Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс күніне арналған ертеңгілік сценарийі балабақшалар мен шағын орталықтарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»

Зал іші мерекеге байланысты безендірілген. Балалар жеңіл ырғақты музыкамен ортаға келеді.

Мақсаты: Отанымызды қорғаған соғыс ардагерлерін қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер: Шар, жалау, қанатты сөздер, гүлдер. Ардагерлердің суретттері

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ардагерлер және жиналған қауым! Сіздерді 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан тілей отыра, «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 - сінде Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады. Ел басына күн туып, сыналар шақ келгенде әкелеріміз бен ағаларымыз, ата - апаларымыз «Отан үшін» деп небір қанды шайқастарға қатысты. Сол кісілердің арқасында біз бүгінгі күні бейбіт өмір сүріп жатырмыз.

1 бала: Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Гүлдей жайнап» өлеңін қабыл алыңыздар.

Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындады. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрын - соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылып, Рейхстагқа ту тігілді. Бұл Жеңіс күні еді.

2 бала: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән-көрік.

3 бала: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия атты көнілде

Әпкеміз деп жүреді.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Достық» әні.

Жүргізуші:Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн. Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге – 1945 жылдың 9 - мамырына қайта оралтады.

4 бала: Бейбітшілік ұранымыз-

Бейбіт елде тұрамыз біз.

Берекелі еңбек етіп,

Бейбіт заман құрамыз біз.

Жүргізуші: Көктемнің гүлдер шешек атқан тоғызыншы мамыр күні адамдар тас мүсінге айналған бейнелерге гүл шоқтарын қояды. Дегенмен соғыс басталған 1941 жылдың желтоқсанында біздің де аталарымыз бен ағаларымыз бір табан кейін шегінбей, Отанымыздың жүрегіне жауды бір қадам бастырмай қорғады. Олар: Жағыпаров Нәби, Есенжолов Науша, Мустафин Қажытай және Акбасов Букан. Біздің ауылымыздың – мақтаныштары. Сол кісілердің де Жеңіске қосқан үлестері аз емес.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Сол ағаларымыздың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

5 бала: Жауынгер біздің саңылақтар

Жауды жеңген солдаттар

Ардақты Отан ел үшін

Бақытты туған жер үшін.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Бейбітшілік сақталады» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Осымен «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Аспанымызда көк Туымыз мәңгі желбіресін!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12