Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ертеңгілік Анашым мерекеңізбен!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ананың мейірімді жан екенін түсіндіру.Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Ананы сыйлауға,құрметтеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анашым мерекеңізбен!

(Ертеңгілік)

Жүргізуші:

Туғаннан құлыным деп аймалаған

Өзіңдей қамқор ана қайда маған

Дүние аналармен көрікті ғой

Анасыз бұлбұл құста сайрамаған


-Армысыздар ақ жаулықты аналар, асыл әжелер, қызғалдақтай қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі аналар күнімен құттықтаймыз.

Өмірде ана бұлақ, ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай көсем, талай шешен

Талай ер, талай ақын, талай дана!-дей отырып, өздеріңізге арнаған «Қызғалдақ» тобының ертеңгілігін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

1-Меруерт.

Ана-жұмбақ, мен шуақ саябағы

Анам шырақ, мен сұрақ санадағы

Анам теңіз, мен қайық тербетілген

Ана-бұлақ, мен құрақ жағадағы

2-Марғұлан:

Сенсің,ана, жан күші

Сендей болсын,бар кісі

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы

3-Назгүл:

Жан ана, жарық күн жанары

Бір сенде кіндігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сүйемін көктемнің самалын

4-Мирас:

Әлпештеген баласын

Ана бақыт,ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

5-Кәусәр:

Үн қатасың бал тілменен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

8-ші наурызбен


Жүргізуші: -Балалар, бүгінгі біздің аналар мерекесінде қандай сыйлық сыйлар едіңіздер?

-Балалар, сендер білесіңдер ме, ормандағы аңдардың өзі аналарын мерекесімен құттықтайды екен. Сендер аюдың баласы-қонжықты білесіңдер ме?

-Ендеше, балалар,сол қонжық анасына қандай сыйлық сыйлар екен, соны білейік(музыка ойнап тұрады,ішке аю мен қонжық кіреді).


Аю: Жүре ғой қонжығым, ұйқыңды аша ғой, көктем келді, барлық аңдар ұйқыдан оянды. Далада құлпырып кетті ғой.


Қонжық: Анашым мұнда менің де достарым отыр ғой, солармен серігіп алайын. Біраз ұйқым ашылсын.


Аю: Сен білесің бе, қонжығым, бүгін аналар мерекесі. Мен барып мерекелік дастархан әзірлейін. Ал сен, біраз серігіп, серуендеп кел.

Бірақ көп кешікпе жарайма?


Қонжық: Жарайды, анашым! Енді не істедім, аналар мерекесін ұмытып кетіппін ғой. Қандай сыйлық сыйласам болады екен?


Жүргізуші: Сәлем қонжықжан! Сен анаңа не сыйларыңды білмей тұрмысың?


Қонжық: Иә, айтыңызшы, анама не сыйласам екен?


Жүргізуші: Сен анаңа әдемі ән сыйла.


Қонжық: Мен ән айта алмаймын ғой


Жүргізуші: Онда біздің балалар ән айтып берсін, сен осы әнді үйреніп ал да, анаңа айтып бер.


«Ақмамам» әні: Назгүл, Асылжан, Рүстем, Марфуға, Қ.Кәусәр, Марғұлан, Ақниет, Данияр.



Қонжық: Ой, қандай керемет ән, маған өте қатты ұнады, мен бірақ балалар секілді әнді әдемі айта алмаймын, жаттапта үлгермеймін, одан да басқа сыйлық іздеп табайын. (қонжық шығып кетеді).


Жүргізуші:Балалар, қонжық анасына сыйлық іздеп кетті. Ал, біз мерекені жалғастырайық.

6-Айназ:

Шуағыңды сеуіп,

Жайна, анамыз әже!

Жұлдыздарың болып

Айналамыз Әже!

7-Әсия:

Айналайын ана мерекеңмен

Сыйлайыншы саған мен дала гүлін

Мерекелі күннің қандай тамаша,

Кеудеңдегі гүлің қалды жараса.

8-Ақниет:

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным таппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын, ақ мамам.


9-Нұрай:

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит әкеп береді

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.


10-Ақбаян:

Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын, ақ мамам.


Қонжық: Алақай, мен анама сыйлық таптым.


Жүргізуші: Қандай сыйлық таптың?


Қонжық: Міне, мынау менің сыйлығым, бұл-бал. Бірақ көп жеуге болмайды.Енді не істесем екен?

(Осы кезде аралар келеді).


Би: «Қонжық пен аралар» .


Жүргізуші: Анаға деген махаббат туған күннен-ақ басталады. Ананы құрметтеп, сыйлай білейік. Келесі әніміз аналарға арналады.


Қонжық: Енді не істесем екен, анама ешқандай сыйлық таппадым.


Жүргізуші: Қонжық-ау неге көңілсізсің?

Қонжық: Мен анама не сыйларымды білмей тұрмын.

Жүргізуші: Қонжық-ау, көктемде далада әдемі гүлдер көп өседі емес пе? Анаңа бір құшақ гүл сыйла, гүлден асқан жақсы сыйлық жоқ қой.

Қонжық: А-а-а. Шынымен де гүл тамаша сый ғой. Мен оны ойламаппын.

Жүргізуші: Жүр онда сенің анаңа арнап гүл теріп келейік.

Жүргізуші: «Көбелектер» биі.


Тақпақтар:

11-Асылжан:

Менің әжем әліде

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Кажет болса бәріне

12-Зияда:

Кім сендерді балалар тербететін

Еркелетіп,ойнатып,сергітетін

Жалқау болсаң, балалар,жаман болсаң

Қамқор ана көз жасаын көлдететін

13-Қайыржан:

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шашылмасын ешқашан

Аналардың жүрегі

14-Марфуға:

Сөзімізді дұрыстайтын әже

Айғайлап ұрыспайтын әже

Қыдырса, ерте жүретін әже

Ылғи да еркелететін әже

Ән: «Анашым» Арайлым, Айару, Қайыржан,Мирас, Зияда.

Тырна: Қонжық сен не іздеп жүрсің ?

Қонжық: Анама сыйлық

Тырна: Ха-ха-ха онда мен саған сыйлық берейін.

Қонжық: Алақай,алақай

Жүргізуші : Біздің балалар,қонжықты әбден қорқытты-ау,қонжық келгенше тақпақ айтайық аналарға.

15-Қ.Кәусар:

Баққа гүл толғанда

Біз оны жинаймыз

Мереке болғанда

Анаға сыйлаймыз.

16-Рүстем:

Күнім, жаным дегенді

Ботақаным дегенді

Ойлап тапқан аналар.

17-Данияр:

Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де

18-Нұршат:

Келбетінде жылылық

Даладай кең пейіл

Ана деген жылық

Ана деген мейірім.

Қонжық: Кеш болса батып қалды ,мен әлі...

Су бетіндегі ай түскенін көріп қуанып кетеді.

Алақай,алақай таптым,таптым. Шелекпен үйге су алып жүгіріп кетеді.

Аю:Балалар,менің қонжығымды көрдіңдер ме?

Қонжық: Анашым,мен сіздің мерекеңізге сыйлық әкелдім.Ой, ай жоқ ,-деп жылайды.

Аю: Қонжығым,ақылдым, ер жетті деген осы,маған шай қайнатар су әкелдің,маған сый.Сенің өзіңде үлкен сыйсың маған, жүр шаршаған шығарсың шай ішейік.

Жүргізуші: Ана деген –адамзаттың данасы,

Ана деген- сәбилердің панасы,

Ана деген- жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген-қайнар ыстық бұлағы.

Би: Барбарики.

Хор: Ақ мамам.

Аналар мен балалар бірігіп көңіл көтеріп « Дружба,дружба экей» биін билейді.

Жүргізуші: Ана - бар қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,ұлттың данасы,ұрпақ анасы,-деп бүгінгі ертеңгілікті аяқтаймыз. Балалардың сыйлығын қабыл алыңыздар.



Маңғыстау ауданы,Ұштаған ауылы,

«Арай»балабақшасының тәрбиешісі :

Жумабаева Акайнаш Кошкарбаевна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12