Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік Қош келдің, Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салыды үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 «Еркетай» бөбекжай- балабақшасы


















«Қош келдің, Жаңа жыл!»

( Ортаңғы «Шұғыла» тобы )







Орындаған:

Дүйсенбина Б













2015-2016 оқу жылы

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,балалар жан-жағымызға қарасақ, айналамыз жұлдыздардай жарқырап көз жауын алардай жайнап кетіпті!Өздерін неткен әдемі едіңдер!Бүгін көптен күткен ,сағынған қандай мерекемізді қарсы алайын деп отырмыз?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:Ендеше асыға күткен жаңа жылымыз барлықтарыңызға құтты болсын!

Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған

Мұнда біз бар!

Естімегендер, естіңіздер!

Тыңдамағандар, тыңдаңыздар!

Жаңа жыл тойы басталды,

Бір орында тұрмаңыздар!

Ашық аспан төгіп нұр,

Қар жамылған дала қыр.

Есік ашып келіп тұр,

Аңсап күткен жаңа жыл!


Тақпақтар

Жүргізуші:балалар биыл қандай жылмен қоштасып отырмыз.

БАЛАЛАР:ҚОЙ

Жүргізуші:балалар байқайсындар ма қой жылы жаңа жыл мерекемізде көрінбейді.

Сиқыршы:Балалар сәлеметсіндер ме,Уайымдамаңыздар қазір мен сиқыршы таяғымен қой жыл мезгілін қонаққа шақырамын.

(Шыршаның астында қой жатады)

Сиқыршы: «Сим салабим,Ахалай – махалай Бум»

Қой:(үстін қағып)Сәлеметсіңдер ме,балалар. Балалар мен сендермен бір жыл бірге жүрдім,бірге ойнадым,сендер көп тақпақ біледі екенсіндер,биде біледі екенсіндер, осы жыл бойы көп жетістіктерге жеттік, Мансур, Дәулет алғыс хаттар алды. Әр-түрлі іс шаралар өткізілді. Алда тағы да талай- талай жетістіктерге жете беріңдер.Енді мен бүгін сендермен ойын ойнағым келіп тұр

Жүргізуші:біздің балалар ойынды және биді жақсы көреді.

Би: Маймылдар биі

Ойын: «Балмұздақ»

«Балмұздақ»

Ақшақар:бірінші мен сендерге жұмбақ жасырамын.Тынданыздар:

Аппақ ас, сызы бар.

Балалар қызығар.

Балалар:Балмұздақ



Қой :балалар мен сендермен бүгін мерекелеріңізде бірге болғаныма ризамын .Енді менің сендермен қоштасатын уақытым келді.

Ескі жыл:

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат!

Алдыңғы сапта боларсың

Келер жыл саған аманат!

Сау болыңдар, балалар!


Жүргізуші: Ескі жылға ризамыз

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.

Барлығы: Сау болыңыз, ескі жыл?!

Аққала:
Даламызға, қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға,
Жалынды сәлем береді.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір - бәрі әзір.

Маймылжан, кел біздерге,
Мерекені тойлатып,
Би билейік, ән салып.

Жүргізуші:Аққала жаңа сен жаңа жылдық мерекемізге «Маймылжан кел біздерге» деп айтқан сияқты едің ғой.

Аққала:Жаңа менің артымнан келе жатыр еді ғой.

(Мыстан кемпір маймылдың киімін киіп келеді)

Мыстан кемпір:Сәлеметсіңдер ме балалар

Балалар:Сәлеметсіңдер ме

Жүргізуші:Маймыл неге сен таяқ ұстап жұрсын

Маймыл:жануарлардан өзімді құтқару үшін.

(Жүргізуші мыстан кемпірді айналып)

Жүргізуші: сен маймылға ұқсамайсың,қане тезірек айт маймыл қайда екенін?

Мыстан кемпір:мен айтсам сендер маған би билеп бересіңдер ме?

Жүргізуші:әрине біздің балалар «Аққала» биін билеп береді.

Аққала; қоштасады.

Жүргізуші:енді біздің жаңа жылымызды босатасыз ба?

Мыстан кемпір:мен босатар едім мен жаңа жылды үйшігіме құлыптап кеттім ,сол үйшігімнің кілтін таба алмай тұрмын.

Сиқыршы :Мыстан кемпір қазір біздің балалар тауып береді.

(Мыстан кемпір кілтті тауып алып қаша жөнеледі,Сиқыршы мыстан кемпірді қуып жетіп қатырады).

Сиқыршы:Мыстан кемпір тоқта,тоқта мен сені қатырып тастаймын. (сиқыршы таяғымен қатырып тастайды)

Сиқыршы кілті алып мыстаның үйшігін ашып Жаңа жылды босатады

Жаңа жыл: (пальто киген Жаңа жыл шығады қолында дорбада банан)

Маймыл:

      Мен жаңа жылмын,

      Мен жаңа нұрмын.

      Нұрымды да себейін

      Жырымды да төгейін

Сиқыршы:

Мұнда сыртқы киіммен кіруге болмайды

Маймыл:А,сендер білесіңдер ме, кімді кіргізбей тұрғандарыңды?(пальтосын шешеді)

Сиқыршы:

                Қане,қане,балалар!

                Маған бері қараңдар

                келіп қапты жаңа жыл

                Жаңа жылды қарсы алар

Маймыл:

-Иә,дұрыс айтасыңдар,бөбектерім.Айтыңдаршы маған,қайда келдім екен,бала көп екен?

Балалар:

-         Балабақшаға

Маймыл:

Сендерде өте әдемі екен,қандай әдемі пальма?

Сиқыршы:

-         Бұл пальма емес

Маймыл:

-         Қалайша пальма емес?

Сиқыршы:

-         Ал бізге қазір балалар өздері айтады.

Балалар:

-         Шырша

Жүргізуші; Балалар қане бәріміз шырша туралы тақпақ айтып берейік.

Лаура:

       Жасыл шырша жанында

       Жадырап бар бала жүр

       Тамаша,тамаша!

       Шыршамыз тұр жараса

       Оттары жалт-жұлт етіп

        Көз тоймайды қараса.

Әлім:

      Тауда туып,тауда өскен

      Шырша келді ортаға

      Бәріміз бір дауыспен

      Дейміз енді шыршаға

      Қуант бізді таңырқат

      шамдарыңды жарқырат.

Абат:

     Қандай әсем шыршамыз

     Ойыншықтар әдемі

     Бақшамызға әкеліп

     қойып кеткен кім екен

     жаңа жылда,жаңа жылда

     Жаңаша тақпақ айтамыз

     Болсын риза балаша

     Аппақ біздің атамыз

Санжар:

     Жасыл желек жамылған

     Асыл моншақ тағынған

     келді сұлу шыршамыз

     көптен күтіп сағынған

Ән:"Жасыл шырша"


Маймыл:

       Шырша қандай әдемі,сұлу.

      қандай қызық ағаш(қолмен ұстайды)

      Ағаштың жемісі қандай қызық

      Ал мынау алма,қазір жеп қоям

Сиқыршы:

-Болмайды,ол ойыншық алма,шыныдан жасалған

маймыл: қызық жер екен,шыныдан жасалған алма жейді екен(ойын ойнатады)

Ойын:"Байпақ"

Сиқыршы:

-Маймыл,сен бізге көмектесші,сенің сиқырын көп қой.Біз Аяз атаны шақырайын дегенбіз

Маймыл:

-Неге Аяз?неліктен?мен  қорқамын,мен тұратын жер жылы,ыстық,қар да,Аяз ата жоқ!Аяз ата сендерге не үшін керек?

Сиқыршы:

-Аяз атасыз шыршамызды жаға алмаймыз.

Маймыл:

-Сендер қандай қатыгез едіңдер ,шырша жанып кетеді ғой.

Сиқыршы:

-Жоқ,жанбайды.Біз шыршаның шамдарын жаққымыз келеді

Маймыл:

-Мен өзім жағамын!(шамдар жанбайды)

Сиқыршы:

-Тоқтай тұрыңыз Аяз атамен Ақшақарды шақырайын

Балалар:(балалар бір неше рет шықырады Аяз ата ақшақар келмейді)

-         Аяз ата,Ақшақар!    

Жүргізуші:балалар Аяз ата естімей тұрған шығар,кәнеки Аяз ата туралы тақпақ айтып берейік мүмкін естіп келер

Илья:

           Аяз ата, Ақшақар!

           Келіңіздер ортаға

           Біз сіздерді сағындық

           Асыға күтті қаншама.

Ильяс:

Армысындар,халайық!

Бармысындар ,халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

           

Маймыл:

-         Мен аяздан қорқамын.жылы жаққа қайтуым керек.Мен сендерге банан алып келдым.Казір ойындар ойнағанда апайларын береді. (кетеді)

Жүргізші; кане балалар бәріміз аяз атаны шақырайық.         

Аяз ата,Ақшақар!   

(слайд) 

(ЗВУК ДЕДА МОРОЗА)

Аяз ата мен Ақшақар; ортаға келеді.

Аяз ата:Ау,амансың ба ұлдарым

             Амасың ба,қыздарым!

             Қандай жарқын жүздерің

             Қандай әсем жырларың,

             Асулармен алысқан,

             Асау желмен жарысқан,

             Аталарың сендерге шаршап  келді алыстан.

 

Балалар:Амансыз ба,Аяз ата!

Ақша қар:Ал келіңдер,келіңдер!

                 Тақпақ айтып беріңдер.

                 Жомарт Аяз атадан

                 Сыйлық алып көріңдер

Аяз ата:мына мыстан не істеп тұр жаңа жылда?

Сиқыршы:Мыстан кемпір Жаңа жылға кедергі жасағаны үшін мен оны қатырып тастадым.

Аяз ата:балалар Мыстан кемпірді кешіреміз бе?

Балалар:иә

(сиқыршы босатады)

( Мыстан кемпір босатылып)


Мыстан кемпір:Ааааа сендер мені қатырып тастадыңдар мен қаншама қызықтан қалып қойдым.Мен сендерге Жаңа жылды болдыртпаймын

Аяз ата:Қоя ғой енді мыстан кемпір.

(Мыстан кемпір айқалап жүріп Аяз атаның отырғыштын үстіне қойған сыйлықтырын қардың астына тығып тастайды.)

Жүргізуші:Аяз ата мына шыршамыз сондай әдемі,бірақ бір нәрсе жетпей тұрған сияқты?

Аяз ата:шыршалырыныздың шамы жамбағанғой,казір мен мына сиқырлы таяғымның көмегімен шыршаның шамдарын жағамын(шыршаны айналып жүреді).

«Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат» 3 рет

Ән: «Шырша жыры»


Жүргізуші:Аяз ата сіз шаршап қалған шығарсыз.Мына отырғышқа отырып демалыңыз.

Ақшақар: Енді кезегімізді қызықты ойынға берейік

Ойының атты «Күліп қалма»

Ақшақар:Мына дорбанын ішінде сөздер әр бала бірбір сөз алады.

Сенің атын кім?

Сен не жейсін

Сен қандай топқа барасын?

Сен қандай ас ұнатасын?

Сен қандай сусын ұнатасын?

Сүйікті ойыншығын қандай?

Балабақшада кімінң қасында жатасын?

Сен кімге ұқсайсын?

Сенде неше саусақ бар?

Сен ұстіне қандай киім киеп т ұрсын?

Қандай ертегі ұнатасын?

Досын есімі кім?

Апайларының аты кім?

Қай көшеде тұрасын?

Қай мектепке барасын?

Қандай ертегі ұнатасын?

Бос уақыта үйінде немен айналасасын?

Қардың Түсі қандай?


Тақпақтар айтады.

Саят:

Аппақ тоңға оранып

              Базарлықты мол алып

              Келді алыс сапардан

              Аяз ата оралып

             Бар баланың қонағы

             Төрлет ата жоғары

             Барлық бала өзіндей

             Қашан мырза болды

Дулат:Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді

Қуантып елді

Жаңа жыл келді

  Өсетін болдым

 Бір жасқа енді

Даулет:Желмен ұша қыраулар

               Ұшқындайды қылаулар

               Көктен түскен маржандай

               Тұра алмайсың таңданбай

Мади:Қырау атып жағаға

         Аяз беттен ұрады

         Бірі мініп шанаға

         Бірі шаңғы тебеді

Райымбек:Марал,Зада мақтана

                     Соқтық дейді аққала

                     Мен қызықтап көріп ем

                     Аққала емес ақбала

Татьяна:Жылан жылы жылыс болды

               Дейді көне жазбаларды

                Енді талай іс болды

                Ата-баба таңғалардай

Сиқыршы:Жаңа жылды тойлауға

                               Дайындалды қанша қыз

                               Ұлпа қар жерге түсіп

                              Шет тілінде тақпақайтамыз

Ағылшын тілінде тақпақ



Лаура:Ею эй дей,хепей дей

Ю а гладэн вей ре гей


Аружан:Ви ол данс,эн сейэн сей

Вэлком ,вэлкомю е дей.

Сиқыршы; қоштасады.


Аяз ата:Балалар мені керемет қуантыңдар,менде бос келмедім бір ойын алып келдім

Ойын: «Жыл мезгілдер»

Аяз ата:балалар бүгінгі жаңа жыл мерекесі өте жақсы өттімен сендерге ризамын.

Енді менің арналған сыйлығым бар.(Аяз ата сыйлығын іздеп бастайды)

Менің сыйлығым қайда

Мыстан кемпір:Ааааа менде сендердің сыйлықтарын.

Аяз ата: қайтар маған сыйлықтарымды,мен балаларға алып келдім.

Мыстан кемпір:мен сендерге сыйлығымды қайтарам егер маған флешмоб билеп берсеңдер.

Жүргізуші:Әрине билеп береміз

(Барлығы флеш моб билейді)

Аяз ата енді қайтар сыйлығымызды.

Мыстан кемпір:Үйшігім-үйшігім келе ғой

(Үйшігі келеді)

Мыстан кемпір(үйшігінің есігін қағып сыйлықтарды сұрайды,үйшіктің ішінен бір сыйлық алды)

Аяз ата қалғаны қайда?

Мыстан кемпір:қалғанын қардың астына тығып қойдым.

(Барлығы іздейді)

Аяз ата:балалар мына сыйлықтарыңды топқа барып апайларың береді.

Жүргізуші:қоштасады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12