Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік тақырыбы Кел жаңа жыл.2017

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға арналған ертеңгіліктердің үлгісі тәрбиешілер үшін аса қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертеңгілік тақырыбы: « Кел, Жаңа жыл

Залдың ортасында сәнді шырша.
Жүргізуші:Даламызға,қаламызға,
                   Жаңа жыл кіріп келеді.
                   Қартыңызға,балаңызға
                   Жалынды сәлем береді.
                   Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, 
                   Таңырқанып тұрмаңыздар.
                   Сәнді шырша шақырады.
                   Шырша жырын жырлаңыздар.
                   Келіңіздер,келіңіздер,
                   Би де билеп беріңіздер.
                   Қызығы мол жаңа жылдың
                   Тамашасын көріңіздер.
(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.) 
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Қараңдаршы балалар,айналаға.Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер.Мынау не?Жамылғы ғой балалар.Бұл жай жамылғы емес екен жарқыраған,әдемі жұлдызды жамылғы.
-Сендер білесіңдерме,бұл кімнің жамылғысы?
-Иә,бұл ертегі елінің ханшайымы Шахерезаданың жамылғысы.Балалар мен жаңа айтып өттім.Бұл жай ғана жамылғы емес,жаңа жылда не тілесек,тілегімізді орындайтын жамылғы екен.Ендеше жамылғының сыйқырлы жұлдызшасын ұстап, сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен?
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Шахерезада келеді)
Шахерезада:Менің атым Шахерезада Шығыс елінен келдім,мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада:-Рахмет,менің сыйқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе.Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады.Жұлдызшаны қолымызға алсақ,ертегілер елінен бірақ шығамыз.
 Жүргізуші:Балалар Шахерезада жұлдызшаны қолына алды,сыйқырлы сөзді айтуымыз керек.

Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Алладин кілемшемен,қолында шамы бар келеді)
Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп,үлкен ірі жын шығады.)
Жын:У-ух-хо-хо-ха-ха
(Алладин аяғына жығылады.)
Алладин:Шегініп сен кімсің?
Жын:Мен сенің құлыңмын тақсырым.Не бұйырасың? Тез арада орындаймын.Тасқа айналдыр десең,тасқа айналдырамын.Қатырып таста десең қатырамын.

Алладин:Міне керемет! Мен жаман іспен айналыспаймын,мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Би:Шығыс биі.
Алладин:Рахмет жын,ертегі айтатын Шехерезада осыма?
Жын:Иә,бұл біздің Шехерезада.
Алладин:О,сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін,ал.
Шахерезада:Рахмет Алладин.
Алладин:Мен сыйлық бергенді ,жақсылық жасағанды жақсы  көремін.Сау болыңдар.
Жын:Әмір беріңіз ханымым.
Шахерезада:Жын Аяз атаны мерекеге тезірек келуіне көмектес.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Аяз атаның дауысы:Келемін асығып келе жатырмын.-Сәлеметсіңбе мереке,жұлдыздай жарқыраған.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата,көптен күткен.
Аяз ата:-Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім.Қарша қызым қайдасың?Сыйлығым кәне көрсетейік.
Сыйқыршы:Алладин қайда?Шам қайда?Шахерезада айт кәне.
Шахерезада:Шамның саған не керегі бар.Жынды шақырып жаман істермен айналыспақшысың ғой.Кет бұл жерден әйтпесе саған жаман болады.
Сыйқыршы:Әп бәлем сен мені қорқытпа.Әйтпесе Аяз Атаны сыйқырлап,сені алып кетемін,жаңа жылда сыйлық болмайды.Ух-ха-ха-ха деп сыйқырлайды.Сыйқыршыларым жиналыңдар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би:Сыйқыршылар.
Жетеді.Биледіңдер  енді жұмысқа кірісіңдер Аяз Атаға шабуыл жасап сыйлығын тартып алыңдар.
Шахерезада:Балалар қайғырмаңдар .Жұлдызды жамылғыдан жұлдыз алайын жын көмекке келеді.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Сыйқыршы беталды әуре боласың.Мен сенің сыйқырыңды жоямын,жаман істер істемейтін боласың.Жақсы сөз айтып жүретін боласың.
Сыйқыршы:Кешірші Аяз Ата.Енді жаман іспен айналыспаймын.
Аяз ата:Кешірейік балалар.Сыйқыршы ескі жылмен жаңа жылды сахна төріне сыйқырлап әкелсін .
Сыйқыршы:Жарайды Аяз Ата дегенің болсын.
Қоян мен ұлу келеді.
Аяз ата:Қоян жылы көп жақсылық әкелді.Енді Ұлу жылы көп  жақсылық болсын.
(қоян және ұлу болып киінген бала кіреді)    
Жүргізуші:Ақ сақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына сыйлық алып келеді.
Ол кім балалар?
Балалар:Аяз Ата.
Жүргізуші:Ендеше Аяз Атаны ортаға шақырайық. Шыршамыздың шамдарын жақсын.
Аяз Ата:1,2.3
Шырша шамы жан.
Шыршаға арнаған әндерің бар ма?
Ән:Шырша.
Жүргізуші:Ал,балалар,мерекені ары қарай жалғастырайық.
Аяз Ата алыстан шаршап келді,олай болса тақпақ айтып берейік.
Тақпақтар.
1.Ақша қар жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Қар.
Ән:Ақша қар.
Аяз ата маған деген әндерің қайда.
Ән: Аяз ата.
Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!
Жүргізуші:Құрметті,балалар 2017жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Барлық кейіпкерлер сахнада Жаңа жыл әнін орындайды.

 

 



46 орта мектеп



Тақырыбы: «Кел,Жаңа жыл!»

Дайындаған: Өскінбаева Ж.С.





Мектепалды даярлық сыныбы

2016-2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12