жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік Арайлы алтын күз
№7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасы
«Арайлы Алтын күз!»
(II кіші «Қарлығаш» тобының ертеңгілігі)
Тәрбиешілер: Дүйсенбина.Б
2018-2019 оқу жылы
«Арайлы Алтын күз»
Айжан Қайыржан: Қуандырып біздерді, Кел жемісті Алтын күз,
Өлкемізге күз келді, Кемелдеңсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін, Жомарт екен күз деген.
Нұрым: Күздің қазан айында, Алма, алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр – сыбдыр етеді.
Күн суытып жапырақтар түседі,
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз деген.
Әсем: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап,
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қия алмай, маужырап тұр сары күз.
Ашылу Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын ырыс, бірлік ала келді.
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.
Ән «Алтын күз»
Жүргізуші:Балалар, күзде болатын өзгерістерді тақпақпен айтып беріңдерші.
Хумара,Әли, Саялы, Нұрым, Амин, Әсем, С.Томирис, Дилназ, Қайсар.
Хумара: Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
Әли: Сағайдытоғай, сап – сары маңай,
Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып,
Жапырақ ұшты, суықта түсті,
Сонда да бізге қызық көп күзде.
Саялы: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық,
Қараша өрледі, қараша ән салып,
Күн суытып барады, малдар қолға қарады,
Қарашаауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.
Нұрым: Күн суытып келеді, жапырақтар түседі,
Астық жеміс жиылды, қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, алтын күз, алдық өнім сыйыңды.
Амин:Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз.
Ашық болсын аспаның.
Асем: Соңғы шуақ төгіліп салқынданып тұр аймақ.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз,
Жер қызығын қия алмай, маужырап тұр сары күз.
С.Томирис: Сары жібек көйлегің желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Дилназ. Сары жапырақ түзілген,
Торғайды да көрдім мен,
Көрінеді шалғайда,
Бел – белестер сарғайған.
Таза жездей жайнаған,
Сары бояумен айналам
Жүргізуші:
Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.
Бұлттар: Біз бұлттармыз, бұлттармыз
Қолымыздан ұстаймыз.
Көк аспанды торлаймыз,
Күнді жасырып қоршаймыз.
Жүргізуші: Мінеки балалар, күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды. Олай болса балаларымыздың өнерлерін тамашала.
Бұлт: Қане кімнің қандай өнері бар? Менің көңіл күйімді көтерсеңдер, мен сендердің мерекелеріннің шырқын бұзбаймын.
Жүргізуші: Ендеше, ұлдарымызздың биін тамашалаңыз.
Би: «Жаңбыр» (Амин, Нұрым, Әлмухан, Жігер, Нұрасыл, Ерсултан.)
Жүргізуші: Бұлт көңіл күйін көтерілді ме?
Бұлт: иә көңілім көтеріліп келе жатыр әрі қарай балалардың өнерлерін көргім келеді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме балғын балалар! Мені сағына күтіп отырған боларсыңдар. Мен астықты жинап, Табиғат –Ананы қыс мезгіліне әзірлеп қойдым. Бүгін мен өзіммен бірге ойындарымды , ала келдім.
Жүргізуші: Алтын күз! Келіңіздер, төрге шығып қонақ болып, балалардың өнерін тамашалаңыздар. Алтын Күз! Саған байлығың мен астығың, алуан түрлі жеміс-жидектерің мен алтын түске боялған жайлауың үшін мол алғысымызды айтамыз. Жасаған еңбегіңнің алғысы ретінде балалардың өлең шумақтарын қабыл ал.
Балалар тақпақ айтады.
Фариза, Әлімжан, Нұрасыл, Қобланова Айжан, Жігер, Данияр, Айтмухан, К.Томирис, Қобланды.
Күз: Мен сендерге құр қол келгем жоқ, өзімнің қызық ойынымды ала келдім. Қаласаңдар, бәріміз сол ойынды ойнайық.
Ойын: «Агаштарга жапырактарды орналастыру.»
Күз: Балақай! Мен саған да өз жемістерімнен сый тарту етейін. Олардың құрамында дәрумендер көп. Мә мына жемістерді ала ғой. Үйіңе барғанда жерсің. (жеміс салынған себет береді) Есіңде болсын, дені сау балаға ешқандай да ауру жоламайды.
Жүргізуші: Алтын күз дұрыс айтады, балақай! Жемістер денсаулыққа өте пайдалы. Ал біздің қыздарымыз сізге би билеп берсін.
Би: «Жапырақтар »
Жүр: Біздің балаларымыздың өнері мұнымен тоқтап қалған жоқ. Әрі қарай балалардың әнін тамашалаңыздар.
Ән: «Тамшылар»
Бұлт: Балалар әндерін де билерін де тамаша екен ,менің сендермен қоштасатын кезім келді қош сау болыныздар.
(Бұлт қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Алтын күз ендеше баладарымыздың көрінісін тамашаланыздар.
Сахналау. Аңдардың достығы.
(Музыка әуені қосылып тұрады. Екі адам шығады).
-Күн суытты, бізге отын керек? – деп, бір – бірімен сөйлесіп келе жатады.
Ағаш түбінде тиін отырады. Ағаштан ағашқа секіріп жүреді. Адамдар ағашты кесіп алып кетеді.
Тиін келе жатып тоңып, жаурап, бір үйшікке келеді. Үйшікте ешкім жоқ. Үйшікке кіре алмай тұрғанда қоян келеді.
Қоян: Сен кімсің? Менің үйшігімде не істеп жүрсің?
Тиін: Мен тиінмін. Мен үйімнен айырылып қалдым, адамдар келіп мен отырған ағашты кесіп алып кетті. Барлығы қысқа дайындалып жатыр. Ал менің барлық жинаған азығым ағашпен бірге кетті.
Қоян: Тиін, сен уайымдама, кел менімен бірге тұр. Менің жинаған азығым екеумізге де жетеді. Кел, кел! – деп үйіне кіргізеді.
Тиін: Қоян, саған көп – көп рахмет. Мен бұл жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын.
Қоян: Ештеңе етпейді. Достар бір – біріне қиындықта көмектесу керек.
Ойын: «Қолшатыр»
Күз: Ал, балалар, өнерлерің өрге жүзсін. Бүгінгі мереке маған көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әдемі ән айтып, би билеп, шаттық сезімге бөледіңдер. Сендерге көп рахмет. Менің кетуім керек. Сіздер секілді басқа ба балалардың өнерлерін тамашалауым керек. Сау болыңдар!
Ән: «Күз тамаша»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көп рахмет! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген