жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік: "Қош келдің Әз Наурыз"
Тақырыбы: «Армысың әз Наурыз»
Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы
түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны
құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Құттықтау
сөз: Балабақшамыздың директоры
Сарбиназ Талапқалиқызына
беріледі
Ән: «Наурыз
көктем»
Жүргізуші:
Ұлыс күні
кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын ,бізбен бірге Наурыз тойын тойлауға бірнеше қонақтар келе жатқан сияқты. Соларды ортамызға шақырайық. Қарсы алыңыздар.
Қыдыр ата,Алдар көсе, Қожанасыр,Тазша бала қош келдіңіздер. Бізбен бірге наурыз мерекесін тойлаңыздар.
Қыдыр ата.
Келе жатыр
жылымыз
Мейрамдаймыз мұны
біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып
бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры
бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық
Наурыз!
Алдар көсе:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр –
аңыз-демекші наурыз мерекелеріңіз құтты болсын. Барша
жамағат.
Тазша бала:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу
шашайық!
Жүргізуші:
Жиналдық Наурыз тойға
бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз
де
Бақшаның мынау
бүлдіршіндері
Өнерлерін көрсетуге келді
міне
Енді ортаны баршыңызға
ашайық
Көрермендерге жырдан шашу
шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді
шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық-деп, қазақтың
ұлттық киім үлгілерін киген
ұл-қыздарымызды ортамызға шақырамыз.
Би:
«Қамажай»
Алдар көсе:
Бізде текке келмедік. Наурыз тойын тойлауға өзімізбен бірнеше ұлттық ойындарды алып келдік. Ендеше ойнаймызба.
Жүргізуші: Балалар ойнаймызба.
Балалар: Ойнаймыз.
Алдар көсе:
Енді ұлдарымыздың мергендігі
мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға
ұлдарымызды
шақырайық.
Ойын: Асық ату .
Ән: «Көңілді күн» Қылышбай
Сабинаның орындауында.
Қожанасыр:
Енді жаңа сіздерге Алдар ойын ойнатса,мен де бір ойын ойнатайын. Ойнайсыздарма балалар.
Ойын: Күш сынасу.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан
шашу
шашайық!
Ән: Төребай Әдемайдың орындауында «Ана жаным» әнін қабыл алыңыздар.
Тазша бала: Жаңа сендер Қожанасырдың ойынын ойнадыңдар. Мен тағыда ойын ойнатайын.
Ойын: «Қыз қуу»
Би: «Қара жорға»
Алдар көсе: Қожеке осы бізде балалармен бірге күшімізді сынап көрейік. Қай топтың күші мықты екенін бақылайық. Менің тобым ба, әлде сенің тобын ба?
-Қожанасыр: Әрине біздің тобымыз жеңіске жетеді.
Ойын: «Арқан тарту»
Ән: «Анашым»
Жүргізуші:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді
салтымыз
Би: «Аспазшылар»
Қожансыр: Сіздермен Наурыз тойын тойлағанымыз өте қызықты болды. Сіздер сегіз қырлы, бір сырлы екенсіңдер? Ендеше біздің де басқа да барар жеріміз бар.
Алдар көсе: Ия біздерді басқа ауылдағы бақшаға да қонаққа шақырып еді. Соған баратын уақытымыз болған сияқты.
Тазша бала: Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
Тазша бала:Дұрыс айтасыңдар балалар.Біздің де сендерге берер сыйымыз бар.
Жүргізуші:
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал
несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ
тілеуің!
Жүргізуші:
Қыдыр ата ортамызға келіп
түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін
деп
Сәлем беріп, алақанымызды
жайып
Алайық атамыздың Ақ
батасын
Қыдыр
ата.
Сұрасаң бата
берейін,
Үстем болсын
мерейін
Ықыласпен қол
жайсаң
Ақ тілекті
төгейін
Ұлыс оң
болсын
Ақ мол
болсын,
Қайда барсаң жол
болсын
Төрт түлік ақты
болсын,
Ұлыс береке
берсін,
Бәле-жәле жерге
енсін
Көйлектерін көк
болсын!
Қайғы уайым жоқ
болсын
Қуаныштарың көп
болсын
Аумин!
Жүргізуші:
Шыға келді сыланып сылаң
келер,
Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.
Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында
Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.
Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым
Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!
«Ақбота» балабақшасы
«Армысың- әз Наурыз»
2017-2018 оқу жылы


шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген