Сабақтың тақырыбы:
Абайдың поэмалары. «Ескендір» поэмасын
талдау
Сабақтың мақсаты:
-
Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы
мен идеясын таныту. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән –
мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгерту.
-
Оқушыларды жаман мінез – құлықтардан, іс -
әрекеттерден сақтандырып, адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
-
Әр оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және
қорғай білуге қол жеткізу.
Көрнекілік:
-
«Абай елі» фото кітабынан шығыс ғұламалары
суреттері: Физули, Низами, Фирдоуси.
-
«Қалың елім, қазағым» кітабынан поэмалар
мәтіні.
-
Биология дәрісханасынан алынған «Адамның бас
сүйегінің» бейнесі.
Сабақтың өту
әдісі: сын тұрғысына ойлап, талдау
жасау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
а)
Оқушыларды тексеру
ә) Сынып бөлмесінің сабаққа
даярлығы
б) Сабақ тақырыбы мен
мақсатын хабарлау
Сабақтың жоспары:
І. Қызығушылығын ояту. «Нені
білеміз?»
ІІ. Мағынаны тану. «Нені білгіміз
келеді?»
ІІІ. Ой қозғау. «Нені білдік?»
Сыныпты 3 топқа бөлемін. І – топ, ІІ – топ,
ІІІ – топ.
ІІ. Мағынаны тани білу
1. «INSERT»
картасы
«Ескендір» поэмасының сюжетін
алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған
француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан
В.А.Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А.Македонскийдің қырып –
жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай
сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты – жөнін, әкесін,
тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы – Аристотельді
қосады. Абай шығармасы түпнұсқаға ұқсас.
«Ескендір» поэмасы 4 тармақты 42 шумақтан
тұрады.
(Оқушылар үзінді бойынша жатқа айтып, мазмұнына
талдау жасалынады).
Жоспар
-
Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары
-
Жорықтағы бұлаққа кездесуі
-
Ескендірдің бұйрығы
-
Күзетшінің сыйлығы
-
Аристотель шешімі
-
Ақын өсиеті
Абай поэмасындағы Ескендір
бейнесіне сипаттама беру.
|
Не білемін?
|
Білгім келеді?
|
Мен үшін жаңалық
|
Зерттеймін
|
|
|
|
|
|
Проблемаға
шығу: Поэманы үйден оқып
келгендіктен, талдау сатысына шығамыз.
- Ақынның поэмасындағы негізгі
арқау болған тақырып не?
Негізгі тақырыбы
«Ескендір»
Әділдік пен жауыздық арасындағы
тартыс.
2. «КУБИЗМ» стратегиясы
а)
Суретте: Шығармадағы аталған тарихи
тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі орны.
ә)
Салыстыр: Ескендір мен Аристотельді
салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады)
қолбасшы
ынсапсыз тарихи тұлға
даңқықұмар патша
зұлым қатыгез
Александр Македонский
(Абай дастанындағы Ескендір)
Қанағатсыз
Грек философиясының негізін қалаушы
Әлемдегі ұлы ұстаз дана
Байсалды ақыл иесі, ғұлама
ғалым
әділқазы
Аристотель
Александр Македонскийдің бас кеңесшісі
б)
Зертте: Абай ақын туралы не білесің?
«Абайтану» курсымен байланыс
в)
Қолдан. Ескендірдің психологиялық жай
– күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен
жұмыс)
г) Бұл туралы ойланғанда
көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау,
сурет)
Ақынға хат жазып көр.
ғ) Талда, қолдан, қарсы шық
------
ІІІ. Ой қозғау.
Бекіту.
Сұрақ:
-
Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару
керек?
-
Осы поэмалардан қандай қорытынды шығаруға
болады?
-
Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға
бола ма?
Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз
сөзімен аяқтау.
Ақылсыз өзін мақтап
былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең
құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім
көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім
сұрайды?!
Үйге
тапсырма: Соңғы 4 шумағын жаттау.
«Масғұт», «Әзім әңгімелері»
поэмаларын оқу. Мүмкіндігің келсе сурет
сал.
Бағалау: Оқушыларды
өздеріне бағалату, қорытындылау.