жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік: "Қош келдің Жаңа жыл"
«Қош келдің Жаңа жыл!»
Мақсаты:Жаңа жыл мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын түсіндіру,ертегі кейіпкерлерін сомдау барысында балалардың тілін жаттықтыру,өнерге баулу. Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру,шыршаның сәнді безендірілгеніне,достық қарым-қатынас орнату.
Жүргізуші:
Келді ,міне,көптен күткен жаңа жыл,
Ортамызда міне жасыл шырша тұр.
Келіңіздер,жүзі жылы ата-аналар мен қонақтар,
Таң қалдырар бізде қызық думан бар.
Қолды соғып аянбай,
Текке отырма,ата менен аналар.
Көрсетер сонда өнерді,
Өнерлі біздің балғындар!- деп ортаға бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.
/Балалар залға әуенмен кіріп шыршаны айналып билейді. М.Сәдуақасованың «Жаңа жыл» әні/
Армысыздар аяулы ұстаздар,ата-аналар!«Қош келдің Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Құттықтау сөз балабақшамыздың директоры Сарбиназ Талапқалиқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар сендер бүгін сәнді болып киініп ,әдемі болып кетіпсіңдер. Ал,бүгін балалар қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл
Жүргізуші:Балалар ,бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Келіңдер ,қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Аппақ,аппақ жапалақтап»
Жүргізуші: Балалар,ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арнап тақпақтарын айтып береді:
Балалар:
Жасыл шырша жанында ( Хамза
Жиналдық біз асыға
Басқа достар келгенше
Би билейік мақтана
Келді тағы жаңа жыл (Абылай
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Той мереке салтанат (Жанайдар
Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
Жаңа жылда жаңаша (Әдемі
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Аппақ біздің атамыз
Сақалы аппақ күмістей (Малика
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындым Аяз атаны
/Аю шыршаның түбінде ұйықтап жатады/.
Би: «Тик-Так» / Қ.Сабина;Гүлсезім;Ұлжан; Аяулым;Ж.Сабина; Нұрай;Қаршыға; Қарақат; Ақерке Қ/
/Осы кезде апанда ұйықтап жатқан аю оянып кетеді /.
Аю: Бұл не айқай шу мені ұйқымнан оятқан.
/Осы кезде Күлдірген келеді/.
Күлдірген: Сәлеметсізбе аю,ашуланбаңыз,мұнда балалар «Жаңа жыл» мерекесін тойлап жатыр. Сенде мерекеге қатысып,жаңа жылды бізбен бірге қарсы ал.
Аю: Қарсы алсам ,қарсы алайын.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. ,Күлдірген.Бүгінгі мерекемізге барлықтарыңыз қатысыңыздар,ендеше кезекті тақпақтарға берейік.
Балалар:
Алақай Жаңа жыл (Алихан
Бәрі аппақ ой мен қыр
Шыршада біз ойнаймыз
Жаңа жылды тойлаймыз
Келді тағы Жаңа жыл (Гүлсезім
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Өлең де әзір ән әзір (Айбек
Ойын да әзір бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл жаңа жыл
Келді міне Жаңа жыл (Нұрқанат
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап би билеп
Ән салайық бәріміз
Тамаша тамаша (Айару
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Келе ме біздің бақшаға
Жүргізуші:
Жарайсыңдар,қандай жақсы ,тақпақтар.
«Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар. Ағылшын тілінде.
Ертегі кейіпкерлері: Бақа-Әнель,Тышқан-Қаршыға,Әтеш-Малика,Қоян-Сабина,Түлкі-Сезім, Қасқыр-Диас,Аю-Абылай.
Қылышбай Сабинаның орындауында «Ертегілер» әні қабыл алыңыздар.
Ән: «Ертегілер»
Жүргізуші: Кешіміз көңілді өтіп жатырма балалар.
Балалар: иә.
Жүргізуші:Ендеше бізбен бірге жыл бойы бірге болған,бар қызықты бірге өткізіп,бірге қуанып,бірге ренжіген тауық жылына рахметімізді айтып, «Жаңа жыл жарылқасын,ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды шығарып салайық.
Тауық: Байқаймын мен байқаймын,
Тұрсыңдар сендер таң қалып,
Таң қалмаңдар билеңдер,
Бір жыл бойы сендермен,
Өлең айтып ,ән салып,
Би биледік шаттанып.
Балалар: Сау болыңыз! Жүргізуші: Балалар кане жана жылды шакырайық. Сендер шакырмасаңдар келетін түрі жоқ.
Балалар алдағы күтіп отырған жылымыз қандай жыл? Балалар : Ит жылы,ит жылы. Балалар хормен: Жаңа жыл, жаңа жыл. Ит: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп,
Бір жыл бойы сіздермен,
Дос болайық шаттанып
Жүргізуші: Қош келдің жаңа жыл. Бізбен бірге болыңыз. Балалардың әнін,биін тамашалаңыз.
Жүргізуші: Балалар ,Жаңа жылымыз қызықты болу үшін ортамызға кімдер жетіспейді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.
Жүргізуші:
Аппақ қардай адал ниет көңілі,
Кеудесіндегі елге деген сенімі.
Аяз ата сый-кәдесін арқалап,
Келді міне,ұзақ болғай өмірі- деп енді балалар Аяз атаны шақырайық.
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар Ауу,Ауу.
Аяз ата:
Құтты болсын балалар,
Келген Жаңа жылдарың,
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз,ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңдіде көріп ем
Жыл өткңзіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойлары мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдарма,
Ал мен кіммін айтыңдаршы,Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз атасыз.
Ақшақар:
Сәлеметсіздерме балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын.
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін,жырмын,тақпақпын.
Жүргізуші:
Аяз ата! Сәл отырып дем алыңыз. Келгеніңіз қандай жақсы болды. Өзіңізбен бірге мерекені тойлап,би билейік.
Ендеше тақпақтарға кезек берейік.
Кезектесіп балалар (Сабина Ж
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз
Жаңа жыл жаңа жыл (Қаршыға
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп
Жалтылдаса Ақшақар (Мөлдір
Қарай берем ынтығып
Тұрған үнсіз бақшалар
Қалды үнсіз сілкініп
Даламызға қаламызға (Құралай
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға балаңызға
Жалынды сәлем береді
Жасыл шырша қош келдің (Ақерке Қ
Сені күтіп жүрдік біз
Сенің жүзің көркейсің деп
Ойыншықтар ілдік біз
Аяз ата біздің балалармен бірге ән шырқайық.
Ән: «Шырша жырын жырлаймыз».
Би: «Әтештер»./Абылай;Диас;Алихан;Нұрқанат;Айбек;Жанайдар;Хамза;Айсұлтан/
Тілеймін мен бар адамға (Сабина Қ
Жаңа бақыт жаңа нұр
Ата әже әке ана
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылды қарсы алып (Диас
Барлық бала ән салып
Ақшақар жүр би билеп
Қол соғады барша жұрт
Жаңадан тақпақ (Қарақат
Аламын жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
Жаңа жылды қарсы алып (Ұлжан
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Аспан жерге төгеді (Аяулым
Ақ ұлпасын уыстап
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап
Би: «Конфетки» /М.Ақерке;Әдемі;Мөлдір;Малика; Анель,Айару; Құралай;Сезім/
Аяз ата: Мыну не деген тәттілер. Мен сендерді жеп қояйынба. /Аяз ата балаларды қуады. Балалар қашады/.
Жүргізуші: Аяз ата оданда бізбен бірге «Жаңа жыл» әніне билеңіз.
Ән: Жаңа жыл.
Өлең де әзір ән де әзір
(Нұрай
Ойында әзір бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл Жаңа жыл
Әлде қарлы боранда
(Айсұлтан
Тау басынан түсті ме
Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне
Ақ қырауға малынған (Сезім
Сақалыда мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Мұзды моншақ тағылып (Анель
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып
Армысыздар халайық (Ақерке М
Бармысыздар қалайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық
Би: Гномдар. / Қ.Сабина; Абылай;Аяулым; Хамза;Ақерке; Жанайдар; Қ.Ақерке; Қаршыға/
Ойын: «Кім биші»; «Кім жылдам»
Би: Индиски /Қ.Сабина;Ж.Сабина; Қ.Ақерке; Қаршыға/.
Жүргізуші: біздің өнерімізді кімдер көруге келді.
Балалар : Ата-аналарымыз.
Жүргізуші: Балалар ата-аналарымызды қолынана ұстап ортаға шығарып, «Буги-буги » билейік.
Би: «Буги-буги »
Жүргізуші: Ал,балалар ,сендерге Аяз атаның әкелген сыйлығы бар екен,соны тапсырсын. Аяз-ата сыйлық таратады.
Аяз ата: Ал балаларым. Біздің кететін уақытымыз болды. Бізді сіздердей әдемі балалар күтіп отыр. Біздер соған баруымыз керек.
Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар,сздерге көп рахмет. Біз сіздерге ризамыз. Келесі жылы келгенше ,балаларды ренжітпейміз және өзіңізді асыға күтеміз.
Балалар: Сау болыңыз.
Жүргізуші:
Сәлем саған,жас үміт,жаңа жылым,
Жаңа жырым көп менің,жаңа сырым.
Өрнектей кел келбетін өңірімнің,
Өмірімнің қосайын жаңа қырын.
Егеменді еліміз тыныш болсын,
Тың іс болсын,қоймаға ырыс толсын.
Сақта жылым әрқашан ел саулығын,
Денсаулығы халқымның құрыш болсын.
Жаңа нарықтың нұрымен ере келді,
Бәрекелді,әкелші берекеңді,
Барша адамның молайтып ырыс-құтын,
Тыныштықтың жылы бол мерекелі!- деп бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің Жаңа жыл» атты ертеңгңлңгңмңз аяқталды. Келген жыл сіздерге денсаулық,отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбекте жемісті болуларыңызға тілектеспіз. Сау болыңыздар.
«Ақбота» балабақшасы
«Қош келдің Жаңа-жыл»
«Қарлығаш» тобы
Тәрбиешілер: Ш.Жанабаева
А.Тогаева
2017-2018 оқу жылы

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген