Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ертегілер еліне»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ертегілер еліне»

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдіс тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ жауап.

Көрнекіліктер: карточкалар, сахналау киімдері.

Тәрбиеші: балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайықшы.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз

Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.

Тәрбиеші: балалар бүгінгі көңіл күйлерініз қалай?

Балалар: жақсы, керемет! Бауырсақ: Балалар сіздер ертегілер әлеміне барғыңыз келеді ме? Балалар: Ия, келеді. Тәрбиеші: Олай болса барлығымыз бауырсақпен жүрейік, Ертегілер еліне баратын жолды бауырсақ тауып береді. Бауырсақ: Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, жауабын тауып берініздер.

Жұмбақ

Домалақ дене, қысқа аяқ

Тұмсығымен қазады лай.

Балшыққа аунап қуанады

Бұл не өзі, кім айтады? (Торай)


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, жауабын дұрыс айттыңдар. Үш торай ертегіні білесіңдерме? Бұл ертегіде не болды? Торайлар неден қашты? Торайлар үйсіз қалды, оларға үй салып берейік.

1ойын «Геометриялық пішіндерден үй салайық» Тәрбиеші: Бауырсақ сізге ұнадыма балалардың салған үйлері? Қандай пішіннен салдыңыздар үйді? Тәрбиеші: Бауырсақ сіздің тағы қандай тапсырмаңыз бар? Бауырсақ: Ия, балалар мен сендерге тағы да бір тапсырма дайындап қойдым. 2.ойын «Мақта қыз бен мысық» Шарты: мнемотехника арқылы суреттерді рет-ретімен дұрыс орналастырып, сұрақтарға толық жауап беруіңіз керек. 3.ойын «Ертегіні сахналау» Бауырсақ: Балалар тыңдаңыздаршы, мына әуен сіздерге таныс па? Бұл қай ертегінің әні? Балалар: ия, бұл Қызыл телпек ертегісінің әні. Бауырсақ: Балалар сіздер Қызыл телпек ертегісің сахналауға дайынсызба?

«Қызыл телпек» ертегісі сахналау

Автор:  Ертеде кішкентай бір қыз өмір сүріпті. Анасы мен әжесі оны өте жақсы көреді екен. Әжесі немересінің туылған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл Телпек» деп атап кетіпті.

(Мамасы кіріп келеді)

Автор: Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

Мамасы: - Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы.

Қызыл Телпек: - Жарайды, анашым, апарып берейін. Жолда жүріп, гүл жинап, әжеме сыйлаймын.

Автор:  Анасын тыңдаған Қызыл Телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.   Ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүреді.

(Қызыл Телпек орманының ішінде жүріп, «Қызыл Телпек» өлеңін айтып келеді)

(Қасқыр билеп кіріп келіп талдың артында тығылады)

Қасқыр: Ку-Ку

Қызыл Телпек: Ол кім менімен ойнап отырған?

Қасқыр:  Ку-ку Қызыл Телпек,  ку-ку кішкентайым. Қайда баражатырсың?

Қызыл Телпек: Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын.  

Автор: Қызыл Телпек қасқырдың жаман ойы бар екенің білмеді.

Қасқыр:  Ал, әжең қайда тұрады?

Қызыл Телпек: Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда.

Автор: Қызыл Телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді.

Қасқыр: Жарайды, онда сен мына жолмен бар

Автор: Қасқыр өзіне ауылға апарар қысқа жолды таңдап алады, ал Қызыл телпек ұзақ жүретін жолмен жүреді.

Қасқыр: Әжеміз қайда екен? Есігін соғайын Тоқ – тоқ – тоқ!

Әже: Бұл кім?

Қасқыр: Әже, бұл мен, қасқырмын, Қызыл Телпек екеуіміз жарыстық. Кім бірінші әженің үйіне келеді деп.

Әже: Қасқыр сен аш шығарсын, Қызыл телпек келгенше саған тамақ берейін.

Автор: Әже қасқырға тамақ береді, қарны тоқ қасқыр әжемен дос боламын деп шешті. Сол мезгілде Қызыл телпекте үйге кіреді.

Қызыл телпек: Әже, қасқыр өте тамаша сіздер достасыпсыңдар

Қасқыр: Рахмет, сізге әже дәмді екен. Орманда мені дұрыс тәрбиелемеген, былай өзім момынмың негізі. Мені кешіріңші.

Автор: Ертегіміз өте қызықты, өнегелі болып шықты. Ешкімді, ешкім жеген жоқ. Барлықтары аман сау қалып, әрі қарай бақытты өмір сүріп кетті.                      

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сіздермен қайда бардық? Не жасадық? Мадақтау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12