Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ертеңгілік "Тілдер мерекесі" ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік "Тілдер мерекесі" Тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған «Мирас» балабақшасының әр тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Тілдер күні» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер. Балалар, жыл сайын 22 қыркүйекте барлық елдің тұрғындары Қазақстанда Тілдер күні тойлануда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан халықтарының тілдері күні»


Қош келдіңіздер, құрметті достар! 
1 жүргізуші:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн қонақтар!


Тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған «Мирас» балабақшасының әр тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Тілдер күні» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер. Балалар, жыл сайын 22 қыркүйекте барлық елдің тұрғындары Қазақстанда Тілдер күні тойлануда. Біз бір елде туылғанбыз, бірақ тіліміз басқа. Мұның бәрі Қазақстанның көпұлтты мемлекет болғандықтан. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі! Еліміздің Әнұранын мемлекеттік тілде бірге шырқайық.


Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.


Жүргізуші: Қазақстанда тұратын әр ұлттың өздерінің салт-дәстүрлері, өз ана тілдері бар. Ал қазір әр ұлт қалай сәлем беретінін біз тыңдайық.

Бір баладан жеке-жеке шығып әр ұлт бойынша амандасады.



Телемост

1 ребенок: На казахском — Сәлеметсіз бе!

ребенок: На русском-Здравствуйте!

ребенок: На латышском-Лабден!

ребенок:  На татарском-Исэли сес!

ребенок:  На узбекском-Ассалам малейкум!

ребенок:  На азербайджанском-Салам!

ребенок:   На  немецком-Гутэн так!

ребенок:  На  белоруском- Добрай ранеца!

ребенок:   На  польском-Дзинь добру!

10 ребенок: На армянском- Бар эв дзез!

11 ребенок: На грузинском-Гамарджоба!

12ребенок:  На украинском-Здрастуйтэ!

13ребенок:  На чеченском-Маршалла хулда!




Би- Домбыра биі


2. Жүргізуші:

Қимыл-қозғалыс ойыны– Қазақтың ұлттық ойыны ( Теңге алу.)

(ойын шартын түсіндіру) қыз бен жігіт атқа мінеді. Жерге тиындар шашылады, балалар, шашылған тиындарды атқа отырып жинайды. Кім көп жинады, сол бала жеңімпаз атанады. (санау керек.)


  1. Жүргізуші: Осы мерекеге орай ал, енді балалардың дайындап келген тақпақтары бар екен соны тамашалайық.

Ана тілің — біліп қойеркіндігің теңдігің
Ана тілің — біліп қой мақтанышим, елдігің.

Ана тілің-орың бұл, ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрің біл, өз тіміңді қурметте!


Балалар тақпақ айтады


Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте


Ана тілім бала тілім

Өзің барда шалқыдым

Өз тілімде ән шырқап

Термелетіп балқыдым


Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның


Тілім барда мақтанам.

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған


Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді




Ана тілді білмесем

Шат-шадыман күлмес ем

Жер бетінде сайраңдап

Қазақ болып жүрмес ем


Ойын: Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату»


Песня «Дружба», «Достық»


Жүргізуші: Әр тіл әдемі. Ұмытпа, өз ана тіліңді сүй, оны аяла, мақтан тұт! Әр ұлттың балаларымен тату-тәтті өмір сүріңіз. Сізге бақыт, денсаулық және мейірімділік. Осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды, келесі кездескенше Сау болыңыздар!


Ән «Біз өмірдің гүліміз»





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2022
1721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11