Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасы























«Құстар біздің досымыз»

( Ортаңғы «Шұғыла» тобы )






Орындаған:Дүйсенбина.Б















2016-2017 оқу жылы

«Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.
Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.
Нұр құшып әлемге
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң, қайырлы күн!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін табуға тырысыңдар. 
Мұхият тыңдаңдар. 

Қанаты бар талмаған 
Аспанға ұшып самғаған 
Жауы шыбын шіркейден 
Табиғатты қорғаған. 
Бұл не? 
-Ия балалар құстар біздің қанатты достарымыз. 
Құстардың түрі өте көп.Мынау торғай, сауысқан, қарлығаш, 
қарға,қараторғай. 

-Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді.Олардың ауыздарының арасында тұмсық,қолдарының орнында қанат, екі аяғы бар,бірақ олар көбіне аспанда ұшып қалықтап жүреді. 
(суретін көрсетеміз) 
Мынау:-Сауысқан, 
Мынау:-Торғай, 
-Пішіні бойынша қайсы үлкен торғай ма әлде сауысқан ба? 
-Бұл екі құстың түсі қандай. 
-Құстар зиянды құрт-құмырсқалармен қоректенеді. 
Сөйтіп олар зиянды жәндіктерді құртады. 
Қарлығаш. Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара. Көлемі: кіші, қанаты сүйір, құйрығы айыр. Ұясы: саз - балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады.
Жейтін қорегі: шыбын, маса, шіркейлер. Жыл құсы. Ерекшелігі: адамдарға өте жақын, үйдің ішіне ұясын салады.

Тоқылдақ. Түсі: шұбар. Көлемі: торғайдан ірі, өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ұясы: ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді. Жейтін қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді.



Сауысқан. Түсі: қара ала. Көлемі: торғайдан ірі, ұзын құйрықты құс
Ұясы: ағаштың басына, бұтақ, шірпілерден жасайды.
Жейтін қорегі: басқа құстардың жұмыртқаларын, балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Ерекшелігі: жылтыр, әшекей заттарға әуес. Ұясынан алтын сақинаны, жылтыр әйнектерді, күміс тиындарды кездестіруге болады.

Бүркіт. Түсі: қоңыр. Көлемі: ірі, жыртқыш құс
Ұясы: биік жартастарға салады, бұтақтардан тоқып салады
Жейтін қорегі: құстар, қоян, түлкі, тышқан.
Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет олар ұшады. Қанаттары, мамықтары бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығы: құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.

Сөздік: Құс - птица,Торғай- воробей,Сауысқан-сороко. 
Қане балалар ойын ойнап бір серігіп алайық. 
« Ұшады-Ұшпайды»

Балалар қазір мен құстардың,заттардың атын атаймын сол кезде ұшатын құстарға қол көтеремізда,ал ұшпайтын заттарға қол көтермейміз жарайма балалар.Ал кеттік..... 
Ұшты ұшты қарға ұшты? 
Ұшты ұшты торғай ұшты? 
Ұшты ұшты қағаз ұшты? 
Ұшты ұшты сауысқан ұшты? 
Ұшты ұшты сандар ұшты? 
Жарайсыңдар балалар! 
Жарайсыңдар, балалар, енді құстар туралы тақпақтарымызды айтайық.
Айжан: Мен торғаймын, торғаймын
Жерге бекер қонбаймын
Құрт - құмырсқа шіркейден
Ақ бидайды қорғаймын.
Саялы: Шыр - шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп - кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Тыйым сөздер.
1. Құсты атпа
2. құстың жұмыртқасын жарма
3. құстың ұясын бұзба
4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Д/О: «Не артық?»
Жұмбақтар:

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

(қараторғай)

Маң-маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.

(түйеқұс)

Өзі сақ, өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс?

- (сауысқан)

Дамылсыз барабан қағады

Сол жерден тамағын табады.

(тоқылдақ)

Ұя салып ,балапан баспайды

Өз атын атап қақсайды.

(көкек)

Туысы дейді құстардың

Інісі дейді тышқанның

Тышқан да емес, құс та емес

Екеуінен де тыс қалдым .

(жапалақ)

Қызығып әр адам

Ұстап ап даладан

Жүнімен жұлып ап

Бесікке қадаған

Бұл қай құс?

- (үкі)

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай.

- (қарлығаш)

-Жарайсыңдар, балалар, бүгін біз құстармен және олардың тіршілігі, немен қоректенетіні туралы біліп таныстық. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.



7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасы

















«Құстар - біздің досымыз»

(ІІ кіші «Қонжық» тобының тәрбие сағаты)











Дайындаған: Г.С.Акузакова

Д.Е.Сейсенбаева











2017-2018 жыл



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12