400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер еліне саяхат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты:

Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;

Оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Барысы.

Жүргізуші :Армысыздар ұстаздар , оқушылар! -Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай? Көңіл күйлеріңді жақсарта түсу үшін бір тамаша ән тыңдайық! «Ертегілер елі» әні.

Орындайтын Самай Әсем

Жүргізуші:

- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар? - Ертегілер елінде кімдер тұрады?- Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?- Ертегілер бізді неге үйретеді?

Ертегілер әлеміне барғыларың келе ме?

Онда әуелі ертегілер еліне жеткізер бір сиқырлы затты тауып алайық. Ал іздеп көрейік.- Жоғарыдан іздеңдер, бар ма, көріне ме?- Төменнен іздеңдер, бар ма, көріне ме?- Терезе жаққа қараңдар, мұқият қараңдар, бар ма? Мұнда да жоқ па?- Мүмкін орындықтардың арасында болар?! Сиқырлы таяқша тауып алады.

Міне, енді жолға шығуға болады, мына сиқырлы таяқшаны қозғай отырып сиқырлы сөздер айтсақ әп -сәтте ертегілер елінде боламыз.

Шухты-мухты, Дрим-трим, Шухты-мухты,. Дуруки мурики.

О, қандай ғажап, міне біздер ертегілер еліндеміз. Ертегілер елінің қақпасы бізге айқара ашылды. Бірақ ертегілер елін аралау үшін бірнеше тосқауылдан өту керек сияқты, дайынбыз ба?- Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы бірігіп орындап, тосқауылдан жылдам өтіп кетейік.

1-ші тосқауылымыз Мыстан кемпірдің тапсырмасы. "Ерте, ерте, ертеде..." деп аталады. Бұл тапсырмада ертегіде не туралы айтылады? Ертегілер туралы кім не біледі? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

1-оқушы:

Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр, ертегі ой.

Ертегі айтса еліктіріп балалар,

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы:

Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.

Жамандықпен алысып, жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы:

Жауларымен алысып жекелеген,

Батыр ма ел намысын өтемеген.

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

4-оқушы:

Кел онда, ертегіні шертейік біз.

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі еліне" бір саяхаттап.

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Жүргізуші - Өте жақсы, балалар! Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен? «Түлкі мен қоян» ертегісі көрініс


2-ші тосқауылымыз, жоқ бұл Ғажайып бақ аялдамасы екен, мұнда біз сендермен біраз тынығып алуымызға болады. Ортада Қазақ биімен Есенаман Айару . Қабыл алыңыздар.

Ендігі кезекті әнге береміз.

Ән «Кітапхана» Орындайтын : Нұрайша


3-ші тосқауылымыз Айдаһардың тапсырмасы: хормен ән айтсын

деп отыр Хор «Бірлігіміз жарасқан»

Жүргізуші:

- Ертегілер елін біраз араладық, енді өз сыныбымызға қайтар кезде келіп жетті. Ол үшін тағы да сиқырлы тақшаның көмегі керек. Сиқырлы сөзді ұмытып қалған жоқсыңдар ма?

Шухты-мухты, Дрим-трим, Шухты-мухты,. Дуруки мурики.

Сиқыр деген ғажап емес, міне әп-сәтте сыныпқа оралдық, бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Несімен ұнады?

- Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған.

Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып көріңдер.- Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар.

Лицейімздің _________________________________________ сөз кезегін береміз.

Сау болыңдар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі