Материалдар / Ертегілер еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын, ізденімпаздығын, ойлау және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында құрастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2021
318
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






















24 орта мектеп



Ертегілер еліне саяхат



Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын, ізденімпаздығын, ойлау және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында құрастырылған.


Автор: Сансызбаева Роза Мухтаровна



2018-2019 оқу жылы

Сұлу бойжеткен

Ертеде бір патша өмір сүріпті. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар, теңдессіз сұлу қызы болыпты. Алайда, қанша сұлу болғанымен, мінез-құлқы нашар, өркөкірек, тәкаппар екен. Ол жігіттердің ешқайсысын менсінбей, келгендерді мазақ етіпті. Бірінші келген жігіттің жасы 17-де, мінезі жеңілтектеу, өзі жүдеу көрінетін. Оны: - Ой, мынау сары уыз балапан ғой, - деп менсінбепті. Екіншісі жасы 35-те, салмағы 80 кг-ға жуық, мінезі салмақты жігіт болатын. Оны: - Ойбай, бұл семіз ғой,- деп жақтырмапты. Үшіншісі 53 жаста, қара қоңыр түсті, жылтыр бетті кісі болыпты. Оны:- кәрі ғой – деп менсінбепті. Қане, балалар ойланайық; мұндағы кейіпкерлер кімдер?

Picture 3

Мыстан кемпірдің сынағы

Бір солдат батыл адымдап келе жатты. Арқасында қапшығы, бүйірінде асынған қылышы бар. Кенеттен алдынан кәрі мыстан кемпір шыға келді. Ол былай деп тіл қатты да ғайып болды:- Мына биік ағаштың ұшар басына өрмелеп шықсаң, үңірейген қуысты көресің. Ол үңгірде 2 бөлме бар. Әр бөлмеде бір-бір сандық және оны күзететін алып иттер бар. Күшің жетсе иттерді өлтір де, сандықтың ішіндегі тиындарды қалағаныңша ал. Тиындарды алу солдатқа оңайға түспеді, оның денесі қызып, ол қатты терлеп, бойынан газдар да бөлінді. Кім тапқыр: солдат кім және сандықтағы қандай тиындар? Керекті реакция теңдеуін жаз.

Picture 2









Сүйелдің емі.

Қытай жеріндегі патшаның сарайы «Дүние жүзіндегі ең әдемі, ең ғажайып сарай» деген атақ алыпты. Оның ішінде патша еш уайым-қайғысыз төрт құбыласы түгел, сайран-сауықпен өмір сүріп жатады. Күндердің бір күні неге екені белгісіз патшаның бетін, бүкіл денесін сүйел қаптап кетеді. Түрін айнадан көріп шошынған патша, есінен танып құлап түседі. Ал, балалар, ойланайық, патшаның емін кім табады? Оған қалай көмектесеміз?

Picture 2











Күл қыз

Баяғы заманда бір кісінің әйелі ерте дүниеден қайтып, 2-ші рет үйленіпті. Оның қайтыс болған әйелінен 6 жасар қызы бар екен. Қыздың өгей шешесінің жасы 35-те, белсенді өте қатыгез еді. Оның өзімен еріп келген дөрекі 2 қызы бар болатын. Оның бірі 9 жаста, екіншісі 17 жаста еді. Өгей шеше өгей қызына қатал болды. Ылғи қиын және лас жұмыстар беріп, күн көрсетпейді. Кейде қатты шаршаған ол, пештің күлін шығарып жатып, күлдің үстіне отыра кетуші еді. Өгей әпкелері оны мазақтап «Күл қыз» деп атап кетеді. Мұндағы. Өгей шеше, өгей әпкелер және «Күл қыз» кім?

Picture 3

Етікші

Бұрынғы өткен заманда бір етікші өмір сүріпті. Өзі өте еңбекқор болыпты. Күн демей, түн демей еңбектеніп, аяқ киім тігеді екен. Күндердің күнінде ауа-райы күрт өзгеріп, толастамай жаңбыр жауып, адамдар резеңке аяқ киім іздейді. Осы кезде етікшіге резеңке аяқ киімге сұраныс көбейеді. Бірақ етікшіде оны тігуге материал жоқ еді. Осы тығырықтан қалай шығуға болады? Кім көмек қолын созады?

Picture 3





Қорық

Ертеде элементтер шаһарында сегіз қорықша болыпты. Оның алтыншысында түрлі аңдар өмір сүріпті. Олардың бірі өте елгезек, жанындағыларға өте мейіріммен қараса, екіншісі алтын түстес әдемі, мінезі жайлы, қарапайым екен. Үшіншісі үнемі сұрланып жүретін мінезі қатал, ешкімге жалтақтамайтын, досына адал, тұрақты болыпты. Білгір болсаңыз осы хайуанаттарды мінезіне қарап анықтап беріңіз?

Picture 3











Құпия сан

Заманауи үлгімен салынған жеті қабатты үйге кіру қиын. Мына құпия санды тергенде ғана ол үйге кіре аласыз:

1) 1s2 2s2 2p3,

2) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p3,

3) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d 4s2 4p3,

4) 1s2 2s2 2p6 3s2 3d10 4s2 4p6 4d10 және 5s2 p3,

5) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2 3d10 4p6 5s2 4d10 5p6 6s2 4f14 5d10 6p3.

Осы құпия сандар арқылы тұрғындардың үйінің нөмерін, атын және ерекшеліктерін ата.



Picture 2



Нөкерлер сайысы

Ертеде ең күшті, әрі мықты патша болыпты. Ол айналасындағылардың барлығына бұйрық беріп отыратын болған. Патшаның мінезі қатты, әрі бет әлпеті қара түсті уәзірі болыпты. Бірде уәзір нөкерлердің арасында сайыс өткізеді. Сайыс үш кезеңнен тұратын болған. Бұл сайысқа үш нөкер қатысады. Олардың бірі – биязы жұмсақ, бірі – әлсіз, енді бірі жеңілтек болған. Сайыстың үш кезеңінен өткен биязы да жұмсақ нөкер өзінің сыпайылығының арқасында жеңіске жетеді. Сөйтіп мінезі қатал уәзір, патшаның нөкері етіп сайыста жеңген осы сарбазды қояды. Ол кім? Осы рөлдерді ойнаған кімдер?

Picture 2







Отбасы

Ерте, ерте, ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір сұлу қыз бір жігітті ұнатыпты. Жігіт жырпылдақтау болыпты, қыз өте белсенді екен. Олар үйленіп, бұл некеден бір қыз, бір ұл дүниеге келіпті. Ұл ашуланшақ мінезді, жүрген жерін күйдіріп жіберетін болыпты. Ал қыз өте жеңіл, ұшқалақ болып, ақыры ұшып, ғайып болыпты. Мұндағы әкесі, шешесі, ұлы, қызы кімдер?



Picture 2





Қозы Көрпеш, Баян сұлу

Ертеде Қозы Көрпеш, Баян сұлу деген ғашықтар болыпты. Олардың махаббаттары өте тамаша болған. Қозы Көрпештің беті жылтыр, түсі қара сұр түсті әдемі жігіт болған. Ал, Баян сұлудың мінезі орташа, көздері мөлдіреген судай әдемі. Екеуі жақсы өмір сүреді. Бірде Қамбар деген жалшы Баян сұлуға ғашық болып қалады. Қамбардың түсі күміс сияқты жылтыр, ақ болған. Баян сұлудың әкесі тік мінезді, салмақты, қатаң кісі болған, ал шешесі мінезі жұмсақ, күңгірттеу сұр түсті, асықпайтын болған. Баян сұлудың әкесі Қозы Көрпеш екеуінің қосылуына рұқсат етпейді, оған қарсы болады. Бұны естіген Қамбар жалшы Қозы Көрпешке садақ атып өлтіреді. Бұған шыдамаған Баян сұлу “мен Қозы Көрпешсіз өмір сүре алмаймын” деп олда қайтыс болады. Қозы Көрпешті өлтірген Қамбар кім? Қозы Көрпеш, Баян сұлу, әкесі, шешесі кімдер?

Picture 2



Жас отау

Ертеде бір жігіт өмір сүріпті. Ол 16 жасында отау құрып, екі ұлды, бір қызды болыпты. Оның түсі сары, мінезі құбылмалы болады, тура, жеңіл мінезді адамдарды ұнатпайды. Оның ұлдары мен қызы өз алдына жеке-жеке отау құрып, балалы-шағалы болады. Мұндағы 16 жасында отау құрған жігіт кім және оның ұлдары мен қызы кімдер?

Туысқандар

Элементтер көшесінде жеті қабатты үйдің бірінші подъезінде төрт ағайынды өмір сүріпті. Олардың бірі жүдеу, салмағы 7 кг, екіншісі орташа салмағы 20 кг, үшіншісі толықша салмағы 39 кг, төртіншісі өте толық, салмағы 85 кг болаты. Бұл кімдер, аттарын ата?



Picture 2





Алтын қақпа

Хайуанаттар паркіне кіргенде арманда, кірмегенде арманда, өйткені, оның “Алтын қақпасын” ашу кім-кімге де оңай түспейді. Ол құпия сандармен кодталған. Бұл сандар:

1. 1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 4S2

2. 1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 4S1

3. 1S2 2S2 2P6 3S1

4. 1S2 2S2 2P6 3S2

Picture 2







Ағайындылар

Элементтер шаһарында Менделеев көшесінде №6 - үйдің А пәтерінде 2 қыз, 3 ұл өмір сүріпті. Қыздың біреуі өте жеңіл мінезді, ұшқалақ, екіншісі - сары шашты, мінезі салмақты болыпты. Олардың бірінші інісі екі жақты жалтақ, жағымпаз, ал екінші және үшінші інісі өте салмақты, сабырлы, сөзіне берік жандар болған. Мұндағы бес ағайынды кімдер?





Picture 2











Универсиада

2011 жылдың 30-шы қаңтар мен 6-шы ақпан аралығында Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азияда ойындары өтті. Жарысқа Солтүстік Корея, Қытай және Жапония елдері қатысты. Қазақстаннан -35, Жапониядан -28, Солтүстік Кореядан - 30, Қытайдан -14 спортшылар қатысты. Ел басымыз VII Азияда ойындарының белсенді 4 қатысушысын ерекше атап өтті. Екінші сөз кезегі Азияда олимпиадалық кеңесінің 20 жастағы президентіне берілді. Ол Қазақстан халқына алғысын білдірді және ойыншыларға сәттілік тіледі. Мұндағы Қазақстан, Солтүстік Корея, Қытай, Жапония ойыншылары кімдер?



Picture 2





1.Сұлу бойжеткен: сұлу қыз - Au (алтын), бірінші жігіт - CL (хлор), екінші жігіт-Br (бром), үшінші жігіт - I (иод)

2.Мыстан кемпірдің сынағы: Солдат -H2SO4

1-ші сандықта мыс тиындар Cu+2H2SO4=CuSO4+SO2↑+H2O

2-ші сандықта күміс тиындар Ag+2H2SO4=AgSO4+SO2↑+H2O

3.Сүйелдің емі: Патшаның есін жиғызу үшін мүсәтір спиртін иіскетеміз. Сүйелді кетіруге - AgNO3 қолдану керек.

4.Күл қыз: өгей шеше - Br (бром), өгей әпкелері - Cl, Fr (хлор, фтор), күл қыз - C (көміртек)

5.Етікші: Каучук + S - резина

6.Қорық: 1- O (оттек), 2- S (күкірт), 3- Cr (хром)

7. Құпия сан: 1. азот 2. фосфор 3. мышьяк 4.сурьма 5.висмут

8. Нөкерлер сайысы: патша -F, уәзір -I, үш нөкердің бірі-Br, екіншісі - At, үшіншісі- Cl.

9.Отбасы: 2Na+2H2O = 2NaOH+H2↑

10.Қозы Көрпеш Баян сұлу: Қозы Көрпешті өлтірген Қамбар: қалайы Sn, Қозы К

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!