Ертегілер еліне саяхат. Гг дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер еліне саяхат. Гг дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар Г дыбысымен тагыс болады. Г дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасап буынға бөледі. баспа түрін жазып үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің жоспары

Пәні: Сауат ашу негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Г дыбысы мен əрпі

Мектеп: Ақсай қаласының №7 ЖОББМ

Күні: 21.01.2019 ж

Педагогтің аты-жөні: Халыкова Бакытнур Гинятовна

Тобы: 0 "а" МАД

Саны: 24оқушы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Г дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жетізетін оқу

Мақсаттары

1.Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестндіру.

2. Оқудң түрлерін (буындап оқу, түсініп оқу)қолдану.

3. Сөз/ сөйлем сызбасын оқу.

Сабақтың максаттары.

Барлық тəрбиеленушілер:

Г әрпін танып, ажырата алады және дыбыспен сәйкестендіреді.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Г дыбысы – дауыссыз дыбыс, г дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі г дыбысының орнын ажыратады.

Г əрпінің баспа түрін жазады.

Тəрбиеленушілердің басым бөлігі:

Сөздерді буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жән төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазады. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау

жасай алады.

Г дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы г дыбысының орнын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Г дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Ойын еркін жеткізе алады.

Жетісті критерилері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтард дарыту

Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, видеожазба, таныстырылым

Жоспар

Тілдік

құзыреттілік

Жоспарланған

Уақыт

Г дыбысы мен әрпі

Ресурстар

I. Сабақтың басы. Ынтымақтастық атмосфера орнату.

0–4мин.



Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық,

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты,

Бір-бірімізге шашайық

Әңгімелесу әдісі.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Айларды атайық.

Қыс мезгіліне тән қандай табиғат құбылыстары бар?

Ертегілер еліне саяхат.

Балалар біздер қандай ертеглерді білеміз?

-"Ақшақар мен жеті ергежейлілер" ертегісін білесіңдер ме?

Олай болса, ертегі туралы үзінді қарайық.

Балалар ақшақар мына шарды бізге жолдапты, қараңыздаршы шардың пішіні қандай? Түсі қандай?

Шардың ішінде бір нәрсе бар секілді, қанекей көрейік.

-Бұл хат екен, балалар!

Ақшақар бізден көмек сұрапты.

Ақшақарды құтқару үшін жеті ергежейдің жеті тапсырмасын орындауымыз қажет.

Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

5 – 22мин.


























1-тапсырма(Өткен әріптерді еске түсірейік)

Көбелектерді гулдерге қондырайық. Ол үшін әр көбелектің артындағы дыбысты анықтап, қандай дыбыс болса сондай текшедегі гүлдерге қондырамыз.

2-тапсырма. Ой қозғау.

Жұмбақ шешу:

1. Бір мойын, екі иық

Тұрады киім іліп (Ілгіш)

2. Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын. (гүл)

"Гүл, ілгіш" сөздерінде қандай дыбыс естіп тұрмыз?

Ендеше балалар бүгін біз Г дыбысымен танысамыз.

Г дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс. Тіл арқылы жасалады. шұғыл айтылады. Г дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.

Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Гүл-1 буын, 3 дыбыс, 3 әріп, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс (Гүл туралы слайд)

3-тапсырма. Сөйлемді аяқта.

Гүлсім гүл .......... (өсірді)

Гүлге су ............(құйды)

Гүл туралы ән ..........(айтты)

Сөздік жұмыс (үштілділік компонент)

Гүл-цветок-flower

4-тапсырма.

Қай гүл түсінің аталуында Г дыбысы бар? (көк, қызыл, сары, күлгін), сол түс атауында г дыбысы қай буында тұр.


Сергіту сәті. 1 мин.


(Әуен ырғағымен)

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қолымызды қозғалтып,

Гүлдей болып жайқалам.

Сергіту сәтіне арналган жинақ








5-тапсырма.

Әліппе - дәптермен жұмыс:

Г дыбысының баспа түрін жазу.

6-тапсырма. Бейнебаян арқылы айтылым. (хормен)

Газет, гитара, глюкоза, галстук, гипс, гемотоген, глобус, гүлсалғыш, гүл.

Г əрпі жазылған

плакат





Аяқталуы 5 мин.

Шығармашылық жұмыс.

Шарты: Дәстүрден тыс тәсілмен ақ қағаз бетіндегі балауыз шаммен жазылған әріпті акварель бояудың көмегімен анықтау.

Акварель бояу

Қорытынды.

Сабақтың соңы.

2 мин.

-Балалар біздер жеті ергежейлінің жеті тапсырмасын орындай отырып, бүгін қандай әріппен таныстық?

-Г дыбысы қандай дыбыс екен?

Балалар біздер хаттың шарты бойынша Ақшақарды босату үшін бар білімдерімізді ортаға салдық.

Рефлексия. Балалардан өз білімдеңгейлерін смайликтер арқылы бағалауды сұраймын.

Əліппе-дəптер



Оқушылар сабаққа дайын

Өткен әріптерді еске түсіреміз

Көбелектерді гулдерге қондырайық. Ол үшін әр көбелектің артындағы дыбысты анықтап, қандай дыбыс болса сондай текшедегі гүлдерге қондырамыз.





Сергіту сәті



Шығармашылық жұмыс.

Дәстүрден тыс тәсілмен ақ қағаз бетіндегі балауыз шаммен жазылған әріпті акварель бояудың көмегімен анықтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
969
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі