Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Жол ережесін сақтайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылырға өте керек материал. Балалардың үнемі жол ережесін сақтау керек екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: балалардың жолда жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру, және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету, жол белгілерімен таныстыру, бағдаршам туралы түсінік беру.
Көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, балаларды сақтыққа тәрбиелеу.


Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар, тәрбиеші апайлар, «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты ертеңгілігімізді бастағалы отырмыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана,
Жолда сақ бол лайық,
жақсы бала атына.

Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
Тәрбиеші: Ал ендеше балалар сіздерде жол ережесін бұзбай үлгілі, тәртіпті балаболыңдар.

Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын тауып көріңдер

1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

2. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

3. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Осы кезде Дымбілмес жолдан кесіп өтіп бара жатып машинаға соғылады.

Дымбілмес: Ой, ой белім-ай, аяғым-ай.

Жол сақшысы: Ысқырып тоқтатады да, Дымбілмеске жол ережесін түсіндіреді. Сәлеметсіз бе. Сіз мына жолдағы жүргінші жолдан неге өтпедіңіз, жолдың кез келген жерінен өтуге болмайды. Және жолдың қиылысында бағдаршам тұр, соған қарап жолдан өту керек еді. Сіз олай жасаған жоқсыз. Жол жүру ережесін сақтамаған үшін осындай жағдайға тап болдыңыз.

Дымбілмес: Кешіріңдер қателік жасадым. Мен жол ережесін білмеймін.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе. Дымбілмес кел жайғас біздің балалар мен бірге жол ережесімен танысып. Мұқият қарап үйреніп алыңыз.

Жол сақшысы: Балалар жолдан өтерде өте сақ болыңыздар. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жолдармен өтіңдер. Жолдан өтерде абай болыңдар жарай ма.


Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамыз оның айтқанын тыңдап, тілін алу керек.
Бұл ережені балалар, оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргіншілер және көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Сендер балабақшаға келерде, қайтарда қандай жолмен жүресіңдер? (Жиек жолмен)
2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді).
3. Сендер осы жол ережесі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Дарын: Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

Айару: Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

Мадияр: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін , жасқанба !


Каусар: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Жүргізуші: Балалар жол ережесін сақтауға дайынбыз ба?
Балалар хормен: Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік.

Кәне, айналамызға қарайықшы, жол бойынан қандай өзгерістерді байқап тұрсыңдар?
Бағдаршам, жол белгілері.


Бағдаршам: Мен жол реттеуші бағдаршаммын, менің үш көзім бар, олардың әрқайсысының атқаратын міндеті бар.
Менің атым «Бағдаршам»,

Жақсы білем міндетімді,

Мекен – жайым тұрақты.

Мүдірмимін ешқашан.



Балалар ендеше бір сергіп алайық:

Мен кезекпен түстерді көрсетемін сол мезглде Қызыл түс – тұрасыңдар, Сары түс - шапалақ ұрасыңдар, Жасыл түс – аяқпен бір орында жүресіңдер (Музыка әуенімен)

Қызыл түс - тұрасыңдар

Сары түс - Шапалақ ұрасыңдар

Жасыл түс – аяқпен бір орында жүресіңдер

Тәрбиеші: Балалар жол ережесіне түсіндіңдер ме?

Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.

Ережені ұмытпай,

Көшелерде түзу жүр!

Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.01.2019
710
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12