Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік. «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жалпы білім беретін Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектеп- балабақша кешені

«Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік»


Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру.

Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Көрнекілігі: Н. Назарбаевтың суреті, рәміздердің суреті,ту, слайд, интерактивті тақта

Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті .

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернеп жүректі .

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Бәрі де сенің Отаның

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін.

Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.

-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .

Отан туралы тақпақтар :

Айсұлтан: Отан деген - атамекен,

Отан деген – туған жер

Інжу: Отан – ана, Отан үлкен ,

Қазақстан – туған ел !

Арайлым:Отан ұран ,Отан – туым ,

Отан мәңгі гүлденеді

Томирис : Отан жерім , Отан – суым ,

Отан қуат, нәр береді

Ән : Астана .

Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы :

Хадиджа : Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Арыстан : Отанымның төрінде .

Сарқаның өрінде

Ту ұстаған астанам,

Әсем қалам, бас қалам .

А. Ақнұр: Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,

Қазақ елін, қазақ жерін, Қазақстан.

Тәрбиеші :Осы періште балалардың тілегі қабыл болсын дей отыра бүлдіршіндеріміздің орындауында

Ән : «Отан -ана»

Тазша бала: Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін ?

Балалар : Тазша бала

Тазша бала: Кім айтады ? Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар : Қазақстан Республикасында

Тазша бала: Балалар ҚР рәміздеріне не жатады?

Балалар : Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тазша бала: - Туда ненің суреттері бейнеленген?

Балалар: - Күн, бүркіт, ою – өрнек. 

Тазша бала : Сендер Отан Туралы тақпақтар білесіңдер ме ?

Зере: Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – жеріңде,

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төріңде .

Расул: Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз

Мейірімгүл: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын.

Альмира: Мерекеге шығады

Бүкіл халық,біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік-ұлық той.

Еркемарал: Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.


Жасмина: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн

Тәрбиеші : Қазақ халқы өнерге бай халық, соның ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың биін тамашалаңыздар

Би : «Бомбыра»

Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .

Ұлттық ойын: Күш сынасу.

Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар ! Ал мақал – мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .

Отан – ....(оттан да ыстық)

Туған жердей жер болмас,

(Туған елдей ел болмас)

Өз елің – (алтын бесігің)

Отан – елдің анасы ,

(Ел – ердің анасы).

Тәрбиеші Жарайсыңдар !Енді әнге кезек берейік

Ән: Біз кішкентай салдатпыз

Тәрбиеші : Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер .

Көрініс: «Бірлік»
Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. 
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Ән : «Көк тудың желбірегені»

Тәрбиеші: Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды . Сау болыңыздар !









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12