Ертеңгілік
«Айналайын ақ мамам»
«Ә.Махутов
атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
Тәрбиеші
:Карайдарова Лаура
1-жүргізуші:Армысыңдар,құрметті
қонақтар,қадірлі ата-аналар бүлдіршіндер
Сіздерді халықаралық 8-наурыз аналар
күнімен құттықтаймыз.Бүгінгі ”Айналайын
ақ мамам” атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Армысың әжелерім аналарым
Мейірбан
аппақ көңіл даналарым
Гүл
көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды
сіздерді балаларың
Аналарға,деген
“Құлыншақ” тобының өнерін тамашалаңыздар!
(Музыка
әуенімен балалар ортаға шығады.)
1-жүргізуші:Армысың
ару қыздар,абзал ана!
Анаға
тең келетін бар ма дана
Мерекең
бүгінгі құтты болсын
Қуанышпен
құшағың гүлге толсын
Хор:
”Ақ мамам”
2-жүргізуші:Кезекті
балаларымыздың тақпақтарына береміз.
1.Амалбек:
Ақ жүректі сақтаған
Жарқын
жүзің бақ маған
Ақ
бетіңнен сүйетіп
Келші,келші
ақ мамам
2.
Ержігіт: Жүре берсем қасыңда
Әйбат
анам әй анам
Ботам
деген даусыңа
Мен
мәз боп марқаям
3.Саят:
Ана біздің күніміз
Ана
біздің гүліміз
Ұлыңды
ана қуантып
Ұзақ
өмір сүріңіз
4.Рсалы:
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны
білінбейтін
Маңдайымнан
иіскеп менің
Құлыншағым
күлңм дейтін
5.Шәмиль:
Әже деген көп шығар
Әжемдей
менің жоқ шығар
Мейірімді
бұл кісі
Қандай
ғажап күлкісі
1-жүргізуші:
“Асыл әжем” орындайтын: Темірғали
Ақжүніс
6.Айымжан:
Сыйлаған маған өмірді
Анашым
менің аяулы
Жүрегі
жұмсақ көңілді
Күн
шуақты саялы
7.Нұрилла:
Ақыл ойың данаңың
Ана
тілден аламын
Ана
тілім ардақты
Ақ
сүтіндей ананың
8.Ақжүніс:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана
дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана
деген бәйтерегі өмірдің
Ана
деген алтын қазық алтын бақ
О
адамдар қадірлей біл ананы
Жат
қылыққат ақыл ойды танытпай.
9.Бекасыл:
Баланың
да тірегі
Ананың
да тірегі
Ауырмасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі
Ән
орындайтын, Нұрбақыт пен Нұртілеу
“Қуырмаш”әні.
10.Ұлдана:
Анашым, анам
Ризамын
саған
Тілеңді
алам
Ақылды
балам
11.Нұрбақыт:
”Жаным күнім” дегенді
”Құлыншағым”
дегенді
“Ботақаным”дегенді
“Қошақаным”
дегенді
1-жүргізуші:Олай
болса келесі кезекті ойынға берейік
Даусынан таны
12.Нұрайым:
Ана деген- мейірім
Ана
деген- шапағат
Ана
деген-құдірет
Ана
деген-махаббат
13.Нұртілеу:
Ана біздің- досымыз
Ана
біздің-ұстазымыз
14.Жаннұр:
Шашымды өріп тараған
Қабағыма
қараған
Улкен
-кіші демейді
Сыйлайды
оны бар адам
15.Мерей:
Үн қатасың бал тілімен
Еркелеймін
әр күнімен
Құттықтаймын
анашым
8-ші
наурызбен
16.Жансезім:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл
анам мерекең
Құтты
болсын жандырған
Қуанышты
мерекең
Ән:”Анашым”
Бекораз Амалбек
17.Айша:
Шай қайнатып келейін
Шекер
салып,жан әжем
Өзім
құйып берейін
Балдай
тәтті,бал әжем
18.Мирас:
Айналайын анашым
Көкте
күн боп жанасың
Ет
жүрегің елжіреп
Құшағыңа
аласың
19.Қарақат:Аналарды
сүйеміз
Сөзін
ойға түйеміз
Әжені
деп ардақтап
Әдеппен
бас иеміз
20.Арай:
Менің әжем мейірбан
Мені
жақсы көреді
Қажетіне
жарасам
Жас
балаша күледі
21.Ақбөбек:
Менің әжем,гүл әжем
Алтын
әжем, күн әжем
Анам
үшін, мен үшін
Нағыз
әжем,жан әжем
Би:Жалқаубек.Балалардың
анааларға арналған қолөнер бұйымы қарсы
алыңыздар.
2-жүргізуші:жер
бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке
жалғаған өсер ұрпағына мейірімділікпен
ізгілік дән егуші аналар мерекесі құтты
болсын.
Вальс:Көктем
аруы.
1-жүргізуші:Барлықтарыңызға
зор денсаулық, мерекелңк көңіл-күй
тілейміз.Осымен 8-наурыз аналар
мерекесіне арналған ”Айналайын ақ
мамам” атты ертеңгіліңгіміз аяқталды.Сау
болыңыздар!