Есеп шығару «Әрекеттесуші массалар заңы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есеп шығару «Әрекеттесуші массалар заңы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда ҚМЖ "РРР" үш пи әдісі арқылы жосалынған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

10.2В Кинетика

Педагогтің аты-жөні:

Комешова М

Күні:

13.11.2024 ж

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есеп шығару «Әрекеттесуші массалар заңы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.3.2.4 әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу;

Сабақтың мақсаты:

Әрекеттесуші массалар заңын қолдана отырып есептеулер жүргізеді.

Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері әрекеттесуші массалар заңымен сипатталатынын түсінетін болады



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жұбыңды тап» әдісін пайдаланып, оқушылар кеспе қағазды алып жұптасады


Жұптың ережесі:

  1. Белсенді болу.

  2. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу,

  3. Басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  4. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Оқушылар, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.




Жаңа сабаққа кіріспе

«РРР» әдісі 1- қадам

8 мин

Оқу мақсатын түсіндіру


10.3.2.4 әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу;

«РРР» әдісі 1- қадам

- сабаққа дайындық
















Өткен оқу материалын қайталау


Сұрақтар:

1.Химиялық кинетика нені зерттейді?

2.Гомогенді және гетерогенді реакциялар дегеніміз не?

3.Реакция жылдамдығы формуласындағы + - таңбалары нені білдіреді

4.гетерогенді реакцияның жылдамдығын арттыру үшін не істеу керек?

5. гомогенді реакцияның математикалық өрнегін жазыңыз

6. гетерогенді реакцияның математикалық өрнегін жазыңыз








Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

«РРР» әдісі 2- қадам








12 мин.

«РРР» әдісі 2- қадам- оқушының жұмыс жасауына мүмкіндік беру кезеңі мәтінмен жұмыс

ЖЖ мәтінді түсініп оқып төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Оқушыларға «Білім класс» платформасынан оқуға конспект беріледі. Конспектіні оқи отырып білім лент тапсырмалырын орындайды



Конспекті

«Әрекеттесуші массалар заңы» тақырыбына есеп шығару.

Жалпы реакция теңдеуі үшін:

aA +bB = cC

реакция жылдамдығының кинетикалық теңдеуі былай жазылады:

v = k ∙ [A]a ∙ [B]b

Химиялық реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың реакция теңдеулеріндегі коэффициенттер дәреже етіп алынған концентрацияларының көбейтіндісіне тең болады. Бұл әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнектелуі болады.

Реакция A және B бөлшектерінің соқтығысуы нәтижесінде жүреді, соқтығысу саны A концентрациясына да, B концентрациясына да тура пропорционал, яғни осы шамалардың көбейтіндісі. Соқтығысу саны артқан сайын реакция жылдамдығы артады.

Бұқаралық іс-әрекет заңы термині де жиі кездеседі және осы атаулардың кез-келгенін қолдануға болады. Әрекеттесуші массалар заңы деген атау да кездеседі және екеуін де қолдануға болады. Әрекеттесуші массалар заңы және оның математикалық өрнектелуі – кинетикалық теңдеу – химиялық кинетиканың негізгі заңы деп аталады. Бұл заң келесідей тұжырымдалуы мүмкін:

Химиялық реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың реакция теңдеулеріндегі стехиометриялық коэффициенттері дәреже етіп алынған концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционалды болады.

Егер реакция өнімдерінің бірі газ болса, онда реакция жылдамдығын түзілген газдың көлемін немесе қысымын өлшеу арқылы анықтауға болады.

Реакция жылдамдығын бірнеше тәжірибелік әдістермен зерттеуге болады. Олардың барлығы реакция кезіндегі реагенттердің массасының немесе түсінің өзгеруі сияқты өзгерістерді анықтайды.


"Бірге ойлаймыз" әдісі (ЖЖ)

Парталасымен жұптасады мәтінді бірігіп оқиды, ақылдасады,берілген тапсырмаларды жұптарымен бірлесе орындайды, мәтіннен химиялық формулаларды тауып есептер шығарады мәтіннен негізгі және оқсымша ақпараттарды анықтайды

1. Төмендегі үдерістердің арасынан ең жылдам үдерісті таңда

А) сүттің ашуы

В) глюкозаның ферментациясы

С) диамиттің жарылуы

Д) металдардың тотығуы


2. Химиялық реакңияның жылдамдығы дегеніміз не?

А) Химиялық реакция аяқталатын уақыт

В) химиялық реакцияға түскен заттың құрылымдық бөлшектердің саны

С) уақыт бірлігіндегі концентрация немесе көлем бірлігінде зат мөлшерінің өзгеруі

Д) реакцияға түсетін әрекеттесуші заттардың молекуласының немесе иондарының қозғалысы

Білім клас 5 тапсырма

3. Тұжырымдардың ақиқат/ жалғандығын көрсет.

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тура пропорционалды болады

  2. Катализатор реакция жылдамдығына әсер етпейді

  3. Температура жоғары болған сайын, бөлшектердің өзара соқтығысу саны артады

  4. Әрекеттесуші заттардың соқтығысу саны, олардың концентрациясына тура пропорционалды.


4. А+ 3В = АВ3 теңдеуі бойынша жүретін қарапайым реакция үшін А заттың концентрациясын 27 есе төмендеткенде німнің түзілу жылдамдығы өзгермеу үшін (В) затының онцентрациясы неше есе өсуі ерек?

А) 1/9

В) 16

С) 3

Д) 9












1 тапсырма 1 б














2 тапсырм1 б





















3 тапсырма 4 б













4 тапсырма 4 б









Конспекті ,

Кескін карталар


Жеке жұмыс

5 мин

«РРР» әдісі 3- қадам

15 мин

Оқу «РРР» әдісі 3- қадам- оқушының өнім(шешім) ұсынатын кезеңі оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Жағдаятты оқиды, сұраққа ауызша жауап береді, есептерді шығару жолымен дәлелдеп береді 1. тапсырма Жасанды интеллектті пайдалан

1. Химиялық реакция жылдамдығын арттырудың тұрмыста тиімді жақтары?

2.Химиялық реакция жылдамдығын арттырудың тиімсіз жақтары?

3Күнделікті өмірде кездесетін химиялық реакциялардың гомогенді және гетерогенді реакцияларды ажыратып жазыңдар?

2. тапсырма

1. NO+ O2 = 2NO2 реакциясында азот (ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда жылдамдығы

2. N2+ 3H2 = 2NH3

Реакциясындағы сутектің концентрациясын 2 есе азайтқанда реакция жылдамдығы

3. 2 SO2 + O2 = 2 SO3 реакциясындағы күкірт (ҮІ) оксидінің крнцентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы

3- тапсырма

Оқулық тапсырмалары.

146 беттегі 2,3,4 есептер



Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Жетістік баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өзін баспалдақ сатысына аттары жазылған кетені орналастырып сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2024
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі