400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ешкімде іштей батыр болып тумайды, Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. Бауыржан Момышұлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шәріпжанова Қ.Е., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Жалпы білім беретін № 32 мектеп

Қарағанды қ.

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды...


Ешкімде іштей батыр болып тумайды,

Батырлық та мінез секілді өскен орта,

көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.


Бауыржан Момышұлы


Біздің еліміз Қазақстан - ата-бабамыздан мұраға қалған жері кең, қазба байлықтарға бай, орасан зор аумақты қамтиды. Сондықтан да Ұлы дала елі деген атауға әбден лайықты деп ойлаймын. Белгілі ақындарымыз бен сазгерлерімізге өлеңдер мен жырлар жазуға шабыт берген Сарыарқа өлкесінде сонау жаугершілік заманда елін, жерін сыртқы жаулардан қорғаған атақты ержүрек батырларымыз да көп болған. Бұндай абыройлы атаққа жауға қарсы тұрып. тойтарыс бере алатын ерлігімен аты шыққан, әскери өнерді жақсы меңгерген, ержүрек адамдар ғана лайықты. Сонымен қатар, тек қазақ халқында ғана емес басқа елдерде де батырлардың орны ерекше екенін айтпаса да белгілі. Сонау көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін батырларымыздың есімдері мен ерліктері көп айтылып та, жазылып та жүр. Өткен тарихымызға тереңірек үңілсек, сол кездегі болған оқиғаларды түсініп, білу үшін бүгінде жанымызда жүрген, сол тарихтың куәсі болған жандардың естелігі өте маңызды. Тарихтың тірі куәгерлеріне Ұлы Отан соғысы ардагерлері, еңбек ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, қаланың, ауданның Құрметті азаматтары, әр салада еңбек сіңірген адамдар кіреді. Ұлы Отан соғысына Қарағанды облысынан 45 мың адам қатысып, 18 мың адам майданда қаза тапты немесе қайтып оралмады [1:78]. Олардың арасында Қарағанды облысында туып өскен немесе еңбек еткен 18 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың ішінде Н.Əбдіров, М.Мамыраев, Қ.Нұржанов А.Дəулетбеков жəне тағы басқалары бар.

Қай кезде де болмасын, адам баласы үшін соғыстан асқан қайғы-қасірет жоқ. Соғыс дегеніміз қанды қырғын, балалар жетім, әйелдер жесір қалып, аналар боздақтарынан, майдандас жолдасыңнан айырылу. Тарихымыздағы ең сұрапыл соғыс – бұл бүкіл дүниені жайрататын қару-жарақпен жабдықталған және де құрбан болғандардың саны өте көп 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы болды. Кім біледі сол соғыстан оралмаған жауынгердің арасында болашақта ірі ғалым немесе үздік мұғалім, дәрігерлер, іскер инженер, атақты спортшылар шығатын ба еді? Сұм соғыстың кесірінен қаншама боздақтар қыршын кетті. 1942 жылы ұрыстың ең қызған кезеңінде Қарағанды қаласынан ер азаматтармен бірге 50 қыз сұранып өз еріктерімен майданға аттанған. Олар Москваны, Ленинградты, Сталинградты қорғауға, Курск шайқасына қатысып, Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны азат етуге үлес қосты. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері мен батырлықтары үшін 6587 қарағандылық жерлестеріміз Кеңес Одағының орден, медальдармен марапатталған[2:4].

Сұрапыл соғыстың салған жарасы оны басынан өткерген қай адамды да болсын жабырқатпай қоймайды. Жерлестеріміздің есімдері ел есінде қалып, жас ұрпаққа үлгі болу үшін тек тарих беттеріндегі жазбаларда емес, сонымен бірге көше атауларына, білім ордаларына, спорт кешендеріне есімдері берілген. Оларға арнап ескерткіштер орнатылған. Қарағанды қаласының, Бұхар жырау даңғылында, Ұлы Отан соғысының батыры Нұркен Әбдіровке арналған ескерткіш орнатылған. Қазіргі Қарқаралы ауданынының бұрынғы №5 ауылына да оның есімі берілген, сондай-ақ Кеншілер қаласының Спорт сарайы да жерлесіміздің атымен аталады. Ақындар батыр жерлесіміздің ерлігін дәріптеп, әлемге паш еткен қаншама өлең, жырларын жазды. Оның мәйіті Ростов облысының Боков станциясы жанында Конек селосында жерленген.[1:37].

