Тақырыбы:«Жасыл шырша
жанында»
Мақсаты:Балаларды жаңа жылмен, оның
ерекшеліктерімен таныстыру,мерекеге көңіл- күй туғызу.Шырша
әсемдігін,қыс қызығын сезіну,әсер алу қабілеттерін жетілдіру.Ән
орындау,би билеу,тақпақ айту арқылы балалардың сөйлеу тілін
дамыту.Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге
тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: Ойыншықтар ілінген
шырша,орындық,музыка орталығы,аққала бөліктері,қыс туралы
суреттер.
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар келіп
отырған қонақтар және әріптестер сіздерді келе жатқан Жаңа жыл
мерекесімен құттықтаймыз,жанұяларыңызға бақыт тілейміз,аспанымыз
ашық болып,еліміз көркейе берсін.Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа нұр
төгіп,тек қана жақсылықтар алып келсін.
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген
үн
Әр қанаттан кең алқапқа
тарайды.
Тәрбиеші: Балалар, Аяз Атаны
шақырайық!
Балалар: Аяз Ата (3
рет)
Аяз ата! 3
рет
Аяз Ата
келеді.
Аяз
ата: Амансың ба
ұлдарым,
Амансыз ба
қыздарым!
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
билерің.
Аяз Ата
сендерге
Шаршап келді
алыстан.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ақша қар сендерді
көптен күттік. Аяз Ата сіздерді сағындық. Қош
келдіңіздер!
Тақпақтар:
Рамазан:Шыршамыз да
керемет,
Ойыншықтар
тағылған.
Алыс жақтан келіп
тұр,
Аяз ата
сағынған.
Сезім:Жасыл желек
жамылған,
Асыл моншақ
тағынған.
Міне сұлу
шыршаның,
Көптен күтіп
сағынған.
Айару:Жаңа жылға
сәніміз
Біздің айтар
әніміз.
Келдің бе аман
алыстан,
Сәлем ,Аяз
атамыз.
Аягөз:Келді келді жаңа
жыл
Қуанып қарсы ала
біл.
Аяз ата
сыйлаған,
Алайық айтып жаңа
жыр.
Ән:Жасыл
шырша.
Тақпақтар:
Мирас:Жаңа жыл,жаңа
жыл,
Сені күттім
елеңдеп.
Өзіңменен
ілесіп,
Аяз ата келер
деп.
Ерке:Ақ қырауға
малынған,
Сақалыда,мұрты
да.
Аяз ата
сағынған,
Сәлем берді
жұртына.
Лазым:Қандай әсем
шартарап,
Шаттық күйге бөлеп
тұр.
Кәмпиттерін
арқалап,
Аяз ата келіп
тұр.
Алинұр: Аяз ата
келеді
Тамашаны
көреді
Риза болып
қуанып
Бізге сыйлық
береді.
Әділхан:Той
мереке салтанат,
Думандатты
шартарап.
Келді,міне жаңа
жыл,
Тартуларын
арқалап.
Мұқаддас:Далада қар
борайды,
Ақ мамыққа
орайды.
Мұз болады
қатады,
Жылтырап
жатады.
Нұрлыбек: Жаңа жылды қарсы
алдық
Мініп алып
күймеге
Менде бүгін ән
салдым
Араластым биге
де
Тәрбиеші:
Мен білемін бір
ойын:
Үйретейін
сендерге
Мен бастайын, ал, сендер
аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап
айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе
жатыр....
Балалар: Жаңа
жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ
мұртты білсең атын тез ата, келеді
бізге.....
Балалар:
Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі....
Балалар:
Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала
жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты
болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3
рет)
Би:Кәмпиттер
биі:Сезім,Ерке,Аягөз,Айару.
Тәрбиеші:Қыс қызығы
тамаша
Ойнаймыз біз
таласа
Думанымыз
жалғассын
Жаңа жылға
тамаша!
Ойын:Аққала
құрастыру
Шарты:Үлкен етіп аққала
бөліктері дайындалған,балалар екі топқа бөлініп жарыса отырып
аққала бөліктерін апарып құрасырады.
Жүргізуші:- Қандай керемет сыйлықтар!
Рахмет сіздерге, Аязата, Ақшақар!
Сау
болыңыздар.
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Жасыл шырша жанында» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды,
тәп-тәтті
бүлдіршіндеріміздің өнерін
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат
болыңыздар!


.