400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есірткісіз өмір ғажайып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастар арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

«Есірткісіз өмір ғажайып»

Есірткі – ауру сезгіштікті жоятын химиялық зат. Бір рет қолданған соң тәуелді болып қалу қаупі жоғары. Ол адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, жеке адам мен қоғамдық жағынан әлеуметтік және экономикалық құлдырауға әкеліп соғатын заттар.

Негізінен есірткі б.з.б 3 мың жыл бұрын ауруға ем қылу үшін пайда болған. Дегенмен уақыт өте келе адамдардың есірткіге тәуелді болуы басталған. Қазір де әлемдегі ең өзекті мәселеге айналып отыр. Бір өкініштісі, есірткіге тәуелді болу қаупі мектеп оқушыларында жоғары. Бір рет қолданып көрсем, ештеңе қылмас деген бейқам оймен қолданып, бүкіл денсаулықтарын құртуда. Осыған байланысты мектепте есірткіге қарсы әр жыл сайын жасөспірімдердің қателік жасамауы үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Әрбір елде және біздің елімізде есірткіні қолдануға қатаң тыйым салынған. Алайда, есірткіні қолданушылар азаяр емес. Мені бір қызықтыратыны, адамдар неге өз денсаулықтарына, өз өмірлеріне есірткі арқылы балта шабады?..

Жалпы, есірткінің зияны туралы айтар болсақ: егер есірткіні қолдансаң, есіңді жоғалтасың десек те болады.

Адамдар айналасында түрлі нашар, зиян нәрселер бар. Одан аулақ болу адамның өз қолында. Дегенмен ақымақтыққа салынып, нашар әдетке құштар болған адамдарда аз емес. Нашар әдетті естігенде ойымызға бірінші есірткі түсетіні анық. Олардың есірткісіз өмірдің ғажайып екендігін түсінбейтіні өкінішті. Адамдар күйзеліске түсіп те, қателік жасауы мүмкін. Бірақ қазір кімнің басында қиындық жоқ. Бәрінде бар. Тек адам сабыр сақтап, алға ұмтылып, берілмеуі қажет. Бір қиындықтың кесірінен бүкіл өміріңді құрту дұрыс па?! Әрине, жоқ. Есірткіні бір рет қолдансаң, ол сені екінші рет, үшінші рет өзіне тартып, оған тәуелді болып қаласың. Ақырында нашақор болып тынасың. Есірткі барлық ішкі ағзаңды улап, бастысы тыныс алып, өмір сүріп жүрген өкпеңді құртады.

Әрқашан да адам әрекет етпестен бұрын жақсылап ойланып, өз ойын саралауы қажет. Әттең, бұны сол адамдар түсінсе ғой, мүмкін бұл әлем біз ойлағаннан да керемет болар ма еді...

Сондықтан, болашағымыздың жарқын болғанын қаласақ, осы сәттен бастап, «денсаулық – жақсы өмірдің кепілі» екенін есте сақтағанымыз дұрыс деп ойлаймын!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

170 орта мектеп, Әміртай Аружан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.11.2020
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі