Ешкі сүті
Ешкі сүті— аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат тектер, 4,4% май, 3,6% белок, 4,9% лактоза бар. Ешкі сүті химиялық құрамы жағынан сиыр сүтіне жақын. Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі ауыратын адамдарға ешкі сүтін беріп емдеген. Ешкіден күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. Ешкі сүті көбінесе ірімшік, айран және т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады.
Ешкі сүтінің азықтық және биологиялық құндылығына тоқталсақ:
Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.
Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады. Жалпы сүтке сипаттама: Сүт - сүт қоректілердің сүт безінен бөлінген биологиялық сұйықтық, химиялык көзқарастан, әрбір құрама бөлігі басқа бөлшекті заттармен белгілі байланыста орналасқан күрделі коллоидты жүйе. Сүттің құрамындағы бір заттар дисперсті түрінде дөңгелек түйіршіктер түзеді, ал қалған түрлері- молекулярлы және ионды күйінде болады. Сүт судан және құрғақ заттан тұрады. Сүттің химиялық құрамы жануардың тегіне, жасына, жемге және тағы басқа факторларға байланысты болады. Сүтте судың мөлшері 85-87%, қалған 12-13% құрғақ заттан тұрады. Сүт судан және құрғақ қалдықтардан тұрады. Құрғақ қалдықтардың негізгі бөлігін сүт майы, ақуыз, сүт қанты және тұздар құрайды. Бұдан басқа құрғақ қалдыққа фосфатидтер, стериндер және басқа да азотты заттар, дәрумендер, лимон қышқылы пигменттер, гормондар кіреді. Сүтте газдарда болады.
Сүтте ақуыздың мөлшерлері 2,9 дан 4 % дейінгі аралықта болады. Сүттің ақуызы құрылымы, физико-химиялық қасиеті және биологиялық функциялары бойынша әртүрлі болады. Олар жас төлдің жақсы дамуы үшін қажет және адамның тамақтануында үлкен мағынаға ие болады. Сүттің ақуыздарына казеин, альбумин және глобулин жатады. Сүт ақуызының басым бөлігін 80-85 % казеин, ал 10-12 % альбумин және 5-8 % глобулин құрайды. Сүт ақуыздары толыққұнды, себебі олардың құрамында ағзаға қажетті барлық аминқышқылдары бар. Сүт ақуыздарына ферменттерді, кейбір гормондарды (пролактин) және май түйіршіктері қабатының ақуыздарын жатқызады. Сүттің ақуыздары кұрылымы, физика-химиялық қасиеттер және биологиялық функциясы бойынша әртүрлі болады. Олардың құрамында адам организміне кажетті амин қышкылдар кіреді. Сүттен кышқылмен бөлінген, спиртпен өңделген казеин - ақ түсті аморфты, иіссіз, дәмсіз ұнтақ. Сүттің белоктарына ферменттер және кейбір гормондарда жатады, өйткені олардын табиғаты белок. Казеинде карбоксил топтары, амин топтарына қараганда көп. Альбумин - қарапайым белок, молекуласында фосфор жоқ. Сүтті қыздырғанда, ыдыстың қабырғасында ақ түсті іртіктер байқалады.
Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. Ал қазақ халқы ертеден –ақ ешкі сүтінің –ана сүтімен пара –пар екенін дәлелдеп кеткен. Бүгінде ғалымдар ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе, анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады. Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды, - деп отыр мамандар.
|
Дәрумендер |
Сүттегі мөлшері, 100 мл-гі мг |
Дәрумендер |
Сүттегі мөлшері, 100 мл-гі мг |
|
А |
30-40 |
Е |
90 |
|
В1 |
15-40 |
К |
3-4 |
|
В2 |
100-200 |
Холин |
150-200 |
|
В6 |
20-35 |
Биотин |
2,0 |
|
В12 |
0,2-7,5 |
Ниацин |
70-150 |
|
С |
1500-3000 |
Фоли қышқылы |
2-4 |
|
Д3 |
0,2-0,3 |
Пантотен қышқылы |
30-40 |
Сүттегі С дәруменінің мөлшері, оның азықтағы мөлшеріне байланысты емес, себебі аскорбин қышқылы ешкілердің азықтарында бұзылып, сауын ешкілердің ұлпаларында қайтадан түзіледі. Сүт өсу дәрумендер жиі аталатын – В2 дәруменінің негізгі көзі болып табылады.
Ешкі сүтінің мынадай дерттерге де шипасы бар:
Ұйықтай алмайтын жандар үшін ешкі сүті өте пайдалы
Сүйек сынғанда оны қалпына келтіруде ешкі сүтінің пайдасы зор. Егер мұндай жағдай орын алса, ешкі сүтін ішіңіз
Көздің нашар көруіне емдік шипасы бар
Асқазан, ішек-қарын жолдарының аурулары мен астан аллергиясы барлар үшін пайдалы
Сүтке бал қосып ішсе, жүйкені тыныштандырады
Диабет, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттырады
Қаназдақта
Өкпе дертінде
Жөтел қатты мазаласа, ешкі сүті мен қайың шырынын араластырып, күніне 3 рет 1 стақаннан қабылдайды
Спортпен айналысқанда немесе жаттығудан шыққанда ағзаның аздап әлсіреп шаршайтыны бар. Мұндай жағдайдан ешкі сүті арқылы арылып, күш жинауға болады
Ағзадан ауыр металдарды, мұздар мен радионуклидтерді шығарады
Жасөспірімдер газдалған сусындар ішіп, чипси, чипсоны, фри, донер секілді түрлі дайын тағамдарды қазіргі уақытта көп қоладанады. Соның нәтижесінде түрлі асқазан аурулары мен ішек құрттар пайдала болғандарға да осы ешкі сүтін ішкізген өте пайдалы.
Сүттің физикалық қасиеттеріне тығыздылығы, тұтқырлығы, беттік керуі, тоқ өткізгіштігі, қайнау, қату температурасы жатады. Сүттің құрамын, оның қасиетерін білудің сүт өңдейтін технологиялық құралдар дайындау үшін маңызы зор. Қазіргі уақытта өндірілген сүтті тез арада өңдеуден өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу, сүт тағамдарын сату орындарында бұзылудан сақтау үшін жаңа талапқа сай техникалық тізбектер керек.
Қорытынды:
Адам денсаулық жағдайын түзету болғандықтан, денсаулыққа баса назар аудару керек.
Ағарғанның бәрі жақсы. Алайда ешкі сүтінің пайдасы бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Себебі емдік тұрғысынан ешкі сүтінің шипасы зор. Сонымен қатар сүттің құрамындағы темір ірікқараның сүтіне қарағанда әлдеқайда тез сіңеді. Көктем, күз айында иммунитеттің әлсірейтіні белгілі. Ендеше бұл мезгілде ешкі сүті таптырмайтын дәрумен.
Ешкі сүтінің құрамында кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы көптеп кездеседі. Сонымен қатар балалар үшін ең пайдалы емдік сусын болып табылады. Жасанды, аралас қоректендіруге дайын тағамдардан гөрі баланы 6 айдан асқан соң ешкі сүтімен өсіруге әбден болады. Есіңізде болсын, ешкі малы туберкулез, сарып секілді аурулармен ауырмайды.
Бәйге алмаған жүйріктен
Белі берік бесті артық.
Сүт бермеген сиырдан
Шай қатық берген ешкі артық -демекші,
Салауатты өмір сүру үшін, әр қазағымның үйінде әр қағымның үйінде ауызын сүттен айырмайтын ешкі болсын!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ө. К. Есқожаев, М. А. Молдағұлов, К. Н. Қожанов, Н. А. Заманбеков «Жануарлар ішкі аурулары», Алматы, 2010 ж.
2.«Техникалық және кәсіптік білім» ақпараттық-әдістемелік журналы, №3 (22) 2015 ж.
3.«Мал шаруашылығы» Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков
4. «Емші» газеті. 2004ж №5,6
5. Аманкелды, А. М. Адами капиталдың экономикалық өсуге ықпалы / А. М. Аманкелды. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 26 (368). — С. 420-424. — URL: https://moluch.ru/archive/368/82766/ (дата обращения: 02.04.2024).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз