Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ертегілер еліне саяат

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларға шын көңілден шаттық көңіл - күй сыйлап, мереке атауларымен таныстыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен таныстыру. Мерекеге жақсы көңіл - күй керек екенін балаларға ұғындыру.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар, сүйкімді балақайлар! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз. «Аружан» балабақшасының өнерлі ұжымы мен талантты балаларының мерекеге орай дайындаған «Ертегілер еліне саяхат» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер! 2 - жүргізуші: Сарысай ауылында дүбірлі той, Балаларды қорғау күні, біліп қой. Алақай - ау, алақай! Той тойлайық балақай. Қызарғанша алақан, Қол соғайық балақай. Мерекені бастамас бұрын « Аружан» балабақшасының меңгерушісі Бірмағанбетова Гүлім Есенғұлқызына сөз кезегін берейік.

1 - жүргізуші: Ендеше әдептен аспайық, әдепсіз болмайық, ертегілер әлеміне саяхатқа барайық.

Балалардың сүйікті ертегілерінің бірі - « Қызыл телпек» ертегісін тамашалаңыздар!

Автор: - Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында Қызыл телпек өмір сүріпті. Ол анасымен бірге тұрыпты. Бір күні анасы:

Анасы: - Қызым, мен әжеңе арнап тоқаш пісірдім, сол тоқашты апарып бер. Жолда жүргенде сақ бол. (Қызыл телпек тоқашты алып кетеді.) Осылайша Қызыл телпек әжесіне асығып жолға шықты. Алдымен екі жол шықты бірі ну орман және екінші жол ұзақ жол.

Алтын балық: - Көмектесіңдер, көмектесіңдер! (Қызыл телпек құтқарады) - Рахмет. Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң, мына сиқырлы сөздерді айтсаң мен көмекке келемін. (Абрака, дабрака) Осылайша Қызыл телпек алтын балықты құтқарып жіберіп, сиқырлы таяқшаны алады. Қарақшылар: - Қызыл телпек қайда бара жатырсың? Біз сені жібермейміз. Қызыл телпек сиқырлы сөздерді айтады. Сиқырлы сөздерді айтып қарақшылардан құтылады. Қызыл телпектің көңілін көтеру үшін біздің бүлдіршіндер би билеп береді.

Би: «Қарақшылар» Қызыл телпек пен бауырсақ байқаусызда түйісіп қалады. Қызыл телпек: - Бауырсақ қайдан келесің? Бауырсақ: - Атам мен әжемнен қашып келемін. Мен саған өлең айтып берейінші. Жарай ма. (Бауырсақ ән айтады)

Ән: «Не деу керек? Ұзақ жол жүрген Қызыл телпек адасып қалады. Не істерін білмей жылай бастайды. Осы кезде музыканың дыбысы естиді. Бременьский музыканты (ит, бала, есек, әтеш мысық) Әншілер Қызыл телпекті Тасбұлақтың сайына жеткізіп тастайды.

Автор: Тасбұлақтың сайында музыканттар жүріп өтеді. «Әуенді сайыс» балалармен бірге жаттығу жасау. Клоундар шығады. Өз өнерлерін көрсетеді. Клоундармен бірге шармен балаларды алып шығып, билеу. Скакалькамен секіру. Балалармен ойын: «Қане, билейік»

Би: «Қуыршақтар» Қызыл телпек клоундардың өнеріне тәнті болып, қайта жолға шығады. Қоян Қызыл телпектің қасынан жүгіріп өтіп кетеді.

Қасқыр: - Қызыл телпек сен қайда асығып бара жатырсың? Қызыл телпек: - Мен әжеме тоқаш апара жатырмын.

Қасқыр:- Әжең қай жақта тұрады? Қызыл телпек: Орманның арғы жағында тұрады. Осылайша қасқыр айласын асырмақшы болып, әжесінің үйіне бет алады. Қасқыр әжесінің есігін қағады.

Әже: - Кім бұл? Қасқыр: - Мен ғой әже Қызыл телпек немерең. Мен сізге тоқаш алып келдім.

Әже: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң есік ашылады

Автор: Есікті ашып әжені жұтып қояды. Қасқыр әженің орнына жатып алады да, Қызыл телпекті күтеді. Қызыл телпек есікті қағады.

Әже мен ғой. Қызыл телпек немерең, мен сізге тоқаш әкелдім.

Қасқыр: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң, есік ашылады. Қызыл телпек үйіне кіреді. Әжесінің жанына барып,; - Әже көзің неге үлкен?

Қасқыр: - Сені жақсылап көру үшін

Қызыл телпек: - Құлағың неге үлкен?

Қасқыр: - Сенің сөздеріңді есту үшін

Қызыл телпек: - Тістерің неге үлкен?

Қасқыр: - Сені жеу үшін. Қызыл телпекті қасқыр жұтып қояды. Ормандағы аңшы қатты дауысты естіп қалады да, әжейдің үйіне келіп, қасқырды көріп атып салады. Қасқырдың іші жарылып, әжей мен Қызыл телпек шығады. Қызыл телпек тоқашты әжесіне береді, әжесі қатты қуанады. Кейіпкерлер ортаға шығады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
335
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12