Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік Қош келдің, Жаңа Жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Залдың іші әсем мерекеге сай безендірілген. Ортада алып шырша. Көңілді әуен ырғағы ойнап тұрады.
Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Әсем - ай» тобында!
Музыкалық әуенмен балалар би билеп орындарына тұрады.

Хор: «Шырша әні»

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін.

Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық!

Асылзат:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге бақыт жыл болсын.

Бекзат:

Хорошо на Новый год,

Елка,песни,хоровод.

Я люблю его встречать,

И подарки получать.

Аян:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Музыка ойналып Ақшақар кіреді.

- Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп Аяз атамнан адасып қалдым.

Жүргізуші:Ақшақар балалар сізді асыға күткен еді.Ендеше Аяз атаны шақырайық.

Балалар Аяз-атаны шақырады.

Аяз ата: 

Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата! Аяз ата, балалар арналған сыйлығын қайда?

Аяз ата: Сыйлыққа толы қапшығымды ескі жыл алып келеді.

Ит: Армысыңдар, балалар! Мен өз жылыма ризамын.Менің жылымда көптеген жаңалықтар болды.Жылымды аяқтап,сендермен қоштасқалы келдім.

Би: «Снежок»

Ш.Аяулым,С.Аяулым,Айтолқын,Нұрсая,Ақару,Адина,Асылзат.

Мұқағали:

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Ақнұр:

Снег идёт,снег идёт,

Значит скоро Новый год

Дед мороз к нам придёт,

Всем подарки принесёт.

Айбол:

Жылдың әнің бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Доңыз: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
Ит:

Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Балалар: Қош бол, Ит жылы, Қош бол!

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Ән: «Ақшақар» Ақнұр

Сырым:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау қарлы шың.

Айтолқын:

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

Нұрсая:

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер,

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен.

Би: «Шығыс» Гүлсезім,Ақнұр,Сымбат.

Ойын: «Шар ұшты!»

Мақсаты:Шеңбер жасап тұруға үйрету.

Шарты: Балалар шенбер жасап шардың үлкендігін, пішінін көрсетеді. «Шар үрлейміз!»-деген бұйрыққа балалар ортаға жиналып, аузымен үрлей отырып шеңбер құрастырады. «Шар ұшты!»-дегенде музыка ырғағымен шеңбер жасап айналады. «Шар жарылды!» балалар шардын жарылғаның қолдарын босатып жібереді. Осы шартты орындай алмаған бала ән немесе тақпақ айтып, би билеп айыбын төлейді.

Жүргізуші:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Ән: «Әжеме» Сымбат,Аяулым,Бекзат,Ш.Аяулым.

Ақару:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Сымбат:

Дети водят хоровод

Хлопают в ладоши

Здравствуй,здравствуй,

Новый год!Ты такой хорошый.

Ақжол:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Жүргізуші:

Билейміз де ойнаймыз
Балғын ұл - қыздар.
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар.

Би: «Африкаға саяхат» Ұл-балалардың орындауында.

Адина:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны,

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Нұрислам:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл,

Ата-әже,әке-шеше,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Дарын:

Дед Мороз-хороший дед,

В шубу красную одет,

Он –с седою бородой,

Он- красивый и большой!

Ойын: «Жаңа жылдық тілектер сайысы»

Ойын шарты: 5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңа жылдық тілек айтуы тиіс. Бір-бірінің тілегін қайталамау керек.Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.   

Ән: «Шыршаға бардық» Сырым,Ақнұр,Гүлсезім,Ақжол.

С.Аяулым:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр,

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Ш.Аяулым:

Здравствуй ,Дедушка мороз,

Волшебство ты нам принес,

Самый добрый ты на свете

Самый лучший на планете.

Гүлсезім:

Дед мороз, дед мороз,

Елку из лесу принес,

А пока я в сад ходила,

Мама елку нарядила.

Ойын: «Іздеп тап!»

Ойын шарты: 5 баланың көзін байлау арқылы,өз анасын табу керек.

Мансұр:

Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Ш.Аяулым:

Жаңа жылды қарсы алдым,

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Хор: «Шырша әні»

Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12