400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шардара қамын Ақорда жақтан ойлап көр!

Бетеге кетіп, бел қалар,

Беткер кетіп, ел қалар.

Қызылқұмның қойнауында , Жаушықұмның аймағында, Мүлкі Ата баурайында, теңізге телегей жатқан әсем қала- Шардара. Сол қаланың қамын жеп, шарқ ұрып, жан айқайын басшылыққа жеткізіп жүрген бірегей, қайталанбас тұлға- Жұмабек Мұқанов. Ол- Шардара тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген,жаратылысынан қайсар мінезді, адал ер-азамат еді.

Ендігі кезекте, Шардара үшін шыбын жанын шырылдатып жүрген жандар бар ма екен?!

Шағыл құм, ащы су.... Шардараға тән бірден бір өзекті мәселе. Жалпы алып қарасақ, еліміздің алпыс пайызы ауылдық, аудандық жерлер. Қалған қырық пайызы- қала. Ал, халықтың шоғырлануы жағынан қаланың пайыздық үлесі ауылға қарағанда біршама басым. Жастардың көпшілігі қалаларда қалып, ауыл тұрғындары азайып, қарттықтың орта жасы ұлғаюда. Бұл жерден нені байқаймыз? Қалаға жас мамандар бару арқылы урбанизация процесі жақсы жүруде. Бұл жақсы, әрине. Дегенмен, ауыл жағдайында ұмытпау керек екендігін жастар есінен шығармаса екен. Ауылға да жас, білікті мамандар керек. Қазіргі таңда ауыл тынысының жағдайы керемет деуге келмейді.Өзіміздің Шардара ауданын алып қарасақ, қаламыздағы ауыз су мәселесі біраз әуре-сарсаңға салуда. Тіпті, кей көшелерде су құбырлары тартылмаған да. Бұл ауыз су мәселесі-шырылдаған халықтың жалғыз ғана өтініштері емес. Сонымен қатар, шұрық тесік «жолдар жыры» да халықты әбден қажытты. Десекте, басшылық бұл мәселелердің алдағы уақытта өз шешімін табатындығына уәде беруде. Үмітсіз шайтан. Әрине, сенеміз. Осы бүгінге дейін Шардараны қаншама әкімдер басқарды. Олардың ішінде халық разы болған, әрдайым аузынан тастамай айтып жүретін басшылар да болды. Олар:Қауысбек Тұрысбеков, Салықбаев Зәуірбек және Серік Ибадуллаев.

«Шардараның күнге күйген кекілінен сыйпай алар.

Азамат іздеп тарықтым»- дейді Жұмабек Мұқанов.

Ал, ендігі кезекте біз, яғни жастар өз қаламыз үшін не істей аламыз? «Көп түкірсе көл» дегендей барлығымыз бірігіп, тізе қоссақ, бәрі де болады. Бір әттеген-ай дерім бар.Қолымда билік жоқ. Бірақ, бар мәселе қолда биліктің бар не жоғына келіп тірелмейді, әрине. Біз Шардараның гүлденуіне қашанда өз үлесімізді қосамыз.Мәселен, біз еріктілер тобын ашу арқылы, қала халқына көмектесіп, көптеген игі істермен айналыса аламыз. Былай қарап тұрсақ, Шардара нағыз туризм аймағы. Бізге еліміздің түпкір-түпкірінен келіп демалатындар бар.

Шағала.... Толқын.... Қай қайсымызды болмасын елітіп, баурап алары сөзсіз. Дегенмен, бұл біздің қаламыз үшін әлі де аз, өте аз. Шардараға әлі де әсемдік қажет. Сондықтан, билік басындағы аға-әпкелерге, өтініш:

Шардара қаласын дамыту үшін сіз болып, біз болып, атсалысайық!

Халық қамын ойлайтын ел ағалары көп болғай.

«Шалқасынан шаршап жатыр Шардарам,

Мен қалайша жай табам!»- деп Жұмабек ағамыз талай арпалысты. Енді ол кісінің орнын басатын, біз бармыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, қазақтың ақиық ақыны М Мақатаев былай дейді:

«Айтарын айтып өткен абайламай,

Қайран біздің Махамбет, Абайлар-ай!»

Тіліме шоқ түскенше, туған жерімнің, елімнің мұңын жырлаудан шаршамаспын, әманда. Өз елімізге адал қызмет етіп, гүлдеп, өркендеуіне өз үлесімізді қосайық, жолдастар!















Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.

«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде,ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Атам қазақ «Елдің даңқын ері шығарады,ердің даңқын елі шығарады» деп бекер айтпаған.Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
919
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі