Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған!"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық).

Жасмина:     Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

Санжар: Жомарт көңіл жарқын күз.

Берекесі елімнің,

Қош келіпсің жомарт күз.

Құт қонағы елімнің.

Ерназар:Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

Аделя:  Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 

Арслан: Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Ән: «Осень »

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Мен күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз- жасымды аямай төгіп – төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе,ия, сізді байлық, молшылық, дархан күз деп біліміз. Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5.Жапырақта тасалап,

Өскен жері бақша- бақ.

Күрең қызыл шіркін- ай,

Оның аты – \құлпынай.\

Жүргізуші: Күз ханшайымы бізідң балалар сізге арнап "Құлпынай" биін билейді

Би: "Помалинка"

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалардың өнері ұнады ма сізге?

Күз ханшайымы: ия, балаларыңыз өнерлі екен. Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын:"Кім жылдам?" Бір себетке шыршаны, екінші себетке саңырауқұлақтар жинаймыз. Әуен тоқтағанда кім көп жинағанын білеміз.

Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Мен енді жүрейін.Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, қуаныш, шаттық акелсін.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, сізге мың алғыс!сыйлығыңызға рахмет.

Күз ханшайымы кетеді.

Сахналау
Айым:
 Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Санжар: Енді, енді не етеміз?!
Айымға қалай көмектесеміз?
Арслан:  Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Айым:  Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзі басылады!
Арслан: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Санжар:  Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Айым: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Амина:\дарігер\ Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!
Амина:\дарігер\ Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын...
 (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Амина: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық
 екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Айым:  Енді не істеймін?
Амина:\дарігер\ Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Айым: Рахмет дәрігер.

Жүргізуші: Көкөністер бірі де,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Дәрігер дұрыс айтады денсаулығымыз жақсы болу үшін көп жеміс, көкөністер жеу керек.

Күзде тағы не болушы еді?

-Құстар жылы жақа ұшып кетеді.

- Жапырақтар түседі

Жүргізуші: Дұрыс.

Балалардың орындауында "Күз қандай тамаша" әнін тыңдаймыз.

Дастан: Санай бер,

Қарай бер.

Бояуы жүз,

Келді күз.

Айым: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр,сыбдыр түседі.

Жүргізуші: бізідің балалар бір- бірімен дос болғанды ұнатады. Сіздерді қуанту үшін. "Борбарики" биін қабыл алыңыздар

"Борбарики" биі

Амира:Қуаныштың ағайын Назым: Алтын нұрдай тамшылап, Коңырауын қағайын, Жапырақтар төгілді. Қуандырып біздерді, Біздің өмір таң шуақ, Өлкемізге күз келді Біздің өмір көңілді.

Сулейман: Жайсаң жаз өтті,күз келді.

Сарғайтты бақты даланы,

Құстар қайтып ән салып,

Бұлт торлады даланы.

Жүргізуші: Жапырақтар түседі тағы не болады? \жаңбыр жауады\

Ән: « Жаңбыр» »

Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.

Бала : Autumn leaves are falling down,

Falling down, falling down,

Autumn leaves are falling down,

Yellow, red, orange and brown

Мадияр: Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді .
Ерасыл: Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 
Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 

Альмира: Кездескен соң күзімен,
  Бұтағынан үзілді.
  Ай жапырақ-сары алтын
  Айналаның бәрі алтын.

Диас: Бұл мезгіл бізге,

Тұр барын жайып.

Табиғат күзде,

Қалады байып.

Жүргізуші: 

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Қолшатыр»

Т.Санжар: Күзім ау- күзім- ау,

Мінезің қызық- ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық- ау.

Амир: Жемісті мол беретін,

Күз дос екен біздермен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Замира: Алтын күзім елжіреп,

Зеңгір көгін мөлдіреп.

Асыр салып жүре бер.

Сары көйлегің желбіреп.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді «Туған жер» әнімен аяқтаймыз. Күз берекелі, астықты мол болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12