« Бекітемін»
Мектеп директоры: Ж. Есенғалиев
Тақырыбы: « Ерулік » дәстүрі. 1- наурыз- Алғыс айту күнін мерекелеу.
Мақсаты: Қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, Қазақстандық бірігейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің принциптерін бекіту.
Көрнекілігі:Слайд, шар, суреттер.
Түрі: Ұйымдастырылған үзіліс.
Әдісі: Сахналық қойылым.
Күні: 01.03.2017 жыл.
Уақыты: 11:00
Сахналық қойылымға қатысатын оқушылар:
Отанасы- Гулира
Отағасы-Мұхтар
Балалары- Меруерт, Дамир, Ернар,
Көршілері- Мадина, Гүлден, Жаннұр
Жүру барысы:
Жүргізуші: 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеміз. Алғыс айту күні- бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болатын Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Алғыс айту күні- Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, Қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы- еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Олай болса, бүгінгі Алғыс айту күніне орай қазақтың ұлттық дәстүрі «Ерулік» дәстүріне кезек береміз.
«Ерулік» дәстүрі.
Сахнада отбасы мүшелерімен отырады. Балалары кітап оқып, әңгімелесіп отырады.
Отанасы: Ой, балаларым бүгін күн қандай тамаша! Күн нұры шуаған шашып, төгіп тұр. Отағасы алдында екеуміз жаңадан көшіп келген мына жағымыздағы украин ұлты мен мына жағымыздағы түркімен көршімізге ерулік береміз деген едік –қой. Есіңде ме? Сол мынау бүгінгі Алғыс айту күніне тұспа-тұс келіп тұр екен.
Отағасы: Я,Я есімде ғой. Дұрыс айтасың. Анау сүрленген соғым еттерін сал да, осы мерекеде шақырып жіберейік.
Балалары: Я,я ана-әке шыныменде осы көшіп келген көршілеріміздің балалары біздің сыныбымызда оқиды, сонымен қатар қазақша сайрап тұр.
Отанасы: Жарайды онда айналайын,Ернаржан, Дамиржан сендер көршілерімізді бүгін кешке қонаққа шақырып жатқанымызды айтып келіңдер. Ал қыздарым сендер маған үстел жасауға көмектесіп жіберіңдер.
Отағасы:Әй мен ана қорадағы малдарыма шөп салып келейін.
Отағасы, Отанасы: Міне, көршілеріміз келіп қалды. Қош келдіңіздер! Келіңіздер, төрге шығыңыздар! Дастарханнан дәм татыңыздар. Таныса отырайық.
Отағасы: Ерулік дегеніміз- көнеден келе жатқан қазақ халқының салт- дәстүрі. Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдаң адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады.
Отанасы: Ия бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасаына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы: жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды.Оны әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны ұмытпаған. Қандай жағдай болмасын бір- бірімізден көмектерімізді аямауымыз керек деген ұғымды білдіреді.
Көршілер: Рахмет, рахмет! Біздерді бөтенсімей, орталарыңа тартып, сыйластыққа шақырғандарыңызға.
Отағасы: Ия, керек нәрселерің болса, жетпей жатқан заттарың болса қысылмай сұраңыздар.
Отанасы: Қәне, бәріміз көңіл көтеріп ән айтсақ қайтеді.
Бәрі: Ия, ия айтсақ айтайық.
( Гүлдерайым әні орындалады)
Көрші: Аға, апа үй көрсетіп, қонақасы бергендеріңізге алғысымыз шексіз.
Отағасы: Оқасы жоқ, енді үй арасында ешқандай кедергі жоқ,өз үйім деп келе беріңіздер!Ал ас қайыру рәсімін көрші сізге жолдаймыз.
Көрші: Ал енді бүгінгі дастархан жайып шақырғандарыңызға үлкен рахмет. Қазақтың осындай қонақжайлығына ризамыз. Олай болса, ас қайырайын.
Жүргізуші:
Жырласа қазақ, түркімен
Украин, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен, Мейірлері жарасқан.
«Ел бірлігі- ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге –қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі- Қазақстан халықтарының бірлігі жасай берсін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ерулік"

шағым қалдыра аласыз