"Есептеу техника алғырлары" /сайыс сабақ/

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есептеу техника алғырлары" /сайыс сабақ/

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру. Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________Т. Ақмамбетова



Топ 1, ІІ курс


Тақырыбы: “Есептеу техника алғырлары” /сайыс сабақ/


Мақсаты:


Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу


Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.


Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.


Түрі: Ақыл - ой зерделі ойыны


Жоспары:

1. Бәйге жарысы

2. «Жүйрік болсаң, озып көр»

3. «Тапқыр болсаң,тауып көр»

4. «Сен-маған, мен-саған»

5. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

6. «Кім епті, еркін ойлы?».

7. Кім жылдам? /топ басшыларымен жарыс/

8. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»


Барысы: Кіріспе сөз: Елбасының 2030 жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, сендер болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектеріңді, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдеріңді ұшқыр ойларыңмен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға саласыңдар. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Есептеу техника алғырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Есептеу техника алғырлары” атына ие болады.

Ойын 8 айналымнан тұрады.

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер.


Топтарды таныстыру: топ басшысын тағайындау:

1 топ – «Компьютер»

Ұраны:

Тетікті бассаң алаңсыз,

Жазамыз қалам-қағазсыз.


2 топ - «Принтер»

Ұраны:

Компьютермен енеміз,

Қағазға басып береміз

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?


Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.

Студенттер берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.


1. Бәйге жарысы: Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап береді.

1)Лездік сұрақтары «Принтер» тобына:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)

7. 1Мега байтта қанша Кило байт бар? (1024).

8. Буып-түйілген файл (архив)

9. Енгізу операторы? (read, readln)

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

11. Паскальдағы айнымалы шама? (var)

12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

14. Паскаль программасындағы операторлардың басталуы мен аяқталуын көрсетін түйінді сөздер (begin, end)

15. Integer қандай сан? (бүтін сан)


2) Лездік сұрақтары «Компьютер» тобына:

1. Файлдар жиыны. (папка)

2. Электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. (MS Exsel)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

4. Графикалық енгізу құрылғысы? (Сканер)

5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

6. Паскальдағы тұрақты шама? (const)

7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

9. Баспаға шығару құрылғысы (принтер)

10. Бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі, жиыны. (желі)

11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete) 12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)

13. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)

14. Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсететін түйінді сөздер (басы, соңы)

15. Real қандай сан? (нақты сан)


2. Жүйрік болсаң, озып көр:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

- Тор көздегі сұрақтарға балдық жүйеде таңдап, жауап беру, ұпай алу.

40 – Компьютердің атасы /Чарлз Бэббидж/

40 – Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. /операциялық жүйе/

40 – Монитор экранындағы бір нүкте не деп аталады? /пиксель/

30- Photoshop, Corel Draw, Paint қандай программлар ? /Графикалық/

30- Желі арқылы хабарламалардың алмасу жүйесі. /Электрондық пошта/

30 – Принтердің түрлері /бүріккіш, лазерлік, матрицалық/

/жүйелік блок, монитор, пернетақта/

/1 рет жазу/көп рет жазу/

20 – Сыйлық


3. Тапқыр болсаң,тауып көр

Кездейсоқ барабанда жасырылған батырмалар мен құрал-саймандардың қолданылуын атау. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.


4. « Сен-маған, мен-саған» Топтар бір-біріне дайындап келген сұрақтарын қойып, жауап береді. Әр дұрыс жауап-5 ұпай.


5. Жеті жұрттың тілін біл:

Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

40 ұпай шәкірт саған несібе.


Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат , информация, information)

2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/ 3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы / Тышқан, мышь, Mouse/

5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)

6. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)

7. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

8. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блокнот-notebook)

9. Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі, Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)

10. Биологияда паразит, Көзге зорға көрінер. Информатикада өлшем бірлік, Ақпаратты өлшер. (бит-бит-bit)


6. «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.

І топқа: модем, веб-камера, флешка, тышқан, процессор, Enter, интернет, себет, пуск, Word

ІІ топқа: кактус, сканер, диск, пернетақта, компьютер, CapsLock, электрондық пошта, колонка, Paint, монитор.


7. Кім жылдам? /топ басшыларымен жарыс/: Компьютермен жұмыс: рефераттың сыртқы бетін дайындау.


Көрермендермен ойын: 1. К әрпінен келетін информатикалық сөздер айту: (компьютер, картридж, клавиатура, кактус, ксеркс, Кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, копировать, контур, курсив)


8. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.

1. Сенің атың кім? 2. Жасың нешеде? 3. Ең жақсы көретін тамағың? 4. Сенің оқып жатырған колледжің қалай аталады? 5. Таңертең не жедің? 6. Сенің фамилияң қалай? 7. Нешінші курста оқисың? 8. Колледжге немен келесің? 9. Түнде аспанда не болады? 10. Қандай пәнді ұнатасың?


Қорытындылау: Әділқазылар қорытынды шығарады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз. “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін!


Марапаттау.  Студенттерді ынталандыру мақсатында 1-орын алғанға- 5000, 2 орын алғанға – 3000 ақшалай сертификат берілді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2023
372
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі