жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Есептер шығару
Пәні: Математика
Тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты: а) Оқушылардың қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын қолдану арқылы білімдерін тиянақтау;
ә) Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу;
б) Тез есептей білуге, ұқыптылыққа, таза жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу;
Түзету мақсаты: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Ертегілер еліне саяхат.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік әдісі, ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Мультимедия, үлестірмелі бетше, буклет.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
сұрақ-жауап арқылы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Есептер шығару.
- Бауырсақ ертегісін еске түсіру.
А) кітаппен жұмыс;
ә) дәптермен жұмыс;
1-есеп. Бөлуді орында.
3072:64=48
2- есеп. Асханаға 3литрлік ыдыстармен 7 банка шұбат және 3 банка қымыз әкелінді. Асханаға барлығы неше литр су әкелінді?
Ш
ұбат-7б.
Қымыз-3б ? (7+3)*3=30
Жауабы: 30литр.
ІҮ. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық.
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Ү. Жоғалған санды тап. (ойын)
Бос текшелердің орнына санды тауып қояды.
4
0
2
4
2
0
3
1
ҮІ. Математикалық диктант.
20 мен 10-ның қосындысы.
40 пен 20-ның айырмасы.
70 пен 30-дың айырмасы.
60 пен 20-ның қосындысы.
ҮІІ. Логикалық есептер.
-
Қонжық екеу, табаны нешеу? (8)
-
Үш қоянда құлақ қанша? (6)
-
Тауық бір аяқпен тұрғанда үш кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг. болады? (6)
-
Жанболат 3 сиырға және 4 ешкіге су берді. Сиыр мен ешкі қанша болса, сонша төлге жем болды. Ол неше төлге жем берді? (14)
-
Әжей әрқайсысы 2 кг.-нан 3 дорба ұн сатып алды. Ол барлығы неше кг. ұн сатып алды? (6)
-
Қолымда бес алма, табақта екі алма
Қосқанда барлығы болады неше алма? (7)
ҮІІІ. Ойын. «Ойлан, тап» Жұмбақ жасыру.
Есек құлақты
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Екі құлақты. (қоян)
-Біз биыл қандай жылды қарсы алдық?
-Қоянның тапсырмаларын орындау.
А) Теңдеуді шешуге есептер шығару.
x+3019=5240
x=5240-3019
x=2221
2221+3019=5240
ә) Қосып, азайтуға есептер шығару.
569-250=319 420-220=200
ІХ. Жұмбақ есептер
1) Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
2) Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады.
3) Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі,
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы екеуі,
Тұр әліде ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
4. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бұл күлкі.
Х. Ойын. «Балық аулау». Жұмбақ жасыру.
Аузы бар тілі жоқ,
Терісі бар жүні жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық)
Балықтың артындағы есептерді орындау.
![]()
ХІ. Сабақты қорытындылау; Сөзжұмбақ шешу.
-
Е
ң жақсы
баға. -
Ең үлкен бір таңбалы сан.
-
Сегіз ондық.
-
Үш ондық.
-
Төрт ондық
Оқушыларды ортаға шығару, тілек айту.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Бәрімізде достармыз,
Сау-саламат болайық.
ХІІ. Бағалау.
ХІІІ. Үйге тапсырма: 163 бет, №7.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген