Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ескендір" поэмасы, қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

гҚысқа мерзімді жоспар

9 «А» сынып

Қазақ әдебиеті, 17 қаңтар 2017 жыл

Сабақтың тақырыбы

«Ескендір» поэмасы

Сілтеме

-Әдістемелік құрал;

-Жаңа форматта білім беру үлгілері;

-Оқулық;

-Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану;

Жалпы мақсаты

-А. Құнанбаевтың “Ескендір”поэмасының тақырыбы мен идеясын түсіндіру; іздену қабілетін, мәнерлеп айту дағдысын, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін дамыту; адамгершілікке, рухани имандылыққа тәрбиелеу, поэманың тереңіне бойлату.

-Оқушылардың білімін, ой-өрістерін тереңдетіп, жаңа сөздер, жаттығу жұмыстары және ойын түрлері арқылы тілдерін машықтандыру.

Күтілетін нәтиже

Абай Құнанбаевтың туралы жалпылама мәлімет біледі;

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасымен танысады;

Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды;

Топпен жұмыс жасауға үйренеді;

- Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйренеді;

Түйінді идеялар

-Топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады;

-Бірін- бірі өзара бағалауға үйренеді;

-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а/Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Карточка арқылы топқа бөлінеді.(2 мин)

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? (3 мин)

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ,ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен  кім?

Арманын аттандырып келешекке,

Бізбенен осы күнге тілдескен кім?

ІІ.Білімді бақылау кезеңі: «Кім» сұрағына жауап алу.

Оқытушы: Иә, балалар, бұл Абай атамызға арналған өлең жолдары. Олай болса, осы ойларыңа қандай дәлел айтар едіңдер?

Білім алушы: «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңін жатқа айту.

Оқытушы: Балалар, олай болса, үйге берілген тапсырмаларға кезек берейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы

1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?

2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды?

3. Неліктен Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі ең бір күрделі де көркем шығарма болып есептеледі?

4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал - мәтел сияқты нақылға айналып кеткен?

5. Неліктен Абай «не істесең де, бәрін ақылмен істе» деген ұлағатты ой айтады?

6. Неліктен Абайды «қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы» деп бағалайды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Іс-әрекеттің түрлері

Сабаққа дайындық жасайды, зейіндерін аударып ден қояды.

















































Қызығушылықты ояту (5 мин)

Ой шақыру (Таразы суреті)

Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айту

таразы, таразыла, ой таразысы, ақыл таразысы

Ендеше, Абай атамыз:

1. Ойға түстім толғандым

Өз мінімді қолға алдым…

2. Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес,- деген.

Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық. Оқушылар ойы тыңдалады.

Мағынаны тану

Ескендір” поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып – жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты – жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы – Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. “Ескендір” поэмасы тармақты 42 шумақтан тұрады.



а) «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?»-деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау (Ескендір туралы аңызды айтып беру, «Қос мүйізді Ескендір» күйін тыңдату, кинорежиссер Оливер Стоунның 2004 ж. Кино түсіргенін, Ескендір рөлінде Джаред Летоның ойнағанын айту.)

ә)»Ескендір» поэмасын мәнерлеп оқу.

б) «СКТ»(Сатылай кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу.

«Ескендір» дастаны

1.Авторы-Абай Құнанбаев.Тақырыбы-Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.

3.Жанр түрі-поэма (дастан).

4.Негізгі идеясы-ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті , мансапқорлықты әшкерелеу.

5.Шумақ саны-42

6.Тармақ саны -168.

7. Буын саны-3 бунақты

8.Ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы (ааба)

9. Шығарманың композияциялық құрылысы:

9.1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.

9.2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім-талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.

9.3. Шиеленісуі: Алтын қорған. «Бұл-Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы.Қақапаның ар жағынан алған сый.

9.4. Шарықтау шегі: Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.

10.Шығарма кейіпкерлері

Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі –Ескендір, екіншісі –Аристотель.Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам» деп бағалайды. Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қанішер, тойымсыз, қаһарлы,кекшіл, есер, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан».

Сабақты қорытындылау:

Кері байланыс парағын толтыру.

Сабақтан қандай әсер алыңыз?

Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

Қай тапсырма орындауда қызықты болды?

Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?

Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,біз осы поэмамен танысып,талдау барысында бойымызға  қандай асыл қасиеттерді жинадық?

 

Пендешіліктен арылуға

Иманды болуға

Арлы болуға

Қанағат етуге

Ашкөзділіктен сақтануға

Ойланып іс жасауға

Күлкіге қалмауға

Яғни, бай рухани өнеге,тәлімі мол тәрбие алдық деп есептейміз.

Сабақты бекіту:

«Бүгінгі сабақта» атты тақырыпқа эссе жазамыз.(І топ:Абайға хат, өз пікіріңді білдіріп), ІІ топ: ұрпақтарға Абай өсиеті,ІІІ топ: газетке мақала жазу «Абайдың Ескендір поэмасы туралы»

Үйге тапсырма.

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен  тек солтереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себепті оқудан,білімге құштарлықтан,ізденуден жалықпайық дей отырып, үй  тапсырмасын ұсынамын:

1.Поэмадан  үзінді жаттау  (міндетті). Соңғы 4 жолын жаттау.

2.Мазмұнын тезистеп жазу(міндетті).

Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп,ойтолғау жазу (мүмкіндік деңгей)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
3532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12