жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік : «Наурыз бата» мектепалды даярлық орыс тобы
Махатова Бибихадиша Омаровна -қазақ тілі мұғалімі
№65 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы
Ертеңгілік : «Наурыз бата» мектепалды даярлық орыс тобы
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы бата түрлерімен таныстыру. Бата сөздердің қыр-сырын терең ұғына отырып, олардың халқымздың өміріндегі мән-маңызын ашу, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айқындау. «Тақия тастамақ», «Қазақша күрес» ұлттық ойындарын ойнау арқылы балаларды жылдамдыққа, сақтыққа, көзбен көрмей есту қабілеті арқылы сезе білуге үйрету. Сонымен қатар көпшілік алдында өз өнерін көрсете білу қасиетін қалыптастырады.
Міндеттері:
- бата сөзінің шығу тарихына зер салу;
- бата түрлерін ажырата білу;
- адам өміріне батаның тигізер пайдасын түсіндіру;
- балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету;
- ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту;
- қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, құрылған киіз үй, ұлттық бұйымдар,ұлттық киім киген балалар, салт –дәстүрге байланысты жабдықталған.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар.
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Әже:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(шашу шашылады)
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді
Ұлыс күні қазан болса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар деген - бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз бен Наурыз да келіпті. Келіңіздер , төрлетіңіздер.
(Ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келеді)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
1 бала:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
2 бала :
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
3-бала:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Биден шашу шашайық!
Би: «»
Салт - дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша
Қазақтың ұлттық ойыны:
Тақия тастамақ
Ойын шарты :Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Биден шашу шашайық!
Би: «»
1. Жаңбырмен жер көгерер,
Батамен ел көгерер.
2. Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар.
3. Ақ тілек аянды болсын,
Ақ бата баянды болсын.
4. Атасыз үй — батасыз,
Анасыз үй — панасыз
5. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер
6. Ата өнері - балаға мұра.
7. Асыл тастан шығады,
Өнер жастан шығады.
8. Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз - дария.
9. Ақылдының сөзі қысқа,
Көпке болар нұсқа.
10. Шешен сөз бастар,
батыр қол бастар.
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1.Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?
(Жауабы:Наурыз көже,бауырсақ,құрт,жент,талқан, жеті нан,қазы - қарта т. б.)
2.Наурыз тілек деген не?
(Жауабы: наурыз тілек –адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына туыстары мен досарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
3.Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?
(Жауабы: Тақия тастамақ, Қол күрес)
3.Бата дегеніміз не?
Бата беру - адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны көбінесе көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер даналар, дуалы ауыз билер берген. Жиында жасы үлкен ешкім болмаса, көптің рұқсатымен жас болса да өнегелі, жөні бар адамға берген. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді, ер бала отырса, соған сөз береді. Алайда халқымызда батырларға ардақты аналард да бата берген .
Бата - қысылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, әрбір іс-әрекетке даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата берген кезде жиналған жұрт қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!» - деп айтып, тыныштық сақтауға, бір – бірімен сөйлеспеуге, күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.
4. Қандай бата түрлерін білесіңдер?
1. Ақ бата;
2.Ас батасы;
3.Жол батасы;
4.Рамазан батасы;
5.Серттесу батасы;
6. Наурыз батасы.
Ақ бата көбінесе жаңа туған нәрестеге, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі бастаушыларға, басқа да түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларда беріледі.
Ас батасы — ас келгенде және
асты қайыру кезінде жасалады. Рамазан батасы — үш күнгі ораза айтта
айтылатын ізгі тілек, жақсы
ниет.
Жол батасы — ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады .
Серттесу батасы (Баталасу) - құдалықта, серт пен уәдеде, елщілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын рәсім. Ол - хан, ақсақалдар, билер алдында қол алысып орындалатын әдет-ғұрып. Оны бұзу, яғни, «батаны бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды - елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды.
Наурыз батасы - наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.
Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
Ендігі кезекте өнер көрсеткен балаларға үлкендерден наурыз бата сұраймыз. Қыдыр ата балаларыңызға батаңызды беріп жіберіңіз!
Наурыз бата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп бүгінгі ұйымдастырылған Наурыз бата атты мерекеміз аяқталды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген