Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ертеңгілік Кел төрлет, Жаңа жыл! 1-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылды барлық бойларында бар өнерін ортаға салып, үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кел төрлет, Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылды барлық бойларында бар өнерін ортаға салып, үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

1-Жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
2- Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Кел төрлет, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-Жүргізуші: : Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Доңыз жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз.

Басталар жаңа әлем

Құйылады жаңа нұр

Жүрекке арман бөлеген

Қош келіпсіз, жаңа жыл!

Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директор Касенов А.Н-ке, оқу ісінің меңгерушісі Каргулова Б.С-ға береміз.







2-Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!
2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хоровод ән: «Аппақ аппақ»
1 Сайқымазақ
: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....
( Ойын ойнатылады) «Қар ұлпаларын» жинау ойының шартын түсіндіреді.

Ойынға 1-2 сынып оқушылары қатысады

1-Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға бүлдіршін балаларға бір сәлем! Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан


Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Ит жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Доңыз жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз «Шырша жан»

«Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)

Аяз ата сөзі:

Хоровод№2 «Шыршаға бардық» Жаңадан тақпақ
(билеп ортаға ескі жыл шығады,)
Ит жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2019 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын доңызға берем

2-Жүргізуші:Балалар ескі жылға да көп уақыт қалмады. Жаңа жыл таяп қалды.Бәріміз жаңа жыл деп дауыстап жаңа жылымызды шақырайық.

Барлығы: Жаңа жыл!!! 3 рет

(Сахнаға доңыз шығады)






Доңыз: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?

Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Дами берсін үздіксіз,

Жаңа дәстүр – салтымыз.

Ит жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата
: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.

Доңыз: Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

1-жүргізуші: Төрлет.төрлет Жаңа жылым! Өзіңе жақсы үміт күтеміз.Жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр. Аяз атадан кәмпит алғыларың келе ме? ИЯ

Жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,деп
Енді кезекті 1 сынып оқушыларының «Жаңа- жылға» арналған тақпақ және әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Жаңа-жыл»



Жүргізуші: Балалар ескі жылдың кетер уақыты таяп қалды. Ортаға ескі жылды шақырайық. – Ит жылы біз сенімен қоштасамыз. Бұл жылы көп жетістікке жеттік. Көп куанышқа кеңелдік. Рахмет саған.

Аяз ата;

Барлығы: Қош бол, ескі жыл, қош бол.

2-жүргізуші: Балалар ендігі кезекті ойынға берейік. №2

Ортаға 3-4 сыныптан 1 ұл 1 қыз шығады. Шар үруден жарысады.Кім шарды көп үрлесе сол жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық-деп
2 сынып оқушыларының тақпақ, әндеріне кезек берейік.

ЖҮРГІЗУШІ.. Аяз ата балалардың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыз.

1сынып

2сынып

3сынып

4сынып

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін.

1 жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.
« Көрніс».

Баяғыда бір жақсы адам өмір сүріпті. Өзі жомарт, қайырымды, әрі асқан ақылды адам екен. Жасы жүзге жеткенде әлгі адам қатты сырқаттанып (ауырып) қалыпты. Ажалды күтіп бүк түсіп үйде жатқанда, бір күні оның есігін біреу тақылдатып қағыпты. «Бұл кім?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен – Махаббатпын, саған көмектесейін деп келдім, есігіңді аш» - депті қонақ. Жақсы адам оған: «Махаббат, сенің маған керегің жоқ, көмектесе алмайсың, рахмет, қайта бер» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, есікті тағы біреу тақылдатыпты. «Кімсің?» деген сұраққа ол: «Мен – Байлықпын! Сендей жақсы адамға көмектесуге келдім. Ауруыңды емдей алам ба?» деп жауап беріпті. Жақсы адам:«Рахмет, Байлық, сен маған керек жоқсың енді» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, тағы біреу ақырын ғана қағыпты. «Кім бұл?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен - Денсаулықпын, парасатты адам!» - депті есіктің сыртындағы қонақ. Жақсы адам сүйретіліп барып, есікті ашып жіберсе, ар жағында үш жігіт тұр дейді. «Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп, Байлық пен Махаббат жымиып күліп, Денсаулықтың екі қолынан ұстап, босағадан кіріп келе жатыпты.
Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағызға дәл осылай Денсаулық, махаббат және байлық үшеуі бірдей қол ұстасып кіріп келсін және ешқашан қайтып шықпасын!

Жүргізуші: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әншіқызың ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек.
3-4 сынып оқушыларына кезек берейік.

Аяз ата кетпес бұрын әкелген сыйлықтарын береді.

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)




2-жүргізуші:Ал енді кезекті балалармен ойын ойнайық. 4 бала шығады. Бұл ойын «Сыңарын тап» деп аталады. Суреттердің сыңарын табыңдар.

Кешіміздің соңын «Шырша жыры» әнімен аяқтаймыз.

1-Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға! Құрметті қонақтар бүгінгі жаңа жылдық бағдарламыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет.

2-жүргізуші:Келген жаңа жылымыз қуанышқа толы жыл болсын.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12