400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есірткісіз отбасы" мақаласы. 5-сынып оқушысы Қайратұлы Бекарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Есірткісіз отбасы" мақаласы 5- сынып оқушысы Қайратұлы Бекарыстың бала көңілімен жазған мақаласы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысына

Біздің отбасы – есірткіден алыс!

Жасыма жас қосып, ес білген шақтан бастап мен түсіне бермеген және түсіне бермейтін жайлар болып жатты. Көп күндерім бала қиялмен өте берді. Көп ұзамай әр баланың басына бұйыра бермейтін бақытқа ие болдым. Құдай бұйыртқан ер азамат пен анашымның тойына қатысып қызық болған. Сол күннен бастап шын бақытты балалық шағым оралды.

Отанның бір бөлшегі болған отбасымыздың өз ұстанымы қалыптасуда. Әр күндері қарап отырсам ата-анамның қамқорлықтарымен қоса, терең мәнді өнегесін алып жүргенімді түсіндім. Жасым қазір он бірде болса да есірткі жайлы тым хабарсыз емеспін.Мейлі дастархан басында, мейлі теледидар көру барысында болсын анашым мен әкешімнің есірткі туралы әңгімелерін естіп келемін. Бірде әкемнен арақ пен темекінің қайсысын өте арзан бағаға алар едіңіз?-деп ойнап сұраған болатынмын. Басым бәлеге қалып, ойынымның ойранын шығарды. Сөйтсем әкем темекі тартып, аузына арақ алып көрмеген екен. Қатты ашуланғаны сонша түс ауа қойған сұрағыма күн бата келіп арақ пен темекіні тегін берсе де алмаймын,-деп жауабын қайырды.

Әкем бірде естігенімді емес, көргенімді айтайын,-деп әңгімесін айта бастады. Сендей бала кезімде ауыл балаларымен күнде кеш ауа «Жеті қаушақ», «Көкпар», «Ұшты-ұшты», «Тығылыспақ» ойындарын ойнайтынбыз. Ойынның шарты бойынша жеңілген ойыншы сол күні айыбын бір қорап темекіні тоқтамай бірінен кейін бірін шегуге бәстестік. Уәде бойынша ойыннан жеңілген ойыншы темекіні шегуді бастады. Бәріміз қаумалап қызықтап қарап тұрмыз. Темекі шеге бастағаннан-ақ әлгі бала қақала-шашала бастады. Әрі қорқып, әрі таңданғанымыз сонша көзіміз жұмылар емес. Темекінің әлегімен тұрғанда менің әкем жанымызға келіп қалғанын да байқамадық. Қашып үлгергені қашып, үлгермегені май көтеннен оңбай таяқ жедік. Соңынан балдарды жинап, үлкендік ақылын айтқанда біздер кірерге жер таппай қиналғанымыз әлі есімнен кетер емес. Міне, содан бері сол кездегі балдар, қазіргі әрбір үйдің отағалары, яғни әкелердің ешқайсысы есірткіге әуес болып есірген емеспіз.

Әкем мен анамның осы сияқты айтқан ақыл-өнегесінен тәлім алып келемін. Есіңді аудыратын, денсаулығыңнан айыратын, өміріңді қысқартатын есірткіге мен қалайша әуес боламын? Өзіме ғана емес, құрбы-құрдас, замандастарыма да есірткісіз жарқын болашақ тілеймін!

Аллаға алғысым шексіз. Осындай мейірімді ата-анам бар, есірткіге жаны қас отбасым барына мақтан етемін.

Қайратұлы Бекарыс

46 А.С.Пушкин атындағы

мектеп-лицейінің 5 «Д» сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.04.2019
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі