×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ
Құрметті аттестация тапсыратын ұстаздар аттестацияға арналған сұрақтар мен оның жауаптары дайын болды. Біз оны арнайы кітапша ретінде шығардық. Толығырақ: 8-(707)-358-15-26 осы номерге дәл қазір хабарласыңыз немесе ватсапқа жазыңыз.

Ертегілер жинағы

Автор:Төлегенқызы Гүлзамира
Бағыты: Өзін-өзі тану
Бөлімі: Өлең, ертегі, әңгімелер
Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-06-15

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Өзін-өзі тану пәні мұғаліміне



Әулиекөл балабақшасы» МКҚК

«Білім беру үрдісіндеарналған ертегілер жинағы»





2014 жыл


Кіріспе.................................................................................................................................3Шалқан................................................................................................................................6Бауысақ...............................................................................................................................6Мысық, әтеш және түлкі.................................................................................................7Торғай мен тышқан...........................................................................................................8Қияр мен қырыққабат.......................................................................................................9Құлын, қозы, лақ................................................................................................................9Шұбар тауық.....................................................................................................................9Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?.......................................................................9Үш аю.................................................................................................................................10Күшік пен мысық..............................................................................................................11Көкөністер туралы ертегі..............................................................................................11Маша мен аю.....................................................................................................................12Мысық пен тышқан..........................................................................................................13Су жүрек қоян...................................................................................................................14Торғай мен тышқан..........................................................................................................15Түлкі мен қасқыр..............................................................................................................15Үш жалқау.........................................................................................................................15Сауысқан мен көкек .........................................................................................................16Төлдердің айтысы.............................................................................................................16Аққу – қаздар.....................................................................................................................17Екі сараң қонжық.............................................................................................................19Әтеш пен тоты...............................................................................................................20Қасқыр мен ит.................................................................................................................20Ақылды лақ.......................................................................................................................23Арыстан күшігін асыраған мысық ..................................................................................24Екі қаз, бір бақа................................................................................................................24Адасқан құмырсқа............................................................................................................25Ат пен есек.......................................................................................................................25Екі әтеш............................................................................................................................26Мақтаншақ қоян...............................................................................................................27Түлкі мен тырна...............................................................................................................27Масақ..................................................................................................................................28Айлакер түлкі....................................................................................................................29Алдар көзе мен Шықбермес шығай бай.........................................................................30Не дәмді?...........................................................................................................................32Ертегіде қонақта.............................................................................................................32Жеті лақ ...........................................................................................................................33Алтын балта......................................................................................................................33Ең қымбат байлық............................................................................................................34Нан қайдан шығады?........................................................................................................35Жеті өнерпаз......................................................................................................................36Алтын балық.....................................................................................................................38Түйме қыз..........................................................................................................................40Көлбақа мен құрбақа........................................................................................................42Күн, Ай және қораз...........................................................................................................42Айна....................................................................................................................................43Ағайынды екі қыз..............................................................................................................43Үш қыз...............................................................................................................................44Жалаңаяқ бақташы.........................................................................................................45Кітап сөзі..........................................................................................................................46Ақылсыз өгіз......................................................................................................................48Жеті қазынаның бірі.......................................................................................................48Мақта қыз бен мысық......................................................................................................48Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?........................................................................51Пайданылған әдебиеттер...............................................................................................52


Кіріспе. «Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі» Ы. Алтынсарин. Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.  Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.  Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Көркем әдебиет сабағында ертегілерді пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады.  Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.  Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық - педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады: Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды. 3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.  Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын:






Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды. Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.  Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады. 


  • Әтеш, Әтеш
  • Мысық, досым,
  • Әтеш, Әтеш
  • Мысық, досым,
  • Әтеш, Әтеш







Жыламашы, аташым! Мұңаймашы, әжешім! Жұмыртқа тауып беремін, алтын емес жылтылдақ, ас боларын-керегін!

Күндердің күнінде бір торғай ұшып кеп, бір шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастады. Мұны көріп, қожайынынң мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған мысық бір мезетте шоршып барып торғайды бас салады. Қанатынан қапсыра тістеп тұрып: - Енді бір жақсылап тоятын болдым!- дейді. - Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі! Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де, жуынғаннан кейін барып тамақ жейді,- дейді торғай.
Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен. Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті.








Шиқ, шиқ, шиқ!Тышқандар осылай ән детiп, үй еденiнiң астын думандатып жiберiптi. Мұны мысық естiп, шошып оянады да, тышқандардың мына әндерiн естiсе, қожайыным көзiмдi құртар деп қорқады. Мысық айлаға көшiп: Бұған әбден ызаланған мысық едендегi кiшкене саңылауды аңдып жатып алыпты. Мысықтың иiсiн алыстан сезетiн ересек тышқандар саңылауға жоламайды.Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген ата тышқан: Мысықтың ұры, әрi жалқаулығынан, тышқандардың еркiнсiнуiнен мезi болған үй иесi бәрiнiң де көзiн жоғалтыпты. Өйткенi олар ұрлықпен күнiн көрiп жүрген жалқаулар едi.

Осы мені түлкі шығар аңдып жүрген! – деп қоян қорқып зыта жөнеледі.Жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп томаршаға отырғаны сол еді, тағы да бұтанын арасынан сыбдырлаған дауыс шықты. Қасқыр емес пе екен, мені аңдып жүрген! – деп үрейі қашып, қоян тағы қаша жөнеледі. Ол жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп сәл дамылдайды. Неліктен мен сондай бақытсызбын? Менен ешкім қорықпайды, мен болсам бәрінен қорқамын? Сорлы басым-ай, одан да бұл қайғыдан суға батып өлгенім артық қой, - дейді ол қамығып. Сөйтіп, ол өзенге жүгіріп келсе, жағада бақа отыр екен. Сұр қоянды көре сала бақа есі шығып бақылдап суға секіріп кетеді. Мұны көрген қоян тоқтай қалып, таңдана, өз-өзіне: - Мен осы несіне суға батам, меннен деқорқатындар бар екен ғой! – деп райынан қайтыпты.




  • Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап, білші.
  • Басың өте қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүріп, құйрығыңды мұзы ойылған суға қоя қойғын,-дейді.




Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға  кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі.Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. Шібилер жетім өседі.

  • Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек-шелек сүт, қарын-қарын май, ірімшік алады, етімізді жейді. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ! – депті.
  • Орынсыз мақтанбаңдар! Иеміз бізден қымыз алады, етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды. Адамның мінетін көлігі де – біздер! – дейді.
  • Үндемей, монтиіп тұрған бота:
  • Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді! Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған еш нәрсе жетпейді, - дейді.
  • Осы кезде адам:
  • Төлдерім, босқа таласпаңдар! Сендердің әрқайсыларыңның өз орндарың бар! Адам үшін бәрің де пайдалысыңдар, керексіңдер! – деді.


– Ал, қызым, ақылды бол! Үй мен Ванюша – өзіңе аманат. Бауырыңды көзіңнен таса қалдырма. Саған сеніп кетіп барамыз, жарай ма? Біз сендерге қаладан базарлық ала келеміз, – деп қатаң ескертеді де, қоштасып жолға шығады.

-Бұлай да бірдей емес, деп тынымсызданады.


Ерте, ерте, ертеде, ешкi құйрығы бөртеде бiр шаруа өмiр сүрiптi. Оның күшiк күнiнен өсiрген жалғыз итi бар екен. Шаруа шалғымен шөп шауып, қой бағып күнелтiптi. Ол ертеңгiсiн ерте тұрып қырға қой бағуға кетердiң алдында, үйiн, қора-қопсысын күзетудi итiне тапсырады екен. Итi де өзм iндетiне ұқыпты қарап, үй маңына ешкiмдi жолатпапты. Шаруа жұмыстан келгенiн деитiн еркелетiп, басынан сипап:Түн үресiң бiр тынбай.Қожайынға адалсың,Жақсы көрем ырысымдай.Үйiмдегi көзiмсiң.Қожайының демалып,Бiрер уақыт көзiлсiн, – деп, үйiне кiрiп демалады екен. Осыны көптен сырттай бақылап жүрген бiр көкжал қасқыр иттi қожайынға мазақ етпек болып айлағакөшедi. Оның бiр дамылдаған сәтiн пайдаланып, қорадағы қозыға түспекке ыңғайланады.Бiр күнi түнгi күзеттен шаршап, күншуақта бойыжылып, мызғып кеткен иттiң мұрнына жағымсыз иiскеледi де, ұйқысынан шошып янады. Жан ұшырып қораны айналса, күнi бұрын қазылған арқылы қасқыр: Жылы-жұмсақ қозылар,– Ет тәттiлiгiн қойса, мен жегенiмдi қоямын, – дейдi қасқыр гүр етiп. – Қазiр мен сенiң қармағыңа түстiм. Не iстесең де қолыңдамын. Бiрақ мен бiр нәрсеге түсiнбеймiн. Қожайыныңа құйрығынды бұлғаңдатып, оған адал қызмет еткенде, iшiп-жейтiнiң қалған-құтқан бiрдеңелер. Өзiңдi аямайсың ба? Түнiмен ұйқы көрмей, шәуiлдеп үрумен боласың. Иең ашуланса, бұрышта бүк түсiп, iшiң бұратылып аш жатасың. Анау сала құлаш шынжырың мойныңды ауыртады. Сенi осыншама бейнетке салатындай адамның қандай құдiретi бар? Мен сияқты берсе – қолынан, бермесе – жолынандеп, жұлып жеп күнелтпейсiңбе? Өзiң туыссың. Бiрге өмiрсүрейiк.Ит ойланған кейiп танытады. Қасқырдың көзi оттай жанып, iшiнен: «Әп, бәлем, қармағыма түстiңбе? Қарным ашқан күнi бiр-ақ бүктеп, тарамыс-тарамыс етiңдi талшық етсем», – деп зымияндана қарайды.– Ау, Қасеке, мына сауалыңа мен жауапберейiн, – дейдi ит әңгiменi ұзаққа созғысы келiп. – Туыс екенiмiз рас. Енемнен туып, көзiмдi ашпай тұрғанда, осы адам менi есiгiнiң көзiне жатқызыпты. Қашып кетер қауқар қайда. Әттең, сол кезде өзiңе кездессем ғой. Бiрге iлесiп жүребер етiнедiм. Сонан соң көзiмдi ашып, еңсемдi көтерген кезде, темiр шынжырлы қарғы бау мойныма iлiндi. Қайтып құтыласың? Қараптан-қарапаштанөлесiңбе? Қораны айналып, қой күзеткен болып үрдiм келiп. Сонда өзiң маңайыма жақындамадың да ғой. Алыстан қарап, менсiнбедiң менi. Амалсыздан үйдiң күзетшiсi атандым.Қасқыр мына сөзге мәз болып қалды. Шоқиып отырған күйiм ақтана жөнелдi.– Әй, туысым-ай, ол кезде сенi көрдiм дейсiңбе? Әйтпесе бөлтiрiктерiме ертiпжүрiп, аңғасалатын едiм. Алтайдың қызыл түлкiсiнiң терiсiн паршалатып, етiн жегiзередiм. Құм қоянының су жүректiгiн бiлмейсiңғой. Түрiңдi көрсе, көзiбадырайып, алдыңа жата қаларедi. Бойыңжазылып, мына мен сияқты елiк атаулыны қадам бастырмас едiң. Алты қырдың астындағыны сезер ақылды болуың ғажап емес. Жауыңа кектi, жорыққа мойымас едiң.Сол сәт қора iшiндегi қозылардың у-шу үнiн естiп, сiлекейi шұбырған қасқыр сөзiнен жаңылады. Ит асықпайды, оны тағы да әңгiмеге тартады.– Ау, қасеке, сiздiң мiнезiңiзде мен түсiнбейтiн ғажап бiр қасиет бар, – дейдi қасқыр дымақтап.– Ол қандай қасиет? – қасқыр ырза боп, тiсiн сақылдатты. – Әй, итiм-ай, туыстықты қадiрлейтiнiң бiлiнiп тұр. Менiң iшкi сырыма үңiлген сияқтысың ғой.– Қасеке, ол қасиетiңiз өзгенiң де, мәселен, бiздiң де қамымызды ойлайтындығыңыз. Қазiр ғой, мына қораға кiресiз де, мен сияқты өзiме ғана жетедi деп бiр қойды теңдеп әкетпейсiз, түгел жусатасыз да саласыз. Өлек сенi адам атаулы жемейдi. «Арамдалды» деп отар маңынан аулақтау жерге тастайды. Ертелi-кеш тамағымыз дайын. Осындай ғажап мiнезiңiзге таңмын, – деп ит бiр тоқтады.– Тауып айттың, итiм, бұл қасиеттi үйрену үшiн талай ақыл керек. Бабаларымыз: «Ақылмен жесең – асап жейсiң, ақылсыз жесең – аз-ақ жейсiң», – деп айтып кетiптi ғой, – дейдi қасқыр.– Осы, Қасеке, аң атаулы ақыл жағынан сiзге тең келмейдi. Түйе үлкен болғанымен, оның түймедей ойы жоқ. Сiз оның шөгiп жатқан сәтiн аңдып, өркешiнен бiр аттап кетсеңiз, орнынан тұра алмай қалады. Шамасы, жүрегi жарылып кететiн болар. Жылқы атаулыны атама, ақымақ мал ғой.Құйрығынан жабыссаңыз, бiткенi, шiренетартып, жiбере салғаныңызда, өзiнен өзi омақаса құлайды. Арыстан мен жолбарыс күштiлiгiне, сiлеусiн шапшаңдығына сенедi. Түлкi тышқан аулағанға мәз. Шибөрiiнiңiзқойдың майлы құйрығын сорғанын мақтан етедi.– Әрине, әрине! – деп қостады қасқыр мәз болып.– Қасеке, осы сiз қойшыдан қорықпайсыз ба? – дедi ит сыр тартып.– Әй, бауырым-ай, бiздiң туыстардың «Өгiздi қойшы – өлген қойшы, жеп болғанда көрген қойшы. Түйелi қойшы – тұрған қойшы. Жаяу қойшы – көңiлi қаяу қойшы», – деп, айтқандарын естiмеппе едiң? Жалғыз-жарымай далада кездессiншi, екi-үшеуiмiзжан-жағынанқардыборатыпберейiк. Сабазыңесiшығып, қойды тастай қашады.– Адамнан да қорықпайтын жүрек жұтқан ағайынсыңғой. Бiзге ондай батырлық қайда? Рас, басқа түссе, қоянын аулап, түлкiсiн қырармыз. Сiз сияқты iн де қазармыз-ау, бiрақ ол бiзге ақпанның ақырған аязында пана болмайды ғой. Қарғыс атқыр аңшы атаулы жүйрiк атқамiнiп, шошақ мылтығын асынып, ойда жоқта кездесе қалса, саудамыздың бiткенi. Менен сорлы жоқ шығар бұл дүниеде, – деп, ит ұлып жата кеттi. Мұнысы иесiне берген белгiсi едi.– Айтпақшы, Қасеке, ұлу демекшi, осы сiздер туыстарыңызды қалай ғана iздеп таба қоясыздар, – дейдi ит кенет басын көтерiп.– Ұлудың да неше түрiбар-ау. Әлде қалай олжа кездесiп, жалғыз шамаң келмесе, ұлымағанда қайтесiң. Қазiр «У-у-у» дейiншi, туыс атаулы жан-жақтан сабылып жетедi. Бiрақ оңай ол жаға оларды ортақ қылып нем бар, – дейдi қасқыр бөсiп.– Онда мен сенен қалмаймын, – дейдi ит. – Туып-өскен жерiңдi қимайды екенсiң. Қоштасып кетейiн. Көзiмдi ашып, күнде майлы жуынды iшкен жерiм, қош, у-у! Қарғы бау тағынып, шынжыр сүйретiп күзеткен қорам, қош, у-у! Тамақ бермей, таяқпен басыма ұрған қожайыным қош, у-у!Қасқыр мәз болып, iшек-сiлесi қатқанша күледi. Итiнiң ауық-ауық ұлығанынан оянып кеткен кожайын қолына мылтығын алып, қораны айналады. Ұлып отырған итiнiң жанындағы касқырды атып алады. Ақылды ит қасқырды осылай қолға түсiрiптi.
Оны естіп отырған аю- «бұлар аюдың етін жейді екен ғой»-деп ойлапорнынан атып тұрыпай-жайға қарамай тұра қашыпты.Зытып келе жатса қарсы алдынан қасқыр кездеседі. Аюдың қылығына танданған қасқыр Бұған аю айтады: мына белдің арға жағындағы бұлақтың жағасында бұзау,тоқты,лақ үшеуі тұрады. Соларды байқап көрейін деп барып ем өзімді жеймін- деген соң ,сорға қашып құтылдым.Оған аю көнбей , жүрексініп -жоқ мен бармаймын өзін-ақ бара бер –дейді.Сол арада қасқыр жіп тауып алады да ,бір ұшын аюдың мойынан ,бір ұшын өзінің мойнын байлайды да,сөйтіп аюды зорлықпен ала жүреді.Аюды жетелеген қасқыр тартса, тартса қосқа жақындағанда лақ жүгіріп сыртқа шығып :Онда өзіміз-ақ барайық- деп айтады қалсыраған қасқыр.Сонымен екі қасқыр қосқа қайта барады.Бұларға қолдана шарасы таусылған бұзау,тоқты,лақ бәйтерекке шығып алады. Лақ бас жағына,тоқты орта тұсына ,бұзау олардан төменірек орналасады. Бәйтеректің түбіне келген соң әлгі жолда қосылған қасқыр: -кел екеуміз мына ағашты ырғайық. Аналар алма құсап жерге төгіліп түседі-деп ағаш астына келіп дайындалып тұрғанда ,бұзау отырған бұтақ сынып кетеді де жерге топ ете түседі., содан сескеніп тұрған қасқырдың бел омыртқасы үзіліп кетіпті.Бұдан кейін аю қылқындырып кеткен қасқыр қорқып өз бетімен қаша жөнеледі.Сөйтіп бұзау,тоқты.лақ ажалдан аман қалыпты.Күзде ескі жұртына қайта көшіп келген иесі аман есен жайылып жүрген малын тауып алыпты. Арыстан күшігін асыраған мысық Бір мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да, оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып: - О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - дейді.Сонда мысық: - О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! - дейді.

Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта тұрыпты.Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды.– Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз.Бұны бақа естiдi.. – Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа.– Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек.– Оңтүстiк жылы ма?– Иә, жылы.– Онда маса, шiркей көп пе?– Иә, көп, – дедi үйрек.– Онда менi ала кетiңдер.– Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың?– Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа.. Бақа бiраз ойланды, сосын:: – Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.– Жарайды, – дедi үйрек.Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа.Бұл қызық көрiнiс болды.Бұны балалар көрдi.– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр.Бақа мақтанып кеттi.– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа шалшыққа құлап түстi.




















Ертегіде қонақта.


Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.




Нан қайдан шығады?




Жеті өнерпаздың үлкені аспанға ұшып, қызды көтеріп ұшқан қара құстың көлеңке ізіне түсіп қуады. Бұлар көкте жеті күн, жеті түн ұшады, сегізінші күн дегенде құсты көреді: бір дарияның жағасында құс отыр, қыз шашын тарап тұр екен. Қуғыншылардың дабыл қағып, ұшқан екпінінен қорқып, қара құс қызды алып, тағы да аспанға ұшады. Сонда қуғыншылар: «Қыздан айырылдық», -деп жылайды. Жігіттердің үлкені екіншісіне: «Өнеріңді көрсет», - дейді.



Дәрменсіз кішкентай Түймеқызға инелік те, көбелектер де көмектеседі. Сүйкімді қыз белдігін шешіп, бір шетін жапыраққа байлап, екінші шетін инелікке ұстатады, ал ол шаршағанда көбелекке береді. Қайыққа айналған жапырақты тез ұшқан көбелек су бетінде зырылдатып жүздіріп келе жатады.Енді құрбақа баласымен маған жете алмас деп Түймеқыз іштей қуанады.






АЙНА-бір беті шағылдырушы қабатпен қапталған шыны немесе талл дене.









-Апа,мен қайтсем жақсы оқимын?-дейді. Еңбегі жанып, мәртебесі өседі.Ал оның атағын естіп әке-шешесі «Біздің баяғы қара теңтегіміз ақыл кіріп,адам болыпты»-дейді көздеріне жас алып.Сөйтіп ,Ғалымжан кітап сөзіне ден қойып,адам болған екен.
«Жылқылар шауып,жиі орындарын аумастырады екен ғой» - деп ойланып тұрған да,оларға қасқырлар тап береді.Жылқылар қашып үлгіреді.Қасқырдың қамауына қалған өгіз.


Ерте, ерте, ертеде,Ешкі құйрығы келтеде,Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.Мақта қыз (Мысығын шақырады)- Мияуым менің, қайдасың?- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.Мақта қыз:Мысығым-ау, мысығым,Тарғылы жақсы түсінің.Таңертең де, кеште де,Бетін жуған пысығым.Піш - піш десем, келе ғой,Айтқаныма көне ғой.Шақырғанда піш-піш деп,«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.Мысық:Менің атым мысық,Екі көзім қысық.Тышқан аулап отырамынСүт-көжемді ішіп –дейдіМысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?Мақта қыз: Айтпаймын!Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)Мысық: Берші, құйрығымды!Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер! Сөйтіп, мысық сиырға келеді.Сиыр:Менің атым сиыр,Өрісім алыс қиыр.Етім үшін, сүтім үшін,Адамдар маған үйір - дейді.Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.Сөйтіп, мысық ағашқа барады.Ағаш:Мен жасыл ағашпын,Күтсеңдер гүл ашам,Жолыңа нұр шашам,Жапырағым азық,Бұтағым қазық.Саяма сағаларсың,Салқындап дем аларсың.Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.Қыздар:Су - тіршілік негізі,Онсыз өмір сүрмейсің.Тазалықтың негізі,Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.Тауық:Мен ақ тауықпын,Өзім қақсауықпын.Күніне бір жұмыртқа табам,Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.Тышқан:Мен тышқанмын,Өзім дән екпеймін.Егістен ұзап кетпеймін,Айналам толы ән,Қоймам толы дән,Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.Мысық: Мақта қызбен қосылып « Қошақаным» әнін айтып береді.Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағыздымысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмірсүрген екен.Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды?

















4. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие5. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.



50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.