Материалдар / Ертеңгілік "Ана -өмірдің гүлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Ана -өмірдің гүлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
407
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мереке де келіп қалды

Бізде бәрі дайын ба?

Қазір қыздар келеді

Сазайымызды береді


Айтым ғой мен сендерге ,

Үлгермейміз қазір де

Бәріне қыздар кінәлі

Өлең айтып болғаны


Ұлдар, ұлдар ұрыспаңдар,

Әне өздері келеді

Көңілдірек қарсы алайық

Біздің сұлу қыздарды.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі күн өздеріңізге арналады.




8 – Наурыз Аналар мерекесі
( екі бала бастайды)
1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап, 
Ана деген бәйтерегі өмірдің, 
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлық береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін, 
Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

Мұғалімнің сөзі
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргектеп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан



Ән: «Аналар мерекесі»

Жақсы көреді әжелерін, 
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі, 
Жақсы қандай әжелері.

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Менің әжем айдай»

Али: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Нұралы:Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Би «Бабушки старушки»

«Әжелер» әзіл - әні орындалады.
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық
Келіңдер өсек бастайық
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
Қ - сы
Ой – бай, белім - ай
Қайда кетті келін – ай.

1 бала: Немерем менің блатной
Күндіз тыным таппайды
«Видик көру керек» деп
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Ой – бай сұмдық - ай
Ұят екен масқара – ай!
2 бала: Немерем менің кір – кір боп
Үйдің бетін көрмейді
«Киндер» сатып әпер деп
Еш тыныштық бермейді.
Қ – сы
3 бала:
Немерем менің теңгеге
Үйір болып алыпты
Жүз теңгені сағызға
Аямай бере салыпты.
Қ - сы
4 бала:
Немерем менің ән салса
Махаббат деп айтады
Қызың бар ма деп едім
«Жоқ» - деп басын шайқайды.
Бәрі: Келіңдер келіп қапты ғой
Бізде үйге кетейік
Немере шіркін тәтті ғой
Барына шүкір етейік.


Бастауышы: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болғанын тілейміз. Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар

Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт, 
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен, 
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды, 
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай, 
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып, 
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан, 
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та, 
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым, 
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп, 
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып, 
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы, 
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес, 
Білсеңіздер ана болу!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!