"Есірткі қолдану қайдан және қалай пайда болады?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есірткі қолдану қайдан және қалай пайда болады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психолог: М.Т. Мухаметкалиева

Тақырыбы: Есірткі қолдану қайдан және қалай басталады?

Түрі: дөңгелек үстел

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: білім алушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық  қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік бағыты: зиянды заттардан аулақ болу.

Әдісі:  топтық   жұмыс,   пікір алмасу,   сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:    үлестірмелер,  слайдтар, мақал- мәтелдер, бейнетаспа.

Міндеті: 

Білімділік: «Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру. 
Дамытушылық: Ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп , ой-өрісін дамыту. 
Тәрбиелік: Білім алушыларды достық ұйымшылдық , ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу, жаман әдеттен бойларын аулақ болуын дамыту.

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.Тәрбиелік іс шараның түрі және мақсатымен таныстыру.

2. Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, білім алушылар! Бүгінгі  біздің ашық тәрбие сабағымыздың тақырыбы –«Есірткі қолдану қайдан және қалай басталады?». Барша адамзат ұрпағына төніп тұрған кеселдің бірі есірткі туралы сабақ барысында толық мәліметті алады деген сенімдемін. Олай болса, тақтаға назар аударайық.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

  1. Білім алушылар аудиториясы не дейді?

Нұсқаулық: Тақырыпты ашу сұрақтарына толыққанды жауап беру.

  1. Есірткі заттар дегеніміз не?

  2. Нашақорлық” ауруының қандай белгілері бар?

  3. Есірткі қолданумен байланысты қандай қауіптер туындайды?

  4. Жасөспірімдер  арасында  шылым  шегушілік  туралы не айтасыз?

  5. Шылым  шегуді қоюға бола ма?

  6. Адам денсаулығына ең қажетті зат не деп ойлайсыңдар?

  7. Денсаулықтың достарын атап шық.

  8. Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?

Есірткі – ерте заманнан қолданылып келе жатқан дерт. Ең алғаш рет есірткінің зиян екенін шығыс ғұламасы Әбуали ибн Сина жазып кеткен.

Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Ойын – сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын – сауық орындары.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.
Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.


Есірткі немен қауіпті?

  • Ең бірінші есірткі заттары тәуелділік тудырады

  • Псхикалық ауытқулар пайда болады

  • Нашақорлық – бұл ана құрсағындағы шарана дүние есігін ашқан кезден бастап 
    бақытсыздыққа душар болу

  • Нашақорлық- бұл тек шприц немесе есірткі көргенде сұқтана қарайтын көздер.

  • Нашақорлық- бұл ми, жүрек, бауыр, ішкі ағзаларды ауыр зақымдайтын кесел.

  • Нашақорлық- бұл есірткіні уақытылы қабылдамағанда жан түршігерлік азапты сіңір тартылулармен құрысқан денелер.

  • Нашақорлық – бұл біздің ата- аналарымздың, бауырларымыздың көз жасы

  • Нашақорлық – бұл қылмысқа апаратын тіке жол

Нашақорлардың негізгі белгілері

  • Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;

  • Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;

  • Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;

  • Солғын, ұйқылы – ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;

  • Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;

  • Көз қарашықтарының үлкеюі;

  • Нашақорлардың жаргон тілін білуі;

  • Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.

  • Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.

  • Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды

 

Жалпы есірткіге тәуелдірлердің жасы 7-49 жас шамасында, 1

жыл ішінде әрбір адам кем дегенде 10 кісіні өзіне тартады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады».

1.«Өмір сен маған қымбатсың!» атты бенетаспа көру.

Өз ойларын еркін айту.

2. «Көкпар тарту»  Мақал-мәтел жарысы.

 Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын,
– дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (Үш топ кезек-кезекпен айтады).

 1Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

2.Шылымқор өзін ғана емес, (Өзгелерді де улайды)

3.Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

4.Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

5.Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)

6.Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

7.Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

8.Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)

9.Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

10.Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

11.Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

12.Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)

3.«Ситуациялық жағдаят»   

Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Келесі кезеңімізде,әр топқа, сайысымызға қатысты мамандарымыздың  дайындаған сұрақтары  бойынша  жауап беріп,  «Ситуациялық жағдаятты» талдау. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
1. «Болашақ» тобына: 
 -Саған  жоғарғы сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе…» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?

2.«Денсаулық» тобына:

Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?

3.«Салауат» тобына:  

-Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?

4. «Ғасыр тағдыры үшін, күресейік!». Сурет  байқауы.

Әр топ  суреттерін  тақырып бойынша қорғайды.

  1. «Болашақ»тобы: Суреттің тақырыбы: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың.»

2.«Денсаулық»тобы:  Суреттің тақырыбы: « Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір.»
3. «Салауат» тобы.   Суреттің тақырыбы: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға.»

 Дені сау ұрпақ болу үшін:
1 Спортпен айналысу керек
2. Салауатты өмір салтын ұстану
3. Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
4. Жеке бас тазалығын сақтау

5. Өзін-өзі сыйлау таза ауада болу

Есiрткiнiң зардаптары: 

Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды. Есірткінің организмге тигізетін әсері. Есірткі заттар ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қауіпті мінез-құлық пен әрекеттерден айрылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар.

- Ас қорыту жүйесінің бұзылуы;

- Бауыр және бүйрек аурулары;

- Көз көруінің нашарлауы;

- Тыныс алу жүйесінің өзгерістері;

- Қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена.

Есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады. Қорытындылай келе нашақорлармен жұмыс жасауда тек маман дәрігер наркологтардың құзырына кірмей барлық халық болып бірігіп, осы аурудың алдын алуымыз керек. Әсерлі шара балалар мен жастарды «Есірткіге қарсымыз!» дейтін дәрежеге жеткізуі қажет. Бұл үшін өздеріне деген сенімдерінің арттырылуы, қиындықтарды жеңе білулері және өздерін өмірге дайындау жөнінде оларға көмек көрсеткен жөн.

Есірткі қолданатынын көрсететін белгілерді байқап көріп, кешікпей шаралар қабылдау өте маңызды. Бұл міндеттердің орындалуына мектеп дәрігері, мұғалімдер, мектеп пен жанұяның бірігіп атсалысуының көп пайдасы тиеді.

 ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда.»

Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
-Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
.

 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі