Ес туралы ұғым. Оқу әрекетіндегі естің атқаратын қызметі мен мәні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ес туралы ұғым. Оқу әрекетіндегі естің атқаратын қызметі мен мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Студеттерге ес туралы ұғым қалыптастырып, оқу әрекетінде естің атқаратын қызметі мен мәнін ашу. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау процесін дамыту жолдарын меңгерту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі» МКҚК


оқу сабағының жоспары


Сабаққа жіберілді

__________________

Сабақ тақырыбы: Ес туралы ұғым. Оқу әрекетіндегі естің атқаратын қызметі мен мәні


Модуль /пән атауы: Жас ерекшеліктер психологиясы мен дамуын сипаттау


Педагог Тулебаева Б. Н. дайындады

2025 жылғы "1"желтоқсан

1. Жалпы мәліметтер:


Курс, топ: 1 курс, БМ-25-11-1


Сабақ түрі: Шығармашылық-ізденіс сабағы


2. Мақсаты, міндеттері: Студеттерге ес туралы ұғым қалыптастырып, оқу әрекетінде естің атқаратын қызметі мен мәнін ашу. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау процесін дамыту жолдарын меңгерту.


3. Күтілетін нәтижелер: Студенттер ес процесінің оқу әрекетінде атқаратын қызметі мен мәнін толық түсінеді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жолдарын үйренеді және практикада қолданады.


4. Қажетті ресурстар: АКТ құралдары, тірек-сызба, түрлі түсті асықтар, қима қағаздар.



5. Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру.

Кабинет тазалығына назар аудару, сабаққа құрал-жабдықтарын дайындау.

Сәлемдесу, студенттерді журнал бойынша тексеру, кабинет тазалығын қадағалау.


«Сәлем- сөздің атасы» жаттығуы.

Студенттер қара жорға әуеніне дене қимыл-қозғалыстарын жасап билейді. Соңынан қазақ халқының жас ерекшеліктері мен дәрежесіне қарай сәлемдесу түрлерін еске түсіріп аман-саулық сұрасып, қазақ халқының амандасу салты қысқаша талданады, түсінік беріледі. Мысалы, қолмен амандасу, иық қағып сәлемдесу, сәлем салу, мал-жанның саулығын сұрау т.б.

«Асық» топқа бөлу әдісі. Студенттер сәлемдесіп болған соң қапшықтағы асықтар ұсынылады, әр студент қапшықтан асық таңдап алып,асықтың түсіне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Теңге алу» ойыны. Өткен тақырып бойынша дайындалған сұрақтар жабыстырылған теңгелер көрсетіледі. Теңге алған студент сұраққа жауап берсе теңге өзіне қалады, жауап бере алмаса келесі бір студентке ұсынады. Осылайша әр студент өз қоржындарына теңге жинайды.

  1. Қабылдау дегеніміз не?

  2. Қабылдаудың физиологиялық негізі дегеніміз не?

  3. Қабылдаудың қандай ерекшеліктері бар?

  4. Апперцепция дегеніміз не?

  5. Иллюзия дегеніміз не?

  6. Бақылау, Бақылампаздық дегеніміз не?

  7. Кеңістікті қабылдау деп нені айтамыз?

  8. Уақытты қабылдаудың қандай өлшемдері бар?

  9. Адам кеңістікті қалай қабылдайды?

  10. Баланың Қабылдауын дамытып, қалыптастырудың қандай жолдарын білесіз?

  11. Қабылдаудың тұтастығы деген не?

  12. Қабылдаудың таңдамалығы дегенді қалай түсіндірер едіңіз?


ІІІ. Жаңа сабақ барысы.

Миға шабуыл.

Студенттерге өздерінің 15 жасқа толған туған күн кешін еске түсіру тапсырмасы беріледі, студенттердің жауаптары талданып жаңа сабақтың тақырыбы айқындалады.

Ес туралы ұғым. Оқу әрекетіндегі естің атқаратын қызметі мен мәні

Ес- бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын ойда сақтап, оны қайта жаңғыртатын психикалық күрделі процесс.

Ес процестері және есте сақтау заңдылықтары.

Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.

Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны т.б. ал енді олардың әрқайсысының жадталуы бірдей емес. Әдетте адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті еріксіз есте қалудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.

Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл ой парасатын пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша, көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан ырықты есте қалдыру ырықсыз ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді. Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге егер алға осы осы міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса есте қалдыру тиімді нэтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы міндеттер белгіленумен бірге ( тұтастай жаттап алу) жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой - пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшінші бірде-деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.

Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы көзден таса, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің астарында екінші сигналды жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан, мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлде қайда тиімді келеді. Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды керек етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.

Түсінімді және берік есте қалдырудың шартары. Материалды түсініп, ұғу үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы-мәтінінің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының логикалық бірізді тізбегі құрылады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді. Жоспар түзіп жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.

Материалда ұғудың пайдалы әдісі—салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендегілермен салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.

Материалдың түсінімді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп бару қажет.

Есте берік қалдырудың жолы-қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау белсенді және әртүрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру, схема сызу,таблица түзу, көрнекі құрал жасау т.б.). белсенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жанданып, материалды ұғына түсінуге нәр береді.

Қайталанудың әртүрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың өмірмен, күнделікті тұрмыстық тәжірибемен ұштасып баруы есте қалдырудың толыққандылығын қамтамасыз етеді. Енжар қайталаудан пайда шамалы. Қайталау уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты қайталау екі әдіспен орындалады жинақты және бөлшектенген.

Бірінші әдісте материал бір отырыста жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Мысалы, оқушының өлеңді жаттап алуы үшін 12 қайталау қажет болса, ол сол мәтінді 12 рет оқып, толық есте қалдырмағанша, жұмысын үзбейді. Ал бөлшектенген қайталауда мәтінің әр оқылу арасы бірқанша уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат үнемделеді, білім игерілуі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға тырысады, бірақ жиі қайталаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін, формасын әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға қосып тұрады.

Есте сақтау. Бала есіне қалдырғанды біршама уақыт аралығында есте сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және статистикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметі есте орын иеленіп, ал статистикалық - ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтауда жатталған материял өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.

Ұзақ мерзімді есте сақталатын материал сырттан үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттардың әсерінен ұдайы қайта жасалып жатады. Мұндай процесте естің жаңалануы әртүрлі формада өтуі мүмкін: есте сақталған материялдың кейбір бөліктері жойылады, бірінің орнына екіншісі келеді, материялдың орналасу кезегі өзгеріске түсіп, қажет бір жалпылыққа келтіріледі. Бұның барлығы қайта жаңғырту кезінде байқалады. Ақпараттың сақталғаны және оның өзгеріске түскенін естің келесі екі процесінде анықтау мүмкін, бұлартану мен қайта жаңғырту.

Тану және қайта жаңғырту қандай да нысанды тану сол объекті қабылдау кезінде көрінеді, яғни объектің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиял елестерді негізінде іске асырылады.

Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты дэл біле алмай, тек шырамытуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда байқалады; толық тануда субъекті қабылданып жатқан нәрсені қалтқысыз белгілі топқа жатқызып, онымен қандай жағдайда кез болғанын айтып бере алады немесе оны танитыны жөнінде қосымша айғақтар келтіреді. Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Содан да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы, оқушы мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді тікелей көрмесе, ол, әлбетте, біраз қиналады.

Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.

Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен. Сұрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтінді арасындағы уақытша байланыстарды қоздырып отырады. Кейде сұрақтар орынсыз қойылып, екі ұшты болса, баланың материалды еске түсіруіне кедергілік етеді. Бұл мұғалімнің есінде әрдайым сақталғаны жөн. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру-бұл әрқашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қойады, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыбайластық немесе қарама-қарсылық байланыстары жатады.

Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуды адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішіне жаңғыртылуы тиіс материалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер сезімдер мен эрекеттер кіреді.

Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатын орай естің әр түрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес болуы шарт:

  1. әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес қозғалысты, сезімдік, бейнесі және сөз-логикалы болып бөлінеді;

  2. іс-әрекет мақсатына орай ес-ырықты жэне ырықсыз болуы мүмкін;

  3. дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты қысқа мерзімі, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.

Қозғалысты ес әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларына гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музикалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозғалысты есі тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекет-терінің қалпына түсуіне және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалыстар ес адамның әрекет естілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен «бармағынан өнер тамғанынан» көрінеді.

Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Осында, көңіл-күй есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздың өтіп, есімізде сақталған сезімдік әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуінің осы сезімдік еске негізделген.

Бейнелі ес елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік жэне дәмдік болып бөлінеді. Егер қору, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт бағдарына қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері ес-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т.б.

Ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз эр түрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтықсыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.

Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мэн екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі жэне эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет. Сөзді-логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен, осы мағыналық еске байланысты.

Іс-әрекет мақсатына байланысты ес ырықты, жэне ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс-ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жанғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.

Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз -ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттілігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қылып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.

Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне сыртқы әсерлер іздері бекігенге дейін өтетін процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы үшін, ол субьекті тарапынан тиісті дэрежеде өңделіп игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет, яғни сырттан түскен әсерлердің басы бірігетін уақыт. Бұл процесс-жаңа ғана болып өткен оқиға енді жоқ болсада, біз оның көріністерін елестетеміз, құлағымыздан шуы кете қоймайды. Мұндай процестер тұрақты болмайды, жойылып та кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру механизмдерінің қызметінде үлкен роль ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерекше формасы ретінде-қысқа мерзімді ес деп танылған. Бұл ес түрі, жоғары да көрсеткеніміздей, материалды аз уақыт аралығында ғана сақтау мүмкіншілігіне ие.

Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар жэне қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің эр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет бөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса, ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін.Қызметтік естің жоғары дәрежеде нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.


СергітуShape1

Сергіту сәті. «Көңілді оюлар» ойыны. Студенттерге ұлттық ою-өрнектердің бейнесі көрсетіледі, сол оюларды қимылмен көрсету ұсынылады. Қарлығаш оюы көрсетілгенде екі қолды жанымызға созып қанатқа ұқсатып қағамыз, Қошқармүйіз оюы көрсетілгенде екі қолды жоғары көтеріп,


IV. Практикалық тапсырмалар.

  • 1) «Ойлан-тап» ойыны Worldwoll программасында

  • 2) «Сиқырлы қоржын» логикалық тапсырмалар

  1. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?  

  2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 – Талғат

  3. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын

  4. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36; 12

  5. Сұрақ: Екі әке және екі ұл балық аулауға барды. Олар үш балық ұстады, әрқайсысына бір балықтан тиді. Бұл қалай мүмкін?Жауап: Олар үш адам: атасы, әкесі және ұлы.

  6.  Бір бөлмеде төрт бұрышта төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық бар. Бөлмеде қанша мысық бар?Жауап: Төрт мысық.

  • 3) « Ребус» топтық тапсырма

1-топ Мақал-мәтел

2-топ Жұмбақ

3-топ Жаңылтпаш

  • 4) «Есте сақтаудың диагностикасы мен жылдамдығын анықтау» әдістемесі.


V. Жаңа сабақты бекіту. «Тақия тастамақ» ойыны арқылы жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылып бекітіледі.

VІ. Сабақ бойынша рефлексия:

«Асық ату» әдісі. Студенттер сабақ басында алған асықтарын сабаққа кері байланыс ретінде оқытушы үстеліне апарып қояды. Егер,

  1. Тақырыпты толық түсіндім – Алшы

  2. Тақырыпты түсіндім, бірақ тағы іздену қажет- Тәйке

  3. Бүгінгі сабақ ұанады, бірақ тақырыпты түсіне алмадым- Бүк

  4. Тақырыпты түсіну қиынға соқты, қайталауды қажет етемін- Шик


VІІ. Бағалау. Сабақ соңында студенттер әрбір тапсырма бойынша жинаған теңгелерін санап қапшыққа салып өткізеді. Қапшыққа жиналған теңге қосындысы бойынша бағаланады. 1000 теңге- 10 балл болып есептеледі.


VІІІ. Үй тапсырмасы.

1. Тақырып бойынша лекция конспектілеу және түсініп оқу.

2. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытатын әдістемелер жинақтап келу.






















  1. Қабылдау дегеніміз не?

  2. Қабылдаудың физиологиялық негізі дегеніміз не?

  3. Қабылдаудың қандай ерекшеліктері бар?

  4. Апперцепция дегеніміз не?

  5. Иллюзия дегеніміз не?

  6. Бақылау, Бақылампаздық дегеніміз не?

  7. Кеңістікті қабылдау деп нені айтамыз?

  8. Уақытты қабылдаудың қандай өлшемдері бар?

  9. Адам кеңістікті қалай қабылдайды?

  10. Баланың Қабылдауын дамытып, қалыптастырудың қандай жолдарын білесіз?

  11. Қабылдаудың тұтастығы деген не?

  12. Қабылдаудың таңдамалығы дегенді қалай түсіндірер едіңіз?



















































































  • Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  

  • Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?




  • Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?


  • Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?




  • Сұрақ: Екі әке және екі ұл балық аулауға барды. Олар үш балық ұстады, әрқайсысына бір балықтан тиді. Бұл қалай мүмкін?


  • төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық бар. Бөлмеде қанша мысық бар?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі