«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар.. Музыка ойнап тұрады
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Балдырған» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Шолпан Кәрімқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Балалар әсем шыршамызды айналып ән айтайық.
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Ақшақар атып шығады.)
Ақшақар: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге ойын ойнап ән салайыншы.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: қәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық. Балалар: Аязата, Ақшақар (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады тегенді білмейсің бе?
Коян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Коян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Коян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Коян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығлып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр гой деймін, шақырайық, қол соғайық,қарсы алайық
Балалар: Аязата, Ақшақар! (деп 2 рет қайталайды)
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз гана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, Итпін. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Ақшақар: Сәлематсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын - күлкі таралсын.
Құтты болсын
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Аяз ата:Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Балалар: Бір екі үш шырша жарқырай түс (3 рет айту керек)
Шырша жарқырайды.?
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Қош келдіңіздер Аяз ата Ақшақар!.Алыс жолдан шаршап келдіңіздерме? отырып демалыңыздар. Бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға деген тартуларын тамашалаңыздар. Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән кұрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:Аяз ата біздің бүлдіршіндер жаңа жылға арнап тақпақтар дайындап келіпті
Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Аппақ аппақ жапалақтап» әнін жақсылап айтып - жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар бәріміз!
Ән: «Аппақ аппақ жапалақтап»
Би: «Күшіктер биі»
Би: «Аңдар биі»
Ән: «Жақындайық шыршаға»
Би: «Жұлдыздар әлемі»
Би: «Аққалалар»
-Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады. Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
Балалар:Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар! «Кұтты болсын Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды.Осындай керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа жылымыз құтты болсын! Отбастарыңызға тек бақыт қуаныш нұры жаусын.
«Жеткіншек» бөбекжай бақшасы МКҚК
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
(ертеңгілік. «Балдырған» тобы)
Өткізгендер: Г.К.Халиуллина
Г.Н.Тулепова
Желтоқсан айы.
2017-2018 жж

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік: "Құтты болсын Жаңа жыл"

шағым қалдыра аласыз