жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік "Сиқырлы күз"
МКҚК №2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасы
«Сиқырлы күз»
(Ертеңгілік)
Ортаңғы «Қарлығаш» тобы
Тәрбиешілер:Күмісбекова Б.
Оразбекова А.
2020-2021оқу жылы
«Сиқырлы күз»
Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту, күз мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін біліп, оның сұлулығын бағалай білуге тәрбиелеу, балаларға мерекелі көңіл-күй сыйлау.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар. Берекелі алтын күз құтты болсын! Құттықтау сөз балабақшамыздың меңгерушісі Сатыбалдинова Ардақ Ерболатқызына береміз. Бүгінгі «Қарлығаш» тобының «Сиқырлы күз» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән «Алтын күз»
Жүргізуші: Ал, енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Тақпақтар:
Нұрым
Алақай-ау алақай,
Шаттанады балақай
Береке-салтыкүз
Мереке-алтын күз
Дана
Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі
Дамира
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Анель
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Жігер
Алтын күз, алтын күз
Күтеміз сені біз
Төріміз сенікі
Келіңіз, келіңіз.
Алинұр
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Жүргізуші: Балалар, Күз ханшайымы қайда? Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар? Кәне күзді шақырайықшы, бізді естіп келіп қалар?
Күздің музыкасы естіледі,
залға Күз ханшайымы кіреді. 
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ма, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты болсын!
Жүргізуші: Қарлығаш тобының күз мерекесіне қош келдіңіз Күз ханшайымы!
Күз ханшайымы: Рахмет! Күз мезгілі тамаша. Күз мезгілінде бізге пайдалы дәрумендер піседі. Қарап отырсам мұнда кішкентай саңырауқұлақтар отыр екен маған арналған өнерлерін бар сияқты
Жүргізуші: Ия Күз ханшайымы, біздің ұлдар сізге арнап би дайындады.
Би «Саңырауқұлақ»

Күз ханшайымы: Рахмет! Жақсы билейді екенсіңдер.
Жүргізуші:Күз ханшаймы біздің балалардың сізге арналған тақпақтары да бар бірге тындайық
Тақпақтар:
Әсем
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Аңсар
Думан толы асқарлы
Күзмезгілібасталды.
Күзәуенікепжетті,
Әнгебөлепжастарды.
Жібек
Жеміс жидек пісті,
Қамбаға астық түсті
Айару
Күзім ау, күзім ау,
Мінезің бұзық ау
Жаңбырын сіркіреп,
Келгенің қызық ау
Раяна
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Шыңғыс
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
Ғажайып сәт (Маша мен аю ертегісінен үзінді)

Ойын: Көкөністер мен жемістер

Жүргізуші: Өте керемет рахмет сізге. Маша енді балаларымыздың өленің тамашалайық
Ән «Көкөніс»

Күз ханшайымы:Балалар мен сендерге арнап жұмбақтар алып келіп тұр. Қане тауып көрейікші
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды
(Күз)
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе-сары. Бұл не екен балалар?
(Жапырақ)
Қанаты жоқ-ұшады,
Аяғы жоқ-қашады ол не?
(Жел)
Көктен түседі,
Жер ішеді бұл не?
(Жаңбыр)

Жүргізуші:Тамаша балалар күз ханшайымы жасырған жұмбақтарды таптыңдар өте керемет, енді қыздарымыздың қолшатыр биін тамашалайық
Би: «Қолшатыр»

Күз ханшайымы: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ пен ән айтасыңдар! Сендер сондай ақылды балалар екенсіңдер! Біз сендерге сыйлық ала келдік (алмаларды береді) Бізге қайтатын кез келді
Екеуі: Балалар сау болындар!
Шығып кетеді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар осымен бүгінгі «Сиқырлы күз»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген