Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есімі ардақты, дара тұлға мектебі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысы әдіскерлеріне, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есімі ардақты, дара тұлға мектебі.

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Еліміздің бір бұрышынан ойып тұрып орын алатын, есімі елге аян, тарихи дана тұлғамыздың есімі берілген А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББ мектебіне бүгінде 10 жыл толып отыр.

Біз үшін 22 желтоқсан ерекше күн болды. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерексімен тұспа-тұс келген, 10 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген , бірлігі жарасып, ырысы тасыған бүгінде Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 жылдығы мен «Ахмет атамыздың» мүсінінің тұсаукесер тойы көпшілік мәдени шара болып өтті. Мерекелік шараға БҚО білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы, қалалық білім беру бөлімінің басшысы болған, қазір Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған

Төремұратова Жансұлу Меңешқызы, ҚББ бөлімінен Батика Шакумовна, Айгүл Есеновна, Зашаған кенті әкімі Адильбек Жаныбекович

«Өрлеу» білім беру орталығынан БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының басшысы Измуханбетова Софья Салахадинова, Кулян Аяпбергеновна, «Ерке-Наз» мектепшілік аналар клубының төрайымы Мадина Насыпкалиевна

«Бәйтерек» әкелер клубының жетекшісі Асылбек Амангалиевич; ардагер ұстаздар Гулжиян Абдуловна, Қарлығаш Рахатқызы, Гүлшар Қуанқызы, Күләнда Смағұлқызы, Жадыра Баймағамбетқызы. Көрші мектептердің басшылары Улпаш Бисеновна, Райгуль Тасбулатовна, Наташа Дүйсенқызы,

Молдир Ерсайынқызы шарамыздың құрметті қонағы болып шақырылды.

Мәдени шара А.Байтұрсынов атамыздың ескерткішінің ашылуы мен аруағына тағзым етіліп, 1 минуттық үнсіз еске алудан басталды. Ескерткішті ашу құрметіне мектебіміздің ардагер ұстазы Байтенова Багира Бакишевна мен мектеп кәсіподақ комитетінің төрағасы Давлетов Каким Орынбасарұлы ие болды. Ескерткішке гүл шоқтарын қою «Зашаған» кенті әкімінің орынбасары Мұхитов Нурболат Абайұлына және мектептің алғашы басшысы болған Измуханбетова Софья Салахадиноваға жолданды. Софья Салахадинова, Нурболат Абайұлы өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін жеткізіп, осы білім ордасында ашылғаннан бастап 10 жыл бойы шығармашылықпен еңбек етіп келген ұстаздарға мақтау қағаздары мен Алғыс хаттар табысталды.

Алғаш мектебіміз 2008 жылы, желтоқсан айында ашылып, іске қосылды. 10 жыл аз емес, көп те емес, осынау 10 жылда ауыз толтырып, мақтанышпен айтатындай жетістіктер көптен-көп болды. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап киелі шаңырақ, А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы болып Кенжеков Сансызбай Донбайұлы тағайындалды. Осы аз ғана жылдың ішінде мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңырауын бағындырған шәкірттеріміз қанша? 2015 оқу жылында мектебімізден 3 бірдей алтын белгі төсбелгісін иеленіп ұшқан түлектер, өмірде өз орындарын таба білді. Шет елдерде білім алып жатқан шәкірттеріміз де А.Байтұрсынов мектебінің ұстаздарынан алған білімдерін жалғастырып, өзге елде қазақ ұлтын мойындатуда. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, кейде жаныңда жүрген жайдары жандардың игі істерін де елемей жататынымыз рас. Осындай игі істердің қасында әрі басшы, әрі ақылшы бола алатын, 3000 –нан аса оқушысы, 300-ге жуық мұғалімі мен 100-ге жуық кіші қызметкері бар білім ордасының ұжымын қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал еткен, жаны жайсаң, кішіге қамқор аға да, басшы да бола білген іскер, өзіне де басқаға да талапшыл, үйлестіру мен ұйымдастыру қабілеті жоғары, өзіндік басқару әдісі бар Сансызбай Донбайұлының басшылық рөлін айтпауға болмайды. Мектеп басшысының көрегендігі мен іскерлігінің арқасында ұжым бүгінде бірлігі жарасып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдықпен атқарылып жатқан жұмыстардың бар екендігін осы шарада көрсете алды.

Мерекелік шараның екінші бөлімі Ахмет атамыздың шығармаларынан өлең, мысалдарынан дайындалған үлкен әдеби-сазды кешке ұласты. Бұл кеш көрермендер үшін тек концерттік бағдарлама ғана болып қоймай, шақырулы қонақтар мен көпшіліктің көңіліне жүрегі қазақ елі, ұлты деп соққан ардақты азамат, дара тұлға Ахмет атамызға деген сағыныш сезімін ұялатқан, тамаша демалыс сәті болды. Бұл бөлімнің ашылуы да ерекше болды. Мектебіміздің оқушыларынан құрылған шағын оркестр Құрманғазының кұйі «Балбырауынды» сахнада күмбірлете, шарықтай орындады. «Аманат» көрінісінде Ахмет рөлін тамаша сомдаған мектебіміздің жас ұстазы Дүйсенбаев Рафхат Амангелдіұлы көрермен көзіне еріксіз жас ұялатты. Ахмет атамыздың өзі сахнада тұрғандай сезімде болдық десем де қателеспеген болар едім. А. Байтұрсыновтың «Егіннің бастары», «Шал мен жұмыскер», «Жас ағаш» мысалдарынан дайындалған көріністері де оқушылардың сахна мәдениетін сақтай отырып, әр оқушы өзіне қатысты рөлдерді сәтті сомдауы ұстаз еңбегінің нәтижесі. Бұл жерде қазақ тілі пәні мұғалімдері Л.М.Елеусинова, А.Б.Умбетова, Г.К.Бактиярованың еңбегі зор. Шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің нәтижесі. Мектебіміздің айнасы халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, Гүлмайрам Әлібекқызы жетекшілік ететін мектебіміздің мақтанышы «Ай-Наз» бишілер тобының өнері баршаны тамсандырды. Г.Әлібекқызы 10 жылдық мерекеге деп, жаңа туындысын қазақтың «Шолпы» биін тарту етті.

Сондай-ақ сахнада Республикалық «Дала сазы» байқауының «Бас жулде» иегері, Сочи қаласында өтетін гала концертке жолдама алған оқушымыз Жексенғазиева Ляззатты “Darnier danse” француз әні, Халық әні «Желкілдек» Орал қаласында өткен «Дала сазы» байқауының «Бас жулде» иегері Жақсылық Аяжанның орындауында, республикалық ән байқауларының жүлдегерлері Бақтыгереева Аружан, Абаева Нурайна, Тлекқабыл Даниял және мектебіміздің ұстазы Жұмаев Азаматтың орындауында әндер жоғары дәрежеде орындалды. Мектептің «Шежіре» әжелер клубы мүшелері мен ұстаздардың орындауындағы хор осы тамаша шараның сәтті мәресі болғандай. Бұл жерде музыка пәні мұғалімдерінің жетістігі айқын көрінуде.

Мектебіміздің қазақ халқының ғұламасы, ғалым, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталуы біз үшін дәреже. Қазақ халқының бүгіні мен болашағы. Дарын- даралығымен ел мақтанышына айналған азаматтарды ардақтай білу, олардың ісін дәріптеу, өзінің елі мен жерін, тілі мен дінін, тарихын сүйетін, бабалары мен даналарының үлгісін, өнегесін, өсиетін, өскелең ұрпаққа жеткізу - баршамыздың парызымыз!

Әрине, осындай шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі еш кетпейді. Барлық қатысқан ұстаздарға мектеп басшысы Кенжеков Сансызбай Донбайұлының және мектеп әкімшілігі атынан зор алғыс білдіреміз. Әрқашан бірлігіміз жарасқан ұжым, ауызбіршілігіміз мол болсын. Осы шараның бел ортасында жүрген мектеп басшысының орынбасарларына да зор табыс тілеймін. Бағындырар шыңдарымыз, алар асуларымыз әлі алда екендігіне сенімдіміз. Ең бастысы ұстаздарымыз аман, бірлігіміз берекелі,туған жерін, алтын ұя мектебін пір тұтар, білімді де, тәрбиелі шәкірттеріміз көп болсын.

Директорың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Бірлесқызы.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12