жыл шыршасы жарқыра,

Достарды мейрамға шақырып,

Арманын олардың орында.

«Жаңа жыл» әні

Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл келіп жетті, біз міне, ән айттық, тақпақ айттық, бірақ мерекеміз әлі көңілсіз. Себебі, залымызда Ақшақар жоқ. Кәне, бәріміз Ақшақарды шақырайық. Ақшақар қайдасың?

Балалар Ақшақарды шақырады.

Музыка ойнайды. Ақшақардың орнына Мыстан Кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Неге сонша айғайлайсыңдар? – (шыршаға қарап) – Мынау не сорайып тұрған? (Шыршаны бұтақтарынан ұстайды). Ой-ей-ей! Дәл мендей ұрысқақ, ашушаң екен! (Назарын балаларға аударады). О! Сендер мұнда не істеп отырсыңдар? Мен сендерді шақырған жоқпын ғой? Шақырған жоқпын! Сәлем деп айтпадым ба? Айтпадым! Ал сендер ше! Айтқан жоқсыңдар! Қандай, тамаша! Сендер дәл мен сияқты тәрбиесіз екенсіңдер! Менің алтындарым! Менің жақсыларым! Мына инеге толы жасыл сорайғанның жанына неге топталып алдыңдар?

Жүргізуші: Мыстан кемпір сен алдымен балалармен, олардың ата-аналарымен амандасып ал! (балаларды, ата-аналарды көрсетеді).

Мыстан кемпір: Ешкімді көріп тұрған жоқпын!

Жүргізуші: Сен неге сондай әдепсізсің!

Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, бұзық ұлдар мен жылауық қыздар! Не мынау жапырағы жоқ ағаштың жанында отырсыңдар? Мен сияқты жақсы адамға өтуге жол бермейсіңдер!

(Балалардың жанынан өтіп, олардың аяқтарын басқысы келеді).

Жүргізуші: Біз мұнда ең жақсы, ең көңілді Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық!

Мыстан кемпір: (қуанып) Мереке! Жаңа жыл! (таң қалып) Әнмен қарсыласыңдар ма?

Жүргізуші: Әнмен қарсы аламыз!

Мыстан кемпір: Бимен?

Жүргізуші: Бимен де!

Мыстан кемпір: Сыйлықпен? А-а-а, Жаңа жыл, сонда сыйлық алғыларың келеді екен ғой! Аяз Атаны тосып отырсыңдар! (тоқтайды). Бекер тосасыңдар! Сендер жыл сайын мендей жақсы, мейірімді Мыстан кемпірді Жаңа жыл шыршасынан не істейсіңдер (қуып жібересіңдер ме)?... Дұрыс қуып жібересіңдер! Маған сыйлықты (бермейсіңдер ме)? ... Дұрыс бермейсіңдер! Сендердің бұл қылықтарыңа әрі қарай шыдайды дейсіңдер ме? Жооооқ! Қазір бәрін сиқырлап тастаймын у – ух (басын қасып, ойланады). Шыдай алмай тұрмын, қалай сиқарлағанымды көрсеткім келеді. Кімді шақырсаңдар да, кімге шағымдансаңдар да өздерің біліңдер! Мен бәрі бір сиқарлауды тоқтатпаймын!

Жүргізуші: Солай де? Өте қызық .....

Мыстан кемпір: Ал, мен сиқырлауды бастаймын!

Шыршаның шамдарын жинайын,

Ойыншықтарын сындырайын.

Шырша шамын жанғызбай,

Сыйлықтарын ұрлайын!

(Музыка әуенімен Мыстан кемпір залдан шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, не істейміз? Бізге кім көмектеседі? Бізге кім көмектесетінің білетін сияқтымын.

Кішкентай ғана адамдар,

Бәрін жөндеп, іс қылар.

Көрінбейді біздерге,

Жауабын кәне табыңдар! (Фиксиктер)

Фиксик деген кімдер екенін білесіңдер ме? Дұрыс, кішкентай адамдар. Жай ғана адамдар емес, олар нағыз шеберлер. Фиксиктердің шартты белгілерін білесіңдер ме? ТЫДЫЩ! Фиксиктер жұмысты бітіріп, қуанғанда үш саусақтарын алға шығарып, ТЫДЫЩ деп айтады. Фиксиктер заттың сынған жерін тез тауып, оны жөндей алады. ТЫДЫЩ! Жақсы сөз екен. Фиксиктерге ұнайды. Кәне, біз де қайталап көрейікші «ТЫДЫЩ».

(Фиксиктер жүгіріп кіреді)

Симка: Сәлем, балалар! Менің атым .... Дұрыс, Симка! Ал бұл менің інім Нолик! Біздер үшін білім бірінші орында тұрады!

Нолик: Жаңа жылдарың құтты болсын, сендерге шаттық тілейміз. Сендер неге көңілсіз отырсыңдар? Не болып қалды? (Балалар болған жайды айтады).

Симка: Дұрыс, Жаңа жылды шыршаның жанында би билеп, ән айтып қарсы алу керек. Аяз атаны күту ол керемет қой! Қиындық болған кезде Фиксиктер көмек беруге дайын.

Нолик: Фиксиктер жұмысқа кірісу үшін не істейді?

Бәрі бірге: Бұранда мен бұрандамаға айналып, өз білімдерін қолданулары керек!

Симка: Нолик! Балалар! Шырша шамдары – бұл кішкентай шамдары бар сым, мыс арқылы электр тоғы келеді.

Нолик: Бар болғаны сымдарды жалғап, шамды бұрау керек.

Симка: Балалар, естерінде болсын – сендерге электрмен байланысты заттарға тиісуге болмайды!

Нолик: Ал, біздің шам тізбегіміз жай емес, ол сиқырлы және оның шамдары ойыншық.

«Сиқырлы шамдар» ойыны

Симка: Міне, біздің шыршаның шам тізбегі дайын. Шам тізбегін жағу үшін Аяз Атаны шақырайық!

Нолик: Ақшақар мен Атаны,

Бірге шақырайық!

Көтеріңкі көңілмен,

Күліп қарсы алайық!

Балалар Аяз Атаны шақырады.

Аяз Ата: Ау-у! Ке-ле жа-тыр-мын!

Бір жыл бұрын сендерге,

Келіп едік біз бірге.

Міне келдік тағы

Ән айтып, би билеуге.

Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтаймыз, Қуаныш, бақыт тілейміз!

Аяз Ата: Балалар, не болды? Неге көңілсіз отырсыңдар? (Балалар не болғанын айтады).

Достар, қамықпаңдар, бұнын бәрін реттейміз. Бірақ сендер маған көмектесулерің керек. Көмектесесіңдер ме? Ал, ата-аналар ше? Бәріміз бірге мына сиқырлы сөздерді айтайық:

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық!

Ақшақар: Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жаңа жылды би билеп,

Әнмен қарсы алайық!


«Шырша» әні

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар! Мен біраз дем алайын.

Ақшақар: Аяз Ата, сен дем алып, балаларға қара.

Тақпақтар (6-7 бала)

Аяз Ата: Балалар, сендер сондай көңілдісіңдер, маған ұнадыңдар, бірақ мен басқа балаларға баруым керек.

Жүргізуші: Аяз Ата, сен біздің балалармен ойнаған жоқсын ғой.

Аяз Ата: Солай ма?

«Шырша шамын жағайық» ойыны

Жүргізуші: Аяз Ата, балалардың сізге арнаған музыкалық тартуын қабыл алыңыз!


«Жаңа жылдық полька» оркестрі


Аяз Ата: Жарйсыңдар, балалар! Міне,біздің кездесуіміз аяқталды.

Ақшақар: Аяз Ата, сен балаларға сыйлық әкелдің бе?

Аяз Ата: (жан-жағына қарап) Әрине! Мына жерде! Бәріне сыйлық бар!

Жүргізуші: Сыйлықтар бар ма?

Аяз Ата: Әрине, бар! ... (ұялып) болған еді! Қапшығымды қайда ұмыттым екен?

Жүргізуші: Қайда ұмыттың?

Ақшақар: Аяз Ата, сен сиқыршысын ғой, сиқыр жасап көрші.

Аяз Ата: 1,2,3,4,5, Таяғым кәне, көмектес! Балалар, мен сендерге Жаңа жылдық керемет сыйлық беремін! Немерем маған көмек бер (қапшықты кіргізеді).

Аяз Ата: Қапшығымды ашайын, Сыйлықтарын шашайын!

(Қапшықтың ішінен: Гав-гав-гав!!!)

Аяз Ата: Ой, қапшық үреді?! (Қапшықтың ішінен ит шығады)

Ақшақар: Ой, мұнда ит отыр ғой!

Әтеш: Жаңа жылдың иесі,

Ит жылы мен болам,

Қызық үшін тығылып

Қапқа келіп отырғам.

Алтын жібім бар менің,

Түзу жолға бастаған.

Қаптың қайда екенін

Басқа ешкім таппаған.

Аяз Ата: Жібім, жібім жүр ұзақ,

Сиқыр жаса, сен бірақ!

Қаптың қайда тұрғанын

Бізге нұсқа жақсылап! (Жіпті домалатып жіберіп, қапшықты алып шығады)

Аяз Ата: Алтын жібім жарадың, Сыйлыққа дәл апардың! (Сыйлықтарды тарату)

Жүргізуші: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Зұлымдықтың бәрінде

Қиындықсыз шешеміз.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш табыңдар.

Ешқашан да ауырмай,

Сабақты жақсы оқыңдар!

Аяз Ата: Құтты болсын Жаңа жыл, қалың елім,

Құтқа орансын кең байтақ дархан жерім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Жаңа жыл жаңа өмір, жаңа лебін!

Жүргізуші: Барлығын Жаңа жылмен құттықтайды, сыйлықтар таратады!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2018
1473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12