Ертеңгілік "Алтын күз" кіші топқа арналған сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Алтын күз" кіші топқа арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім бері және тәрбиелеу мекемелерінің тәрбиешілеріне керек болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

І-кіші топ «Алтын күз» ертеңгілігі

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді айтқызу. Балаларды күз ерекшеліктерімен таныстыру, күзгі еңбекпен таныстыру. Күз мезгіліне сай ән, тақпақтар жаттатып айтқызу.

Әсем әуен ойнап тұрады. Балалар табиғат корінісімен безендірілген залға кіреді.

Қатынасатын кейіпкерлер: Жүргізуші, Алтын күз.

Жүргізүші: Армысыздар, құрметті қонақтар!

Берекелі алтын күз құтты болсын.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған,

Әнімізді шырқаймыз.

«Күншуақ» тобының күз мерекесіне арнап жаттаған «Күз» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Күз»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, кішкентай ғана балаларымыздың Алтын күзге жаттап келген тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Тақпақтар:

1.Амир:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

2.Зере:

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

3.Димаш:

Жеміс – жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

4.Іңкәр:

Күз байлық береке,

Алтын күз мереке.

5.Алдияр:

Карашы күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

6.Еркежан:

Думан толы асқарлы,

Күз мезгілі басталды.

7.Радик:

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр –сыбдыр етеді.

8.Милана:

Ән салыңдар, келіңіздер

Жайнап гүлдей жүзіңдер.

Күздің тойын тойлаңдар,

Би билейік, ойнайық.

9.Айсана:

Жапырақ ұшты,

Суйық та түсті.

Сонда да бізде,

Қызық көп күзде.

Жүргізуші: Балалар, ойын ойнауға қалай қарайсыңдар? Сендермен бір қызықты ойын ойнасам деп едім.

Ойын: «Кім келді?» деп аталады. Ойнаған әуен арқылы не болмаса кім келгенін тауып қыймылмен көрсету кересіңдер. Келістікпе? Дайынсыңдарма?

  1. Қоян

  2. Аю

  3. «Күз ханшайымы» ортаға әуенмен кіріп келеді.

Күз ханшайымы: Салем балақайлар!

Қандай әдемі болып кеткенсіңдер, тура бір күз мезгілі секілді. Мен сендерге көп сыйлық алып келдім, сыйлық алғыларың келеме? Мен сендерден тамаша бір ән тыңдағым келеді.

Ән: «Топ, топ балақай»

Қыймылмен көрсетіп орындайды.

Күз ханшайымы:балалар, мен сендермен ойын ойнағым келеді. Ненің дауысы? Кәне табыңдаршы.

1.Жел

2.Жауын

Дұрыс айтасыңдар балалар, жел соғып, жауын жауып жапырақтарды түсіріп кетіпті, кәне сол жапырақтарды жинап, айналамызды жинастырып қойайық.

Ойын: «Жапырақ жинау»

Жарайсыңдар балалар. Сендер еңбек етіп, айналаны тазалап қойдыңдар. Еңбек еткен бала сыйлық алуға лайықты.

Ғажайып сәт: Күз ханшайымы дайындаған сыйлықты тарату (алма)

Жүргізуші: Алтын күздің бізге арнап әкелген жемістерінен дәм тататын уақыт болған сияқты.Ал,бүгінгі«Алтын күзге» арналған «Күншуақ» тобының мерекесіне уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар!

Қош сау болыңыздар!!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2019
53594
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі