Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ертеңгілік "Құстарды аялайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік «Құстарды аялайық». Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету, көктем мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталу. Құстар туралы жан – жақты түсінік беру, құстарды атап, бір – бірінен ажыратып, оларға қамқорлық жасауға үйрету. Әдіс- тәсілдері: Таңғажайып сәт, музыка, сергіту сәті, би. Керекті құрал жабдықтар: Үн таспа, күн, құстар (маскалармен).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Петропавл қаласы — 2018 - 2019 оқу жылы

Ертеңгілік «Құстарды аялайық».

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету, көктем мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталу. Құстар туралы жан – жақты түсінік беру, құстарды атап, бір – бірінен ажыратып, оларға қамқорлық жасауға үйрету.

Әдіс- тәсілдері: Таңғажайып сәт, музыка, сергіту сәті, би.

Керекті құрал жабдықтар: Үн таспа, күн, құстар (маскалармен).


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Көктемде ауа райы қандай болады?

Балалар: Күн жылынады, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді.

Тәрбиеші:Біз таңертең тұрып, далаға шыққанда аспаннан не көреміз?

Балалар: Аспаннан күнді, құстарды, бұлттарды көреміз?

Тәрбиеші: Ендеше балалар, бәріміз бірігіп «Көктем» әнін айтып көрейікші. (Ән)

ІІ. Ғажайып сәт.

Күн шапағын шашады. Күн болып бір қыз шығады. (Күн таудың арт жағынан шыққан іспеттес болып тұрады. Үн таспадан құстардың дауысы естіліп тұрады).

Күн: Ән құрадым үніммен, сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді, құт береке күніммен.

Сәлем, елдің көктемі, әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік, құстарыңа көктегі.

Тәрбиеші: Балалар, ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші. Ол үшін сендерге жұмбақ жасырамын. (Құстарға байланысты жұмбақтар).

  1. Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)

  1. Су бетін сызып,

Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)

  1. Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (Қаз)

  1. Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты (Қарлығаш)

  1. Тақылдатып мазаны ап,

Ағаштарды тазалап.

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті тазалап. (Тоқылдақ)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы! Жана сендер көктемде күн жылынады, құстар ұшып келеді, жаңбыр жауады дедіңдер.Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі?

Тоқылдық: Тоқылдақпын, тоқылдақпын, ағаш қабығының зиянкестерін құртамын. Бір тәулікте 200 — дей зиянкестерді жұтамын, ағашты тазалайтын санитар —дәрігері боламын.

Қарлығаш:Қарлығашпын, мен Қарлығаш, мен адамның тұрағын,

Шыбын деген кеселден тазалап тұрамын.

Қараторғай: Мен — қараторғаймын, шегірткедей жұртыңды,

Егістікке түсетін қырғи болып қиямын.

Жәндіктерден зиянды қорғаушы боп тұрамын.

Бұлбұл: Мен бұлбұлмын, ән бұлағын тасытқан.

Тәрбиеші:Балалар, сендер құс туралы көп тақпақ біледі екенсіңдер. Енді, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Ұшты —ұшты». (Ойын шарты түсіндіріледі)

Тәрбиеші: Бұл ойында қолдарын дұрыс көтермей қалған бала айыбын өтеп, тақпақ, жаңылтпаш, мақал — мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер айтып береді. Ал, қане, ойнымызды бастайық.

Ұшты, ұшты сұңқар ұшты! (қолды көтереді).

Ұшты, ұшты тұлпар ұшты! (қол көтерілмейді).

Ұшты, ұшты қарға ұшты (қолды көтереді).

Тәрбиеші:Балалар, енді бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

Тәрбиеші: Балалар, бізге тағы қонақтар келіпті. Осында кіргісі келіп рұқсат сұрап тұр. Кіргіземіз бе? Ал, қане, қанатты достар, кіре қойыңдар. (Аққу мен Көгершін ұшып ортаға келіп тоқтайды).

Тәрбиеші: Кім айтады осы екі құстың ішінде қайсысы бейбітшілік құсы? Әрине, ақ Көгершін.

Би: «Ақ Көгершін»

Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Балалар:

  1. Құстың ұясын бұзба.

  2. Құстардың жұмыртқасын жарма.

  3. Аққуды атпа.

Тәрбиеші:

Қамқоршы боп жүреміз,

Табиғатқа, құстарға.

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз.

Балалар, осымен «Аялайық құстарды» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Бәріміз орнымыздан тұрып «Ақ көгершін» әнін айтайық.

Қоштасу:























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12