Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің
«Қызылтаң жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Рахмет, саған Әліппе!»
жауапты: Саримова Алия Ахметжановна
«Қызылтаң ЖОББМ»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
2024-2025 оқу жылы
Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің
«Қызылтаң жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Саримова Алия Ахметжановна
Әліппемен қоштасу
ертеңгілігі.
Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған
білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген
өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға
көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін — бірі сыйлауға, өзін — өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, жалаушалар , нақыл сөздер. слайд
Мұғалім: (1слайд)
-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі «Рахмет, саған Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі
отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі
болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған
Әліппемен қоштасқалы отыр.
-Ендеше, оқушыларымның білім өлкесіне қарай
басқан қадамдары құтты болсын! Сонымен «Рахмет,саған Әліппе!» атты
ертеңгілігіміздің 1 сынып оқушыларын қол соғып, қошемет көрсетіп
ортаға шақырайық.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Музыка ойнап
тұрады. ( Аяулы анам
мектебім)
Айзере
1.Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.
Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді) 2-слайд
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп.не білдік.
Қане,ортаға салайық!
Әліппеге арналған тақпақтар:
1.Айым:
Жақсы кітап әліппе,
Үйрететін әріпке
Қуыршақпен қоштастым
Әліппемен достастым
2. Ислам
Әліппе –білім анасы,
Әліппе кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған.
Адамда барма баласы?
3. Айзере
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе.
Ақылшым сен – мұғалім.
4.Айбар:
Бар кітапқа бас
болған
Әліппе - ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған
Даналықтың
данасы.
5.Дастан
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе!
Айым мен Айзере: «Рахмет саған әліппе»
(3-4 слайд) Балалар алдымен біз әріптерімізге көмектесейік орындарынан адасып кетіпті соны түзеп алайық қанекей.
(5-слайд) Әліппеге арналған тақпақтар:
6. Айым
Әліппем менің,
әліппем,
Сені қолға алып
мен.
Есігін аштым
мектептің,
Ертеңгі сәуле
жарықпен.
7. Ислам
Әліппем менің Әліппем
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап, жаза бастадым.
Тақылдап таңба танып мен
8. Айзере
Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
9. Айбар
Ата-ана атын сен
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
10. Дастан
Бастап сенен оқуды,
Үйрендік біз Әліппем.
Жүректе сен боласың,
Хош бол менің Әліппем
Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
Мұғалім : Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.
(А-4 -ге әріптер жазылады артына мақалдар ашып отырады) 6-слайд
(Айбар) А
– Ақыл —
дария,
Ой —
теңіз.
(Айзере) Б
- Білегі күшті бірді
жығады,
Білімі күшті мыңды
жығады.
(Ислам)
О - Оқы да
біл,
Ойна да
күл.
(Айым)
– Қ- Қына тасқа
бітеді,
Білім басқа
бітеді.
(Дастан Т) - Талапты ерге нұр жауар.
Әліппе : (7-слайд)
Ал балалар сендер мені жақсы меңгеріпсіңдер.Енді менің сендерді сынауға әкелген тапсырмамды орындайсыңдар ма? Өте жақсы.Ендеше мені мұқият тыңдаңдар:
1. Сендер қазақ алфавитінде неше әріп бар екендігін білесіңдер ме?
Алфавитте нелер бар?
Әріптерден басқа тағы не?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыс дегеніміз не?
Неше дауысты дыбыстар бар?
Неше дауыссыз дыбыстар бар?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Өте жақсы. Сендер менің қойған сұрақтарымның бәріне жауап бердіңдер.
Енді мына тапсырмаға назар аударайық.
2-тапсырма: (8-слайд)
Келесі тапсырмаға кезек берейік пе? буынға бөліп беріңдерші. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс бар? Неше буын бар? Неге екі буын? Кірпі сөзінде неше әріп, неше дыбыс, неше буын бар және неге екі буын?
3-тапсырма: (9-слайд)
Балалар сендер 2 тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Енді келесі соңғы тапсырмаға назар аударамыз:
«Адасқан сөздер»
Берілген сөздердің тиісті орнын табуымыз керек.
Пайдалы бал өте.
Жүзді көлде үйрек.
Досы адамның ит.
Осы сөздердің орнын тауып,дұрыс сөйлем құрастыру.
Сөйлем неден құралады? Сөйлемде неше сөз бар?
4-тапсырма Математикалық басқатырғыш (10-слайд)
Ән: Әліппе, Әліппе ( 1-сынып оқушылары)
Әліппе :
Балалар сендерге көп рахмет.
Сендер мені жақсы оқып, жақсы меңгеріпсіңдер.
Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
Әліппе : Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар!
Бәрі: Әліппем менің Әліппем.
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет.
Өзіңе көп-көп рахмет.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен Ана тілі оқулығы боламын. (11-слайд)
Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!
Бәрі: Оқимыз, оқимыз.
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінділмес кемдігім.
Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.
Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Ана тілі саған ән айтып бермекші Айым
ӘН: Қошақаным
Айзере: «Әліппе» даңғыл
жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Айым:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе
Шәкіртім деп қуанып.
Ислам:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
басталғанын түсіндім.
БИ: (ӘЛІППЕ)
Қызықты викторина сұрақтар ата-аналарға (12-слайд)
1. Жұмулы көзбен не көреді? (түс)
2. Шәйді қай қолмен араластырған дұрыс? (қасық ұстаған қолмен)
3. Ұзарған сайын қысқаратын не? (өмір)
4. Жеген сайын жылататын не нәрсе? (пияз)
5. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (алма ағашында)
6. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос ыдыстан)
7. Адамдар бас киімін кімнің алдында шешеді? (шаштараз алдында)
8. Өзіңді қайдан көре аласың? (айна)
9. Шөл басатын ыстық сусын не? (шай)
10. Сөйлем соңына не қояды? (нүкте)
11. Қыздың шашын өргенде не пайда болады? (бұрым)
12. Есектің неше мүйізі бар? (мүйізі жоқ)
13. Адамды тамақтандырады, бірақ өзі ештеңе жемейді? (қасық)
Ән: Біз бақытты баламыз орындайтын Айзере
Мұғалім: Осымен «Рахмет саған Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде диплом табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз.
(Әліппені бітіргендері үшін дипломды тапсыруға рұқсат етіңіздер.)
Диплом
тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз
кезегі беріледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік "Рахмет,саған Әліппе!"

шағым қалдыра аласыз