Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ескелді Ануза

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім мамандығына қызығушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»

Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …



Осы  тақырыпты  алғаннан  соң  көп  ойландым.  Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.

Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  -  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

Дана  халқымыз «Ұядан  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  демекші,  «Ұстаздар  жанұясы»  болғанымыз  мен  үшін  үлкен еңбек.

Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап  сыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам  тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде  дамытады. Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып  табылады. «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын  мәңгілік  есінде  сақтайды. Нағыз  мұғалім,  міне, осы. Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық.

Жаһандану  заманында  ұлттық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көрсеткіші – білім  деңгейімен  өлшенеді.  Сондықтан,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігіп,  білім  беру  жүйесін  халықаралық  биікке  көтеру  кезек күттірмейтін  өзекті  мәселе.

Бұл  мәселені  шешудің  кілті  ұстаз  қолында.  Өйткені,  ұстаз  елдің ертеңгі  тізгінін  ұстайтын  ұрпақ  тәрбиелейді.  Адам  тәрбиелеу  – ұлы міндет.  Ол  міндетті  атқарушы  –  ұстаз.  Ұстаздың  негізгі  құралы  – сабақ.

Сабақ  скрипка  аспабы  секілді:  онымен  жай  гаммаларды  ойнауға немесе  Паганинише  саусақ  ұшын  сымға  жеңіл  тигізіп,  одан  ғажайып  үн шығаруға  да  болады.  Әрбір  сабағы  ғажайып  әуенге  толы  нағыз ұстаз    болу  кімнің  де  болса  арманы.

Менің  түсінігімдегі  ұстаз – рухы  таза,  ой – өрісі  биік,  ұлты  мен Отанының  болашағы  үшін  тер  төгіп,  шыдамдылық  пен  табандылықтың  үлгісін  көрсетуші,  өз  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен білімін  болашақ  ұрпақтың  бақыты  мен  кәдесіне  жаратып,  қоғамды өрге  өркендетуші,  жаңашылдықтың  бастаушысы,  жүрегі – жылы,  көңілі – дарқан  адам.

Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де болар.  Бұл  мамандық  содан  да  киелі.  Жан – Жак  Руссоның  «Ұстаз  болу  –  өз  уақытыңды  аямау,  басқаның  бақытын  аялау»  деген  нақыл  сөзі жаныма  өте  жақын.

Ұстаз  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адамның  бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.  Шәкірті  өзінен  озған  ұстаз  – еңбегі  ақталған  ұстаз.  Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.

Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз   үздіксіз  ізденісте  болып,  қоғам  сұранысына  сай  білімді, шығармашыл, өзін – өзі  дамытып,  жетілдіре  алатын  болуы қажет  деп  ойлаймын.  Мен  ұстаздықтың  ауыр  жүгін  арқалауды  өз  жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай  қуанышын,  табысын  бағалай  білу.

Болашақта  мұғалім  мамандығы  ең  беделді,  әрі  жоғары  ақы  төленетін  мамандықтың  біріне  айналуы  үшін  оны  сүйіп,  талмай  еңбек  ету қажет.

Ұстаздық  қызметте,  шәкірттермен  қарым — қатынаста  ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне  көзім  жетті.

Қытай  философының  «Маған  жәй  айтсаң  –  ұмытамын,  көрсетсең есімде  сақтаймын,  ал  өзімді  іс – әрекетке  қатыстырсаң  үйренемін» деген  даналығы  білім   алушының білімге  ықыласын  аттыруда ақпараттық — коммуникативтік  технологияларды  пайдалана  отырып, өзіндік  ізденіс  жүргізуді  практикада  жүзеге  асырудың  маңызды  екендігін  көрсетеді.

Сапалы  білім  негізі – жан — жақты  ақпараттық  материалдарды, көрнекі  құралдар  мен  ұтымды  технологияларды,  тиімді  әдіс — тәсілдерді пайдалана  отырып,  білім  алушыға  ешбір  кітаптан  таба  алмайтын  білім  беру.  Өйткені,  тек  оқулықтағы   білімді  жеткізуші  мұғалімнің  құны  жоқ  деп  ойлаймын.  Оқулықтағыны  оқушы  өзі  де  оқып  алады.

Сондықтан  бүгін  білім  берудің  сапалы  болуы  үшін:  біріншіден,  ұстаздың  жан – жақты  академиялық  білімінің  болуы,  екіншіден,  мұғалімнің  өз  мамандығына  деген  шынайы  сүйіспеншілігінің  және  ешқандай  дипломмен  бірге  берілмейтін  шығармашылық  қабілеті,  балаға  деген  кіршіксіз  адамгершілік  қасиеттері  болуы  шарт.

Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте  негізінен  орташа  оқыған  білім  алушыларды  қабылдап,  олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың  бұзылып,  ұстаз  мамандығы  ең  жоғары  еңбекақы  төленетін  үздік  мамандыққа  айналса  деп  армандаймын.  Өйткені,  жаңа  ғасырда  ғылымның,  техниканың,  өндірістің  қарқындап  өсуі  білім  берудің  барлық  жүйесін  жүйелі  дамытуды  талап  етіп  отыр,  жаңа  мүмкіндіктерге  жол  ашу  үшін  іргелі  өзгерістер  керек.

Иә, қазір  жаңа  типті  мектептер  салынып,  пайдалануға  беріліп жатыр.  Дарынды  балалармен  жұмыс  бағдарламасы  жүзеге  асу  үстінде.  Жастарды  шетелдерде  оқытуға  мүмкіндік  алдық.  Жаңа  буын оқулықтар,  электронды  оқулықтар  білім беру  ісіне  ене  бастады.

Осындай  жаңа  даму  үрдісі  алға  басып  отырғанда  Елбасы Н.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  – бүгінгі  мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр» – деген  еді.  Біз  осы  сөзге  сай  болуымыз  керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2021
454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12