Жерлес батырымыз Нұркен Әбдіров 1919 жылы қазіргі Қарқаралы ауданының Нұркен ауылында дүниеге келген. Туған ауылына өз есімі берілген. Кейінірек Қарағанды қаласына көшіп, онда әуе клубында ұшқыш мамандығын үйренеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда ол ұшқыштар даярлайтын арнайы курсқа оқуға жіберіледі. Нұркен ұрыс барысында жаудың 18 танкісін, 46 жүк мәшинесі мен көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 керуенін, жанармай құйған 3 цистернасын талқандап қана қоймай, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын және де талай жау әскерінің көзін жойған. 1942 жылы 19 желтоқсанда қасындағы серігі атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаров екеуі Ресейдің Боков Пономорев станциясы жанында фашистің алты танкісін, бірнеше атыс ұяларын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жібереді. Одан соң жау оғы тиіп өртенген ұшағын фашист танкілері шоғырланған жерге әдейі бағыттап құлатады. Қан майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылы 31 наурызда Кеңес одағының Батыры атағы берілді. Батырдың ерлігін мақтан тұтқан Қарағанды қаласының кеншілері өз еріктерімен қаржы жинап, Нұркен Әбдіров атындағы ұшақ жасатты. Сол ұшақ соғыстың соңына дейін майданда болды[1:36-37].

Тағы бір жерлесіміз Мартбек Мамыраев 1908 жылы қазіргі Қарқаралы ауданының М.Мамыраев ауылында дүниеге келген. Бұл жерлесіміздің де туған ауылына өз есімі берілген. Жастайынан алғыр, еңбеккер болған Мартбек соғысқа 1941 жылы аттанады. 1942 жылдың мамыр айынан бастап Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, 12- гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында Дмитров қаласын азат ету шайқасында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Ту» орденімен марапатталады. Днепр өзенінен шайқаспен өту кезінде ерлігі үшін гвардия аға сержанты, 32-гвардиялық атқыштар полкінің пулемент расчетінің командирі М.Мамыраевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен 1944 жылғы ақпанның 15 жұлдызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ «Ленин» ордені, І дәрежелі «Отан соғысы» ордені және бірнеше медальдармен марапатталды. 1971 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді[1:36].

Ұлы Отан соғысының ардагері, «Даңқ» орденінің кавалері атағын алған жалғыз қарағандылық Камали Жұматайұлы Дүйсенбеков 1924 жылы Абай ауданы Ақбастау ауылында дүниеге келген. Соғысқа аттанғанда небәрі 17 жаста болған. Сталинград қаласын қорғау үшін болған шайқасқа қатысып, «Сталинградты қорғағаны үшін» «Қызыл Жұлдыз» медалімен мараптталған. Сонымен қатар, «Отан соғысы» ордендерінің, «Ерлігі үшін», «Қырымды азат еткені үшін», «Севастопольді алғаны үшін» медальдарымен марпатталған. Соғыстан кейінгі жылдары «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері мен медальдарының иегері[1:36].

Қан майданнан аман-есен оралғаннан кейін ел басқару ісіне араласып, Жезқазған қаласында, Жаңаарқа, Шет аудандарында жауапты қызметтер атқарады. Мәскеуде өткен жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шеруге арнайы шақыртылған. Камали Дүйсенбеков Қарағанды облысының Шет ауданының Құрметті азаматы.

Соғыс деген сөзді жай ғана алып қарасаңыз жан дүниеңіз түршігіп шыға келеді. Ал енді осы соғысты көзімен көріп, сол қан майданның ішінде болған адамдардың жай-күйін елестету тіптен ауыр. Соғыстың жеңілі жоқ. Соғыстың аты - соғыс. Дегенмен де адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс ол - Ұлы Отан соғысы. Бес жылдың ішінде талай боздақтар қыршынынан қиылды, арман-қиялдары сол ұрыс даласында қалды. Біреулері аман-есен елге оралса, енді біреулері сол жерде қаза тауып, сол жерден топырақ бұйырды. Сүйектері табылмағандары мен хабарсыз кеткендері қаншама? Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының ардагерлері күн санап азайып барады. Жеңіс күнін жақындатуға себепші болған Осы ардагер аталарымыз бен апаларымыздың ерліктерінің арқасында қазір біз бейбіт заманда өмір сүрудеміз. Қанша жылдар мен ғасырлар өтсе де ерен ерліктері болашақ ұрпақтың жадында мәңгі сақталады деп үміттенемін. Енді осы бейбітшілікі сақтап тұру жас ұрпақтың қолында. Бейбітшілігіміз мәңгі болсын!


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Өлкетану. Қарағанды облысы. Жалпы білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған оқулық, Алматыкітап баспасы 2018 ж, 200б.

  2. Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысында. Әдістемелік-библиографиялық маериалдар, Қарағанды облыстық Гоголь атындағы ғылыми- əмбебап кітапханасы, 2005 ж, 22б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі