|
Түйсік |
|||||
|
Анықтама |
Зерттеушілердің ғылыми теориялары |
Физиологиялық орталық жүйке жүйесімен байланысы |
Түрлері |
Қасиеттері |
Дамыту әдістері, техникасы |
|
1.Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне. Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді. Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды дабілеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге – қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды. Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды. |
2В.И.Лениннің айтуынша, «түйсік-объективті
дүниенің субъективтік бейнесі». Түйсік сыртқы дүниені танудың
алғашқы табалдырығы, немесе есігі деуге болады. Өйткені, бұған
соқпай, бұны аттап дүние танылмайды. Осы жөнінде В.И. Ленин өзінің
«Материализм және эмпириокритицизмінде» былай деп жазған еді:
«Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары
туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы даеш нәрсе біле
алмаймыз». Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т.б.) үш бөліктен тұрады. 1) Қабылдағыш прибор (лат. сөз. - рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер. 2)Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары). 3)Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар.(мидағы түрлі нерв орталықтары). Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер – экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады). 2.Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер. 3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары – проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады. Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. Зигмунд Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1, 2, 3 мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі Уильям Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1, 2 және 4 орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды. |
3. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиял[[]]ға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Түйсiк жүйке жүйесiнiң қандай да тiтiркендiргiшке жауапты реакциясы ретiнде туындап, əрқандай психикалық құбылыс секiлдi рефлекторлық сипатқа ие. Түйсiктiң физиологиялық механизмi арнайы жүйке тетiгi талдағыш (анализатор) қызметi. Əр талдағыш үш бөлiктен тұрады:
|
4. Көру түйсіктері – сәулеленуші заттардың жарық толқынынң нәтижесінде пайда болатын жарық толқындары көздің қарашығы арқылы көру рецепторлары болып көз торына әсер етеді. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық (ақ, қара, сұр) және хроматикалық ( қызыл, көк, көгілдір, күлгін, жасыл, сары т.б.) болады Есту түйсіктерін туғызатын тітіркендіргіш дыбыс толқындары, дыбыс беруші денедегі ауа тербелісі. Бұл дене тербеліс рецепторы құлақтың келте органы болып есту анализаторынаәсер етеді. Онда есту нервтерінің сезімтал ұштары болады. Құлақтың шамамен 24000 мембрана болады. Құлаққа жеткен дыбыс түйсік мембранасының бір талшығын қоздырады. Мембранаға әсер етеді де, миға беріледі, нәтижесінде есту түйсігі пайда болады. Дыбыстарды екіге бөлуге болады: музыкалық және шулы. Иіс түйсіктері жағымды иістерге рахаттануға және денсаулыққа зиянды заттардан сақтануға мүмкіндік береді. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Дәм түйсіктері . Бұлардың тітіркендіргіштері біздің ауызымызға түсіп, тілдің, жұтқыншақтың, таңдайдың, көмейдің нерв ұштарына әсер ететін заттардың ұсақ бөлшектері. Дәм түйсіктерінің төрт түрі бар: тәтті, ащы, тұщы, қышқыл. Тәтті дәм тілдің ұшында, ащысы – тілдің түбі, қышқылы – тілдің екі жақ шеті. Тұзды тілдің екі жақ шеті мен ұшы жақсы сезеді. Сипап сезу. Бұлар комплексті түйсік, өйткені онда жанасу және қозғалыс түйсігі ұштасып жатады. Бұлар қозғалып отыратын қолдың немесе денелердің басқа заттарға тиіп кетуінен туады. Қазіргі ғылымның дамуы адамдардағы түйсік түрлері туралы білімін біршама кеңейтті. Қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер . Қозғалыс анализаторының қызметі арқылы адам өз қозғалысын бақылап реттей алады. Қозғалыс түйсігінсіз біз қалыпты түрде қозғалысттарды жасамаған болар едік. Тепе-теңдік түйсігі – кеңістікте біздің денеміздің орналасуы. Біз алғаш екі аяқты велосипедке отырғанда, ролик, коньки, су шаңғысына тұрғанда – мұнда ең қиыны тепе-теңдік ұстау болып табылады. Тепе-теңдікті түйсіну ішкі құлақта орналасқан. Ауырсыну түйсігінің өзінің қорғаныстық маңызы бар. Олар адамға организмдегі қолайсыздықжөнінде хабарлайды. Егер ауырсыну түйсігі болмаса, адам салмақты, жарақатты сезіне алмас еді. Ауырсыну нүктелері (арнайы рецепторлар) терінің беткі қабатында және ішкі органдарда , бұлшық етте орналасқан. Вибрациялық түйсік тербелісті бейнелейді. Мұндай түйсіну мысалы адамның қолының дыбыс шығатын рояльдің қақпағына тигенде түйсіну алады. Бұл түйсік адам үшін үлкен ролі болмайды және өте нашар дамыған. Органикалық түйсік – біздің организмнің жұмысы туралы айтады. Бұған ашығу, тою, шөлдеу денелердегі, ішкі органдардағы өзгерістер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. Бұл түйсік ішкі органдардың біріндегі қалыпты әрекеттің бұзылуынан пайда болады. |
5. Түйсік қасиеттері. 1. Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс. 2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды. 3. Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады. 4. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар. |
Қай бейнені тандайсын? |
|
Қабылдау |
|||||
|
Анықтама |
Зерттеушілердің ғылыми теориялық түсініктері |

Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі. Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Бұл алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй іркенушінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдау миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті құбылыстарды әуендеп не күбірлей қайталау). Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға ұмтылған тікелсй іс-әрекеті деп қарастырған жөн. |
Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы
психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау
практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік
психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет
қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер)
қарастырылды. |
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді. |
Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның |
Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға |
Играйте с шишками, колючими каштанами, ребристыми грецкими орехами и гладкими желудями. Полезно также играть с различными крупами: опускать ручки в коробку и искать спрятанную маленькую игрушку. Можно посоветовать играть с камушками, сухим и мокрым песком, с глиной, зелей, пластилином, тестом из муки и соли.
"Чудесный мешочек" В непрозрачный мешочек кладут предметы разной формы, величины, фактуры (игрушки, геометрические фигуры и тела, пластмассовые буквы и цифры и др.). Ребенку предлагают на ощупь, не заглядывая в мешочек, найти нужный предмет.
|
|
Зейін |

Дамыту әдістері |
|
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. |
3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді. П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты |
Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады. |
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.
|
|
Найди домик На картинке изображены разные животные (7–8) и домики для них. Животных с домиками можно соединить линиями. Малышу необходимо при помощи только зрения определить кому из зверей, какой домик принадлежит. Если в первый раз с выполнением появятся трудности – можно воспользоваться карандашом. С помощью этого упражнения развивается объём внимания. Ладошки Дети садятся в круг посреди класса и кладут руки на колено соседа. Правую руку на левое колено соседа справа, левую руку – на правое колено сидящего слева. Ладошки по команде поднимаются, но не все одновременно, а по очереди, в виде волны. Из игры удаляются ладошки, поднятые с опозданием или слишком рано. С помощью этого упражнения развивается устойчивость внимания. Самый внимательный Дети становятся полукругом в середине класса и выбирают водящего, который запоминает порядок размещения игроков. После команды он поворачивается спиной к детям и называет по порядку кто из игроков за кем стоит. В роли водящего должен побывать каждый из игроков. Назвавшие порядок расположения игроков правильно поощряются. Упражнение помогает тренировке зрительного внимания и памяти.
|
|
Ес -елес |
||||||

Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. |
Ертедегі грекфилософы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі: -әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы; -әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы; -олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады: -аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары); -ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер); -қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа). Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді. |
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. |
Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап — мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. |
Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан өмір мен тілшілікке қажетті матриалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы; 3) есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 4) сол мән – мағыналары түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру; 5) қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларық желісін табу; 6) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды женілдету; 7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу; 8) сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Қайта
жаңғытту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта
жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән – күйлерді
күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған
адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып,
бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
|
1. Игра "Найди куклу" для детей 1,5-4 лет. Ребенок уходит в другую комнату или отворачивается, а взрослый в это время прячет куклу, потом говорит:
Ребенок находит куклу, пляшет с ней. Вместо куклы можно использовать любую игрушку. 2. Игра "Кто больше запомнит?" для 2-6 летних. Детям последовательно, одна за другой, показывают картинки с изображением различных предметов, которые они должны рассмотреть и запомнить, и просят назвать, кто что вспомнит. Выигрывает тот, кто назовет максимальное количество. |
|
|
Ойлау |
|||||
|
Анықтама |
Зерттеуші ғалымдардың теориялық түсініктері |
Физиологиялық жүйке жүйесімен байланысы |
Түрлері |
Қасиеттері |
Дамыту әдістері |
|
Біздің қоршаған дүние туралы білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан басталады. Бірақ таным олармен ғана шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарасын кеңейтеді. Себебі ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкінідік беретін қасиет болады. Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі. Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады. Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады. |
Ойлаудың психологиялық теориялары. Ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Осы зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ екі осы ғылымның ойды зертеудегі әдіс–тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлі жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой, қорытындылары сиқяты ойлау формаларының табиғатын зерттейді. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп–сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылр–О. Кюльпе және К. Бюллер, ал өкілдеріне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т. Вюрцбурлық мектеппен зерттелінген негізгі мәселелер: a) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механимдерін түсіндіру. О.Кюльпе “Ойлау психологиясы” еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде интроспекциялық әдісті қолданды. Зерттеген мәселелері: “эмпирикалық ойлау” деп аталатын және формальдық логика заңдарына сүйенетін “таза ойлаудың” нақты жүзеге асуын көрсететін психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бір қосқан үлесі–“детерминациялық тенденциялар” тұжырымдамасын шығарып, негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл–себептендіру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды тұртіп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзінен-өзі қалыптаспайды. Ол тікелей сыртқы орта әсерінен пайда болады. Вюцбурлық мектептің негізгі идеялары О. Зельцтің еңбектерінде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі ретінде анықтады. О. Зельц міндетті шешу барысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды енгізді: 1. Арнайы реакция, яғни берілген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетін объективті қажетті жауап. 2. Операция–осындай жауапты анықтайтын амал. 3. Әдіс, яғни субъектімен міндетті шешу тәсілі ретінде саналатын және пайдаланылатын операция. Вюрцберг мектебі өзінің өмір сүру уақытында өте мәнді эволюцияны жасады. Ойладың образсыз сипаты (О. Кюльпе, Х. Дж. Уатт, К. Бюлер өздерінің ертеректегі жұмыстарында) жайлы тұжырымнан бастап ол мектептің өкілдері (О. Зельц, кейінгі жұмыстарында айтқандай сол К. Бюлер) содан кейін ойлау процесіндегі көрнекі компоненттеріндегі рөлі жайлы әдейі нақты көрсетіп айтты. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкілдері–Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальт психологтар ойлаудың құрылымын, шығармашылық астарларын қарастырды. Ізделген шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді ойлау деп атаған. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез– құлқының мотивтері ең алғаш психоанализмен қойылып, зерттелді. З. Фрейд бойынша, негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.. Осы уақытқа дейін кеңестік психологияда адам психикасының әлеуметтік –тарихи табиғаты Л.С. Выготский және С.Л. Рубинштейн еңбектерінде жүйелі және жан–жақты зерттелді.
|
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау –ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады. |
Ойлаудың негізгі түрлері. Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: 1. Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Көрнекі–бейнелік ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. 2. Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. |
Ойлаудың негізгі формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз–заттар мен құбдылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар жеке және жалпы болып бөлінеді. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы Түсіну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көріп– білуден басталады. Өйткені қандай да бір нәрсені ұғыну үшін оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет. Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады. Түсіну қысқаша, жалпы, кең, детальды және т.б. болып келуі мүмкін. Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі–ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз–бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір–бірімен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар: 1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы. Дедукция дегеніміз–жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, біз, тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз. Индукция–жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, деген қорытындыны жасаймыз. Аналогия дегеніміз–ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы, мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады. |
1. Найди пару Особенно дети любят играть с карточками таким образом, чтобы разбирать их по парам по заданным признакам или находить одинаковые рисунки. 2. Повторение звуковЧтобы сыграть в "эхо", произносим гласные звуки громко, а ребенок повторяет тихо, например, можно произносить “а”, “ау”. Озвучиваем паровоз - “у-у-у”. Зовем лошадку звуком - “и-и-и”. И так далее в этом духе.
3. Сборка целой картинки из частейКубики и разрезные картинки - из 4 и более частей составляйте единую композицию. 4. Поиск похожего предмета Попросите ребенка найти в поле зрения такой же предмет, который изображен на картинке.
|
|
Сөйлеу |
|||||||||||||||

Физиологиялық жүйке жүйесіне байланысы |
Түрлері |
Қасиеттері |
Дамыту әдістері |
||||||||||
|
Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудіңкоммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б |
Тіл, сойлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл аткарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғын-дай екен» дейді. Ескі қазақ жүртының ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. А.С.Макарснко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшслігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,— дейді. |
Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды». Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып түратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Верникс басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындагы самай бөлігінің арт жағында орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады. |
Сөйлеудің мынандай түрлері бар: жазбаша және ауызша сөйлеу, соңғысы өз кезегінде диалогтық және монологтық деп бөлінеді. Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог, яғни қандай да бір мәселені бірлесіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің әңгімесі болып табылады. Ауызша сөйлеуге репликалар, әңгімелесушінің жекелеген сөздері мен фразаларын қайталау, сұрақтар қою, толықтырулар, сөйлеушіге ғана түсінікті намектарды қолдану, әр түрлі көмекші сөздер мен ??? тән. Бұл сөйлеудің ерекшелігі әңгімелесушілердің өзара түсінісу дәрежелеріне, олардың өзара қатынастарына тәуелді.Әңгімелесу кезінде эмоционалдық қозу деңгейінің үлкен мәні бар. Жабырқау, қуанған, қорыққан, ашуланған, таңданыс үстіндегі адам тыныш күйде болған кезіндегідей сөйлемейді, тек басқа интонацияларды ғана емес, сондай-ақ, басқа сөздерді ?? жиі қолданады. Ауызша сөйлеудің екінші түрі – монолог, мұнда бір адам оны тыңдап отырған екінші адамға немесе көп адамдарға қарап сөйлейді: бұл мұғалімнің әңгімесі, оқушының жауабы,баяндама және т.с.с. монологтық сөйлеудің үлкен композициялық күрделілігі бар, ойдың аяқталуын, грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, монолог айтушының айтқысы келгендерінің қатаң логика мен жүйелілікпенбаяндалуын талап етеді. Монологтық сөйлеудің диалогтық сөйлеумен салыстырғанда үлкен қиындығы бар, оның развергнутое формасы онтогенезде кешірек дамиды. Еркін, қиындықсыз әңгімелесе алатын, бірақ монологтық сипаты бар ауызша хабарлама жасауда (баяндама, т.с.с.) алдын-ала жазып дайындалған мәтінге жүгінетін адамдардың кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл көбінесе мектеп оқытушыларының оқушылардың бойында монологтық сөйлеуді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізуге жеткілікті көңіл қоймағандықтарының салдары. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда адамзат тарихында көп кейін пайда болды. Ол кеңістік пен уақытқа қатысты алшақ ораласқан адамдар арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктердің нәтижесі ретінде пайда болды және пиктографиядан дамып шықты (ол кезде қазіргі жазу пайда болғанға дейін ойлар шартты схемалық суреттер арқылы берілді, мыңдаған сөздер бірнеше ондаған әріптердің көмегімен жазылды). Жазу арқылы адамдардың жинаған тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа қолайлы түрде жеткізу мүмкін болды, өйткені оларды ауызша сөйлеудің көмегімен беру кезінде ол бұрмалануы, өзгеруі, тіпті ізсіз жоғалып кетуі мүмкін. Жазбаша сөйлеу ғылымда пайдаланылатын күрделі таңдауларды дамытуда, көркем бейнелерді беруде маңызды рөл атқарады. Жазу мен оқу мектепте баланың ақыл-ой горизонтын кеңейтеді және білімдерді меңгеру мен хабарлаудың маңызды құралы болып табылады. Жазбаша сөйлеуді пайдалану барынша дұрыс тұжырымдамалар жасау, логика мен грамматика ережелерін қатаң сақтау, ой мазмұнының терең болу қажеттілігін туғызады. |
Сөйлеу қарым-қатынас эффектісі жоғарылату үшін арнайы коммуникативтік техникаларды қолдану қажет. Вербалды коммуникативтік техника – бұл ақпаратты монолог және диалог әрекетімен жеткізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, түсінікті және белсенді тыңдаудың қабілеті. Вербалды коммуникативтік техниканы дұрыс қолдану үшін серіктесінің актуалдық модальностін көрсететін тәсілдерді білуі керек. Модальность және техника жұмысының негізін түсіну үшін келесі жағдайды анықтау қажет. Адамның ой-санасы белгілі бір ортада қызмет ететіні белгілі. Адамның әс-әрекеті мен оның бұрынғы тәжірибесі, сондай-ақ ойдан құрастырған қиялдар мен есте сақталған бейнелер билейді. Сыртқы өмір және ой-санамен үш модальность арқылы әрекеттеседі – негізгі бейнелер жүйесі, түйсіктер және елестер: визуалдық (көру), аудиалдық (есту), кинестетикалық (сезу), Негізінде, адамның ақпаратты қайта құрастыру барысында модальностарының біреуі басты болып келеді. Мұндай модальность адамның басты репрезентивті жүйесі деп аталады. Осыған байланысты модальностер 3 группаға бөлінеді: - визуалдық (ақпаратты бейне ретінде қабылдау және қайта қарастыру) - аудиалдық (ақпаратты дыбыс және сөз ретінде қабылдау және қайта қарастыру) - кинестетикалық (ақпаратты түйсіну арқылы қабылдау және қайта қарастыру) Қарым-қатынаста ақпарат нақты түрде беріледі, егер де ақпарат серіктесінің модальностіне жақын, ұқсас термині қолданылса. Осыған байланысты коммуникация қарым – қатынасты ақпаратты дербес беру және қабылдауы мәлімет ретінде көрсетіледі, вербалды және вербалды емес жүйесінің визуалдық, аудиалдық, кинестетикалық, аудио-визуалдық, визуалды-кинестетикалық каналдар көмегімен беріледі. Коммуникациялық құралдар мен каналдардың икемді етіп пайдалануы қарым-қатынас әрекеттесуінің мақсатына әкеледі. Вербальді коммуникация. Сөйлеу – бұл вербальді коммуникация, яғни тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Вербальді коммуникацияның құралы болып қоғамдық тәжірибеде белгілі бір мағынаны құрайтын сөздер табылады. Сөздер дауытап, іштей айтылуы, жазылуы мүмкін немесе естімейтін адамдарда олардың орнын мағына беретін ерекше ым-ишаралар, жесттар басуы мүмкін (дактиология деп аталады, онда әрбір әріп саусақ қозғалыстарымен белгіленеді және жесттік сөйлеу, мұнда жест тұтас бір сөздің немесе сөздер тобының орнын басады).
|
Комплекс развивающих упражнений по развитию словаря у детей дошкольного возраста состоит из нескольких разделов Развитие пассивного и активного словаря • Настольные игры. «Лото», «Домино», «Парные картинки», «Кубики». Цель: расширение предметного словаря, развитие логического мышления. •Игра «Чудесный мешочек»
Цель: расширение предметного словаря, в процессе расширения словаря обратить внимание на правильность грамматического оформления слов. «Это мяч. Он синий с белой полоской, резиновый, круглый. Им можно играть с другом или бросать об пол». •Игра «Что не так? » Цель: расширять предметный словарь, обращая особое внимание на слова, обозначающие обобщенные понятия, развивать слуховое внимание. Детям давалась инструкция: «Внимательно слушайте, правильно ли я называю домашних животных: корова, лошадь, белка, собака, курица, ворона, заяц? » Дошкольники исправляли ошибки. Эта игра адаптировалась под все изучаемые темы. •Игра «Бюро находок» или «Найди по описанию». Цель: пополнять пассивный словарь детей словами-признаками, научить подмечать ведущие признаки предметов. Детям сообщалось, например: «Вы потеряли предмет красного цвета круглой формы, сделанного из резины». Дошкольники узнавали предмет по описанию, запоминая не только название предмета, но и его признаки.
|
||||||||||
|
Қиял |

Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. |
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты
суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал
аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін
саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы
арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі
сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы
туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас
образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял
қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын
зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып
отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де
оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай
жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні
байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы
көрсеткен. Бір кезде
талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды
армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю.
Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының
ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы
болып табылады. |
Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. |
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология)
Ырықсыз
қиял - деп,
адам алдына ешқандай мақсат
қоймай, өздігінен, пайда болып
алдында біраз уақыт билейтін ой
көрінісін айтамыз.
Қайта
жасаушылық арқылы адам шындыққа сай, дүрыс образдар беріп
отырады.
Творчествалық қиял -
деп, өмірдің қай саласында болмасын жаңалық алуды айтады.
Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың творчествалық
қиялға жатады. Творчествалық қиялға ғалым саласында неше түрлі
жаңалықтардың ашылуы жат. Ғылым мен техника саласында көптеген
жаңа нәрселер әр түрлі заттардың бөлшектерін қүрастыру арқылы
пайда болған. Арман - деп, болашаққа келешекке бағытталған
қиялды айтамыз. |
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.
|
2. «Слепи
что-нибудь необычное». Педагог
предлагает детям слепить необычную машину, на которой можно уехать
в волшебную страну; необычное дерево, на
котором растут
необычные фрукты
и т. д. 3. "Перевирание" сказки
- Жила-была девочка, которую звали Желтая
Шапочка...
|
||||||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ес,Қабылдау,Зейін,Түйсік,Ойлау,Сөйлеу,Қиял

шағым қалдыра аласыз

Интересны
ребенку игры с фольгой. Ее можно сначала смять, сделав из нее
шарик, потом снова
рагладить.