Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Елбасымен ел көгерер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан түрлі талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту, өлең тақпақтар арқылы сөздік қорларын дамыту, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты: Балаларға президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан түрлі талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту, өлең тақпақтар арқылы сөздік қорларын дамыту, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, карта, көрнекі суреттер.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Бүгін біз "Тұңғыш Президент күнін" атап өтпекшіміз. Құрметті қонақтар "Әсем-ай" ортаңғы тобының "Елбасымен ел көгерер" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
- Балалар, айтыңдаршы осы біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қ. Р - ның рәміздерін білеміз бе?
Олай болса Қ. Р мемлекеттік әнұранды орындауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран.
Тәрбиеші:Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы Қ. Р - ның президенті кім?
Балалардың жауаптары.
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса осы біздің елбасымыз жайлы, оның осы орынға лайықты болып сайланып, өмірі мен отбасымен таныстырып өтейін.
(Слайд арқылы Елбасының өмірінен слайд көрсету)
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы обылысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тәрбиесінде болған. Нұрсұлтан атамыз мектепте өте жақсы оқып, білім алған. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарғанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдалушылығына дейінгі жылдан өткен. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшылық қызметтер атқарады. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болатын. 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығына тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қ. Р Президенті етіп сайлады.
2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз. олай болса ортаға топ бүлдіршіндеріміздің тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Ақнұр:
Бар әлемге шын танылдық, міне біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан.
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Бекзат:
Сегодня в этот мирный час,
Наш Елбасы,
Спешим поздравить вас!

Аяулым:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды

Дарын:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.

Ән: «Тәуелсіз ел ұраны»
Аян:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Гүлсезім:
Құт береке – шаңырақ
Орын алған – ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

Асылзат:

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар,

Қол бастайтын ерім бар.

Сымбат:

Биіктей бер Нұраға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

Би: «Қамажай»

Мұқағали:

Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан-байтақ жеріміз.

Туған елін, жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Айбол:

Қуат алған өзіңнен,
Туған жердің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.


Ақжол:

Ер еңбегі шалқып-асқан,
Ел төрінде бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Аяулым:

Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

Ән: «Атамекен»

Айтолқын:

Елімде тыныш заман болсын
Әр адамға бақыт қонсын
Елімнің ел басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Адина:

Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

Сырым:

Кең байтақ далам бар,

Көркейген елім бар.

Жер беті қызыққан

Астанадай қалам бар.

Нұрислам:

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған ел.

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан-туған ел.

Би: «Батырлыр»

Райана:

Біз бақытты баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туыспыз біз бәріміз
Бір отанды сүйеміз.

Ақару:

Жаса, жаса Қазақстан,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Нұрсая:

Отан,
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Тәрбиеші: Біз салтанаты жарасқан қаласы бар, кең байтақ  ұшан- теңіз даласы бар,  аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етеміз! Ал Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қайтадан жаңарып,  жасарып,бой түзеп,  қазақ елінің бас қаласы атанған  Астана –тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.Олай болса, Астанамыз жылдан жылға көркейіп жасара берсін! Елбасымыз елімен бірге аман болсын. Біз барша бөбектер  Елбасымызға сәбилік жүректен  ақ тілегімізді арнайық!

Бәрі бірге: Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы , біздің сүйікті атамыз, Сізге мықты денсаулық, алаңсыз тірлік тілейміз. Ел  болашағы үшін ұзақ та бақытты   өмір сүріңіз!  





















Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Ақниет» балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын









«Ортаңғы топ» Елбасымен ел

көгерер

(іс-шара)






Тәрбиеші: М.Үйсінбаева












Тамды ауылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12