жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік: Жаңа жыл барысы:
Жүргізуші: Құрметтіата-аналар, қонақтар! Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттансын жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанайық бәріміз.
(музыка әуенімен балалар кіріп шыршаның екі жағына бөліне тұра қалады)
Компазиция: «Жаңа жыл»
(компазиция біткен соң шыршаға арналған тақпақтарын айтады)
Тақпақтар: (жаңа жыл туралы) , (біткен соң бірден отырмай ән айтады)
Ән «Шыршаға бардық» (балалар орындарына отырады )
Жүргізуші:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан.
Аяз ата оралып
Аяқтың қарын қағады,
Есікті ақырын ашады.
Тыңдайықшы қанекей,
(сол кезде залға түлкі Алиса мен соқыр мысық Базилио кіреді)
Базилио:
Балалбақша ғой мынау
Қайда келдік қу түлкі
Тапсаңшы бір амалын
Болмай тұрғанда біз күлкі.
Түлкі:
Жарайды сен ренжіме
Амалын таппас дейсің бе?
Балаларға сыйлықтар
Таратады екен бұлжерде
Базилио:
Ойланбайсың сен неге
Бізге сыйлық бере ме?
Түлкі:
Алу үшін сыйлықты
Асыру керек қулықты.
(екеуі балалардың қасына барып, қулана тілек айта бастайды)
Түлкі:
Балаларым балғындарым.
Өмір гүлім шалғындарым.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулықтарың
Базилио:
Мен мысықпын,мысықпын
Өзім сондай пысықпын.
Тілейтінім сендерге
Болыңдар мен дейсендер де Мияу,мияу,мияу.
Жүргізуші:Сендердің тілектерің жаңа жылдың тілектеріне ұқсамайды ғой? Сендер кімсіңдер?
Түлкі(қуланып): Ах,Базилио бұлар бізді таны
майқалды.
Базилио:Соқырға көмек беріңдер,
соқырға көмек беріңдер!(қол жайып көмек
сұрайды)
Жүргізуші: Мен білсем бұлар нағыз бұзықтар, соқыр мысық мен қу түлкі ғой.
Базилио:Мынаны қара түлкі (шыршаны айналып шығады) Қандай үлкен ағаш?
Түлкі: Сен не? Шырша көрмегенсің бе?
Базилио:Әрине көрген жоқпын. Менің көзім соқыр емеспе?
Түлкі: Шырша, шырша қалай айтсам болады екен? Олағаш. Тікенек, тікенек жасыл ағаш.Балалар мына соқырға түсіндіріп шыршаның не екенін айтыңдаршы?
Тақпақтар: (шыршаға арналған)
Базилио:Қалай шырша әдемі дейсіңдер ме? Қолымды тигізіп көрейінші (қолын тигізеді)
Ой,қолымды тістеп алды,қазір мен саған көрсетейін. Мен сені арамен кесіп тастайын.
Түлкі:табылған ақыл болды, тезірек кесіп тастайық. Содан кейін шырша да мереке де болмайды.Ойыншықтарды да сыйлықтарды да бізаламыз
(Екеуі шыршаны кесе бастайды)
2-бала:Тоқтатыңдар,біздің шыршаны кеспеңдер.
Түлкі: Тыңдама оны, кесіп тастайық 1.2.3
Жүргізуші: Тоқтатыңдар біздің шыршаны кеспеңдер. Мен білемін неліктен мерекені ұнатпайтындарыңды. Бұлардың достары жоқ,ал Біздің достарымыз көп.
Базилио: Неге біздің достарымыз жоқ.Міне қазір шақырайын.
Би: «Қарақшылар»
Базилио:Түлкі осы сен маған нағыз дос емессің ғой деймін.Сен өте қусың.
Түлкі: Ах Базилио солайма? Ах сатқын, мен саған көрсетейін. Нағыз досымды шақырайын.
Карабас-Барабас
Кел мұнда жылдам бас.
Базилио: Не дейді?Қой қашайын жан-жаққа.Карабас келеді бұлжаққа. (шыршаның артын атығылады)
(музыка әуенімен Карабас-Барабас кіреді)
Карабас:
Мен Карабас-Барабас
Мінезім жаман менің рас.
Ыза болсам егерде,
Ашуымды менің бас.
Түлкі:
Карабас-Барабас
Сізді көріп қуанғаным рас.
Карабас:
Мені неге шақырдың?
Сонықане тез айт.
Түлкі:Қымбатты Карабас мына балалардың мерекесін бұзуға көмектесші.Соқыр мысық мені сатып кетті,шыршаны кесе алмады.
Карабас:Қазір мен бұлшыршаныкеспей-ақ,тамырыменжұлыпалайын. (шыршаны жұлғалы жатқанда сақалы жабысып қалады)
Карабас:Көмектесіңдер,Көмектесіңдер сақалым жабысып қалды.
Түлкі:Базилио кел тығылмайық,көмектесейік.(екеуі көмектеспек болады, сақалы жұлынбайды)
Жүргізуші:Жетер енді тоқтатайық, көмек керек болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз-ата,Ақшақар, Аяз-ата,Ақшақар!
Аязата: Ах,Ух Келе жатырмыз келе жатырмыз,
Түлкі:Тез зытайық Базилио, Аяз ата келе жатыр.Қазір сазайымызды береді.
Карабас: Мен не істеймін?Мені тастамаңдар, қайда достықтарың?
Екеуі бірге: Сені ойлайтын уақытымыз жоқ, Сау бол(екеуі қашып кетеді)
Аязата:
Амансың ба ұлдарым!
Амансың ба қыздарым!
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге
Келе жатыр алыстан!
Ақшақар:
Сәлем,сәлем балалар
Барша ата-аналар
Келіп қалдым мінекей
Қар ханшасы Ақшақар
Қардан шыққан Ақшақармын
Қардай аппақ сұлумын
Алып келдім алғашқы
Жүрегімнің жылуын
Аяз-ата: Кім шыршаның шырқын бұзған?
Балалар: Карабас -Барабас
(аяз ата шыршаның жанына барып)
Аязата:
Іліп алып сақалын ,
Тұр екен ғой Карабас.
Шырқын бұзған шыршаның.
Сен екенғой Карабас.
Қане ара көмектес,
Карабастың сақалын кес.
(қолындағы арасымен карабастың сақалын кеседі)
Карабас: Мені мазақ етіп, сақалымды кесіп тастады.Мен бұл жерден кетейін.
Аязата: Балаларды ренжітуге бола ма? Енді бұл жерге жолама!
Жүргізуші: Аяз-ата, Ақшақар біз сіздерді асыға күттік. Қане енді шыршаның шамын жағайық.
Аяз-ата: Ол үшін ортамызға алдымен жарқыраған жұлдызды шақырайық.
Жұлдызша кіреді:
Салем ,салем балалар
Барша ата-аналар
Келіп қалдым мінекей
Шырша сәнін келтіріп
Жарқыраймын, жанамын
Балаларды қуантып
Аяз ата:Олай болса шырша шамын жағайық
Балалар:1-2-3 Шырша шамы жана түс
(Жанған соң шырша музыка әуенімен сөйлейді)
Жұлдыз: Міне балалар, қандай керемет шыршамызға тіл бітіп менің
жұлдызым жарқырап, жайнап кетті.
(ортаға жұлдызшалар шығады)
Би «Жұлдыздар»
Жүргізуші: Аяз- ата өзіңізді балалар сағынғаны соншалықты сізге арнап тақпақтар жаттап келді.
Аязата: Қане олай болса тыңдайын.
Тақпақтар. (аяз ата туралы)
Жүргізуші: Енді өзіңізбен бірге ән айтайық.
ӘН: "Ән қанатымен, салтанатымен " ( жарты шеңберде )
Ақшақар: Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын ,қызықты ойын алып келдім. Бұл ойын «Кім мерген» деп аталады.
Ойын: Бұл ойынды қонақтармен ойнайын. (шелекке қар лақтыру)
Аяз ата: Ал мен балалармен ойнайын.
Аязата: Мен шаршадым тіпті терлеп кеттім.
Жүргізуші:Терлесеңіз отырып демалыңыз, қазір сізді балалар өздерінің билерімен салқындатады.
Би" Қыс қызығы "
Аязата: Барлықтарыңа ризамын енді мен сыйлықтарымды берейін.Немерем сыйлықтарды әкел.
Ақшақар: Ата сыйлық көріп тұрған жоқпын.Қабыңыз қайда?
Аязата: Қап ұмытшақ басым-ай.Сыйлық толы қабымды ұмытып кетіппін.
Жүргізуші: Аяз-ата сыйлық келгенше бір ән тыңдап алайық
ӘН: «Ахау жаңа-жыл» (шеңбермен жүріп)
Аяз ата: Ал енді біз қайтайық.Өздерің сияқты бізді көптеген балалар тосып отыр.Қош сау болыңдар!
Ақшақар: Келесі жылы кездескенше қош сау болыңдар!
(үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші: Осымен мерекеміз аяқталды.Жаңажыл тек бақыт шаттық әкелсін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген