400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ертегілер еліне саяхат" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қоя білуге, актерлік шеберлікке, сахна мәдениетін сақтауға үйрету. Ертегінің мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№180 ЖББ мектептің

кітапхана меңгерушісі

МАРИЯ ЕСЕНОВНА Бақтиярова


Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қоя білуге, актерлік шеберлікке, сахна мәдениетін сақтауға үйрету. Ертегінің мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

1-жүргізуші: Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.

2-жүргізуші: 4 «В» сынып оқушысы Тұрғынбай Әдемінің орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар, - деп бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен танысайық.

1.Жұбанова Нұргүл Жолдыбайқызы - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2.Нұржан Сәкен - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3.Ділтанова Марина Алтайқызы- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

4. Бердіхожаев Даулет Ахметұлы – Кәсіподақ ұйымының төрағасы

2-жүргізуші: Құрметті әділқазы мүшелері мен оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымыз ІІ-кезеңнен тұрады.

І-кезең. «Ертегілер еліне саяхат» (Әр сынып өздері ұнатқан ертегіден көрініс сахналайды)

І-кезең бойынша Әділқазы алқасы төмендегі критерийлер негізінде сайыс қорытындысын шығарады:

Шарты:

  1. Ертегіні көрсету. Актёрлік шеберліктері. 10 минут

  2. Кейіпкерлердің костюмдері

  3. Сахналық мәдениеттері мен сөйлеу өнерлері бағаланады

ІІ-кезең. «Кім тапқыр?»

 Шарты: Әр сыныпқа бір-бірден ертегіден үзінді оқылады. Сол сынып ертегінің атын табуы және жалғастырып айтуы керек. Егерде ол сынып таба алмаса, басқа сыныптар жауабын білетін болса, оларға айтуға рұқсат етіледі. Балл сол тапқан сыныпқа беріледі.

Бүгінгі сайысымыздың ең жоғарғы ұпайы – 5

Сонымен сайысымыздың шарттары түсінікті болса, іс-шарамызды одан ары жалғастырайық

1-жүргізуші:

Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген,

Сәлем бердік ұландарға дарынды,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен деп, бүгінгі сайысымызға келіп отырған жас достарымызға сәттілік тілейміз.

2-жүргізуші:

Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегілер еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

1-жүргізуші: Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Сонымен кезекті 5- сынып оқушыларына береміз.

2-жүргізуші:

  1. 5 «А» сынып оқушыларының сахналауында «Мақта қыз» ертегісі. Қабыл алыңыздар.

  2. 5 «Б» сынып оқушыларының сахналауында «Қолайна» ертегісі.

  3. 5 «В» сынып оқушыларының сахналауында «Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе» ертегісі.

  4. 5«Г» сынып оқушыларының сахналауында «Бір үзім нан» ертегісі.

  5. 5 «Ғ» сынып оқушыларының сахналауында «Жақсылық пен жамандық» ертегісі.

  6. 5 «Д» сынып оқушыларының сахналауында «Күлше қыз» ертегісі.

  7. 5 «Ж» сынып оқушыларының сахналауында «Өнеге» ертегісі.


2-жүргізуші: Енді ІІ-кезеңімізге өтеміз. ІІ-кезең «Кім тапқыр?».

1.Бала құрығын құлдыратып, жүгенді сылдырлатып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде, тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. (Алтын сақа)

2.Хан болдым деп асып-таспау үшін, бұрын қой бағып жүргенде киген баскиімін отыратын бөлмесінің маңдайшасына кигізіп, астына жаздырып қояды. Оқта-текте соған қарап ойланып отырады екен.

Бұл қай ертегі және астына не деп жаздырып қояды. (Аяз би).

3.Аңқау патша оған да иланады. Баланы шақыртып алып, алтын су тауып әкелуге жұмсайды. — Орындамасаң, дарға асып өлтіремін, – дейді патша. Бала үйіне қатты қамығып келеді. Әкесі: «Тағы не әмір етті патша?» – деп сұрайды. Бала: «Алтын су тауып алып кел деді», – деп жылайды. Кемпір-шал мұны естігенде, естерінен айырылады. Бір күні бала әке-шешесімен бақыл айтысып, алтын су іздеп, алыс сапарға шығады. (Алтын балық)


4. Хан қызын жасырып тығып қояды да:

- Кімде-кім қызымның қай жерде екенін тапса, соған беремін, – дейді. Бір мезгілде тыңшы тыңдап жүрсе, хан қызын жер астындағы бір үйге жасырып қойған екен. Қыз сол үйде кесте тігіп отырып, қолындағы инесін жерге түсіріп алады. Тыңшы тыңдап біліп тауып алады. Хан бұларды темірден салынған қонақ үйге жатқызады. Қонақтар жатқан үйді сыртынан өртейді. Бұлар түн ортасында оянып кетсе, үй өртеніп бара жатыр екен. Бәрі де сасады. Сол жерде көл ұрттаушы дәу ұртындағы бір көлдің суын бүркіп тастап, өртті сөндіреді. Бұлар тып-тыныш ұйқыда жата береді. Хан бұларды өлді деп, күлін қарайын деп келсе, бәрі де тып-тыныш ұйықтап жатыр екен. (Күн астындағы Күнікей қыз)


5.- Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие бір алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды. Аспаннан бір бұлт түйіліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды алып кетті де, құйрық менің қолымда қала берді, - дегенде, сөздің аяғын күтпей: - Құйрық қайда? - деді хан. (Керқұла атты Кендебай)


6.   - Анау көрінген үйде өздері бай және өлгенше сараң бір шал мен кемпір бар. Үйіндегі мол тамақтан өздері де жарып жемейді, кісіге де нәр татырмайды және түнде жатқанда екеуі қаптағы құртын басына жастанып, қарындағы сары майын қойнына алып жатады.

         Солардың жұмысын табаным тесіліп, талай істесем де жарытып ақы бермеді, ауыз толарлық тамақ та бермеді. Сонда көп ақым кетіп барады. Мені әке десең, сол кеткен ақым үшін сол қу, сараң шалдың қойнына тығып жатқан сары майын алып келші,– дейді. (Тазша бала).

7. - Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын; тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын, керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам біреуі кем екен, соған жылап отырмын, - дейді. (Ер Төстік)


8. — Көрген-білгенім көп. Жолда келе жатып үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,

Шын айтқанда жасырмай:

Таспен ұрдым жіберіп,

Күң астындағы басындай.

Былыш етті иленіп,

Бәйбіше астындағы нанындай.

Өтірік болса сақал жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай. ( Алдардың Шықбермес Шығайбайға

қонақ болғаны)


9. – Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды. Мұнан соң олар, екеуi бiр таса жерге, қалың шөптiң арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрiнбеген соң, ұясына келiп қонды. Бiтегенеден соң Үсен түрегелiп, жүгiрiп ұяға барып едi, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа iлiнiп қалған екен. (Ы.Алтынсарин. Бай баласы мен жарлы баласы).



1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай атамыз жырлап өткендей, Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарғанша кезекті әнге берейік.

2-жүргізуші:

1. 4 «В» сынып оқушысы Темірбек Әлфарабидің орындауында «Жанкүйер» әні. Қабыл алыңыздар

2. Жанай, Адема, Диананың орындауында «Менде жұлдыз боламын» әні. Қабыл алыңыздар

3. «Шашу» триосының орындауында «Нұрлы көктем» әні. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарып болған болса, сөз кезегін Сіздерге берсек. Оқушыларды марапаттау.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Ертегілер әлеміне саяхат» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сіздер Ғажайып ертегілер әлемінде жақсылық әрқашанда зұлымдықты жоятынына көз жеткіздіңдер. Әрқашан жақсылықтың жеңіп шығатынына сеніңіздер.

Бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 маусым
1607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі